"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАРДЫҢ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

17.02.2022
ДЕПУТАТТАРДЫҢ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихаты депутаттары қалалық және ауылдық округтерді аралап,  халықпен жүздесуде.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен жиын өткізді.

Кездесуде Семей қаласы мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды.

— Әрбір депутат өзінің сайлау округі бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары жайлы, қажетті инфрақұрылым туралы барлық ақпаратты білуі тиіс. Тұрғындарға барлық жоспарланған жобаларды: сумен жабдықтау, жол құрылысы бойынша барлық цифрларды егжей-тегжейлі түсіндіру қажет», — деді Бақытжан Байахметов.

Қала әкімдігі депутаттар үшін арнайы таратпа материалдар әзірледі. Онда ағымдағы жылға қатысты әрбір елді мекеннің дамуы туралы толық ақпарат бар. Соңғы уақытта балалар және спорт алаңдарын салуға ерекше сұраныс байқалып отыр. Тұрғындар қала әкіміне ауылдарға кірме жолдар салу мәселелері бойынша да жиі хабарласады. Бұған қатысты жобалардың көпшілігі қала бюджетінде ескерілген. Барлық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қала басшысы әрбір жобаға қаражат салынғанын және жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасын одан әрі бақылау үшін тұрғындарды жан-жақты хабардар ету қажеттігін атап өтті.

— Кім қандай партияда болмасын, барлығымыз сайлаушылармен кездесулерді барынша тиімді өткізуіміз керек. Халыққа жүргізіліп жатқан жұмыстың мәнін түсіндіру маңызды. Мен сіздерге орындалған жұмыстың сапасын бақылайтын бірлескен жұмыс органын құруды ұсынамын. Оған қоғамдық белсенділерді де, жергілікті атқарушы билік өкілдерін де, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттарын да міндетті түрде қосу қажет», — деді Бақытжан Байахметов.

Сондай-ақ депутаттарға тұрғындардың мәселелерін мұқият қарап, сайлаушылармен жиі кездесулер өткізу ұсынылды.

Осы кездесулердің нәтижелері бойынша, бюджетті нақтылау кезінде қала мен округтердің ағымдағы және кейінгі жылдарға арналған даму жоспарына толықтырулар енгізілетін болады.

Жиында сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуін анықтау мақсатында құрылған мониторингтік топ құрамындағы депутаттардың жұмысы талқыланды.

Депутаттар бағаның барлық тізбегін бақылау үшін көтерме жеткізілімдерге де мониторинг жүргізуді ұсынды. Қала әкімі бұл ұсынысты қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша, қала әкімінің тапсырмасымен депутаттардың сайлаушылармен кездесуінің толық кестесі баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Бұл аудан тұрғындарын депутаттармен кездесулердің қайда және қашан өткізілетіні туралы барынша ақпараттандыруға көмектеседі. Кездесулерге депутаттардан басқа, міндетті түрде қалалық әкімдіктің және ауылдық округтердің жауапты қызметкерлері қатысады. Олар сайлаушылардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Диалог алаңы

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС