"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Nur Otan: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШ-ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ

28.02.2022
Nur Otan
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Nur Otan партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Семей қаласының тұрғындары Алла Домаева мен Людмила Рогалева Құтжанов көшесіндегі «TOҚТА» белгісін алып тастап, сол көшеден Гагарин көшесіне қарай автокөліктерге және № 34 маршруттық автобусқа жүруге рұқсат беруді сұрады.

Nur Otan

Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтарға ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, бұл мәселе оң шешімін табатыны айтылды. Құтжанов көшесі бойындағы учаскені кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржыландыру осы жылы көзделген.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сондай-ақ осы жылы жолаушыларды тасымалдау ережелері аясында, осы көше бойынша автобустардың бір жақты қозғалысын ашу мәселесін қарау тапсырылды. Ал келесі жылы маршруттық автобустардың екі жақты қозғалысының ашылуын қарастыру қажет.

Nur Otan партиясы Семей қалалық филиалының төрағасына қаржылай көмек көрсетуді сұрап бес баланың анасы Сәуле Вахитова жүгінді. Ол Шығыс кентінің Б кварталындағы үйдегі ылғалдылыққа шағымданды. Оның айтуынша, үйге жөндеу жүргізу қажет. Жұмыспен қамту бөлімінің ақпараты бойынша, Сәуле Вахитова 2019 жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. 2022 жылдың ағымдағы тоқсанында отбасыға АӘК аясында 127 290 теңге (айына 42 430 теңге) мөлшерінде көмек тағайындалған. Қабылдау барысында оған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнама аясында түсініктемелер берілді. Қала әкімі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына өтініш берушіні жеке қабылдауды, оның тұратын жеріне барып, мәселені жан-жақты зерттеуді тапсырды. Үйде апаттық жағдай туындаған жағдайда комиссия құрып, заңнама аясында қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Қабылдауға келген ерлі-зайыпты Қанат пен Айнұр Әлібековтер бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың өз баспаналары жоқ. Отағасы «Теплокоммунэнерго» мекемесінде абоненттермен жұмыс жөніндегі менеджер болып жұмыс істейді. Бұл отбасыға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың қаңтар айында 80 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Отбасы 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап, «көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұр, кезек нөмірі 606. Жоғарыда атап өткен заңнаманың 74 — бабына сәйкес, бұл жанұяға тұрғын үй кезек бойынша беріледі.

Қабылдау барысында Әлібековтер отбасына 2 — тоқсанда АӘК-ке құжаттарын тапсыру ұсынылды. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөліміне өтініш берушілердің төлем қабілеті болған жағдайда «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын беру мәселесін қарау тапсырылды.

Бақытжан Байахметов тұрғындарды қабылдау барысында әрбір жүгінген адамға олардың өтініштері бойынша толық түсініктемелер беріп, мәселелерді шешу жолдарын айтты. Қабылдауда болған азаматтардың мәселелері жеке бақылауға алынды.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы ай сайын жүргізіледі. Бұл келіп түскен шағымдарды талдау және оларды жедел шешуде қала тұрғындарымен тиімді жұмыс істеу тәсілдерінің бірі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

15 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

15 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС