"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘР ӨТІНІШ МҰҚИЯТ ТЫҢДАЛДЫ

21.02.2022
ӨТІНІШ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда өтініш-тілектерін айтып келген тұрғындарға мәселелері бойынша кеңестер беріліп, шешу жолдары түсіндірілді.

Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың бірі — Рауия Тайбаева жер қатынастары бөлімі, оның Сәтпаев көшесі, 262 — мекенжайында орналасқан сауда павильонын бұзу туралы нұсқаулық бергенін айтып, мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Өткен жылдың қазан айында Рауия Тайбаева жер қатынастары бөліміне қосымша жер телімін беру туралы өтінішпен жүгінген. Бірақ сұралған жер телімі аялдамаларға арналған жалпы пайдаланудағы жерде орналасқандықтан, азаматшаның өтініші қанағаттандырылмаған.

Рауия Тайбаеваның сауда дүңгіршегі қажетті құжаттарсыз, заңсыз орналасқан. Жер кодексінің 43 — бабына сәйкес, жер телімінің шекарасы белгіленіп, қажетті құжаттар берілгенге дейін оны пайдалануға рұқсат берілмейді. Сондықтан да жер телімін өз бетінше иемдену фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жер инспекциясына ақпарат жіберілген.

Қала әкімі тиісті мамандарға тағы бір рет сол жерге барып, мән-жайға қанығып, уақытша пайдалану үшін жалдауды ұзарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Шаһар басшысынан көмек сұрап келген Қарлығаш Отарғалиева есімді қала тұрғынының да мәселесі жер теліміне қатысты екен. Ол 2017 жылдан бастап Нұршайықов көшесі, 51 — мекенжайында жер телімін алуға үміткер болған. Бірақ бұл учаскені сатып алу — сату шарты негізінде Хамзин Ерлан Мұратбекұлы есімді азамат сатып алған. Жер учаскесіне акт алынғанымен, қала әкімдігінің қаулысы шықпаған, өйткені жер телімінің ауданы өзгеріссіз қалады.

Қабылдау барысында Карлығаш Отарғалиеваға Жер кодексінің 67 — бабына сәйкес, жер құқықтық қатынастардан туындайтын жер даулары сот тәртібімен қаралатыны түсіндірілді.

Келесі қала тұрғыны Ербол Жарқымбаев Қаржаубайұлы көшесіндегі 1, 2, 3 — үйлер және Юбилейная көшесінің электрмен жабдықтау желісін жөндеу туралы өтінішпен келіпті. Оның айтуынша, аталған көшелерде тұрғындар өздері салған 30-ға жуық жеке меншік үй бар. Үй иелері электр сымдарын қолданыстағы трансформаторларға құжаттамасыз, өз еріктерімен тартып алған. Бұл авариялық жағдайлардың туындауына себеп болатыны белгілі.

Ербол Жарқымбаевқа мәселені шешу жолы түсіндірілді. ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша, электрмен жабдықтау желілері бөлім теңгерімінде жоқ. Осыған байланысты, электр желілерін Семей қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің теңгеріміне беру туралы уәкілетті органның атына ұжымдық өтініш жазу қажет. Ол үшін барлық құқықты белгілейтін құжаттар керек. Желілерді тіркегеннен кейін және бөлім балансына бергеннен соң, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау қажет.

Қала әкімі барлық құжаттарды рәсімдегенге дейін ТҮКШ бөліміне 5 күнге дейінгі мерзімде ШҚ АЭК-мен бірге аталған желілерге түгендеу жүргізуді, есепке қоюды және уақытша электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін желілерді тартып, ретке келтіруді тапсырды. Содан кейін осы мәселені кешенді шешу үшін ұсыныстар дайындау қажет.

Бұл күні қабылдауға келген 1-ші топтағы мүгедек Мұхамедберік Түрекенов тұрғын үй алу жағдайын түсіндіруді сұрады. Ол 2018 жылдың 27 ақпанынан бастап 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұр, кезек нөмірі — 2321.

Тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрғын үй алаңын алу жолдарын түсіндіру үшін өтініш берушіні жеке қабылдау тапсырылды. Қабылдауда үш жыл бұрын оның бұрынғы әйелі мен қызы Қарағайлы шағын ауданынан пәтер алғаны белгілі болды. Отбасы ажырасып кеткендіктен, өтініш беруші тұрғын үй алу үшін бөлек кезекке тұрды. Оған толық түсініктеме берілді.

Қабылдауда Марианна Иноземцева есімді азаматшаның мәселесі де қаралды. Ол Қаржаубайұлы көшесіндегі отбасылық жатақханадағы бөлмеге меншік құқығы мәселесі бойынша жүгінді. Бұған дейін ол прокуратураға жүгінген. Бұл бөлме жеке меншік құқығымен басқа адамға тиесілі екені белгілі болды. Бұл туралы тұрғын үй инспекциясының прокуратураға жазған хатында көрсетілген. Жеке қабылдауда өтініш берушіге барлық сұрақтар бойынша тағы бір рет толық жазбаша жауап беру туралы тапсырма берілді.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Қоғамдық қабылдау

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

16 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

16 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

16 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

17 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС