"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОБРОВКАДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР ЖАҢАРАДЫ

01.03.2022
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР
70
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Бобровка кенті тұрғындарының бастамашыл тобымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Бобровка кентінде бүгінгі күні 3 мыңнан астам адам тұрады. Алғашында саяжай кооперативі ретінде кұрылған бұл елді мекен кейіннен 400 түттіні бар ірі кентке айналды. Қала шетінде  орналасқан кент жылдам өсіп келе жатқандықтан,  тұрғындарының әлеуметтік сұраныстары да жылдан-жылға артып келеді.

Кездесуде тұрғындар қала әкіміне балабақшаның жоқтығы қиындық тудырып отырғанын жеткізді.

— Балаларымыз алыстағы балабақшаларға барады, немесе күні бойы үйде болады. Ата-аналар жұмыс істеудің орнына барлық уақытын балаларымен өткізуге мәжбүр, — деді тұрғындардың Әлия Қанафина.

Бақытжан Байахметов аталған мәселе жайлы білетінін, қазіргі күні оны шешу үшін шаралар қабылданып жатқанын  айтты. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында, Бобровкада  320 орындық балабақша құрылысы жоспарланған. Құрылыс салушыға Строительная, 57 көшесі бойынан 1,2 га жер учаскесі бөлінді, өткен жылдың күзінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарт жасалды.

— Жақында аталған жұмыс аяқталады. Наурыз айының басында жоба сараптамаға жіберіледі. Сараптама нәтижелері мамыр айында дайын болады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары биылғы жылға жоспарланған, — деді Бақытжан Байахметов.

Кент тұрғындары сондай-ақ балалар және спорт алаңының жоқтығын айтып шағымданды. Жергілікті №44 мектептің аумағында жабық шағын футбол алаңы бар. Бірақ, тұрғындардың айтуынша, мектеп басшылығы аталған  алаңды жауып тастап, балаларды ішке кіргізбейді.

Қала әкімі тұрғындармен бірге мектеп аумағына барды. Мектеп директорының міндетін атқарушыға балалар үшін спорт алаңын ашу тапсырылды. Осы жерде балалар үшін ғана емес, барлық кент тұрғындары үшін де балалар ойын алаңы мен спорт бұрышын салу мәселесі оң шешімін тапты.

— Балалар мен спорт алаңын мектеп аумағында орналастыруға болады. Бір жақсысы бұл жер үлкен. Мектеп қоршауының артында да бос орын бар. Әкімдіктің тиісті бөлімдеріне осы мәселені пысықтауды тапсырамын. Биыл балалар мен спорт алаңдары салынады, — деді Семей қаласының әкімі.

Тұрғындар кент жолдарын, әсіресе мектепке апаратын жолдарды ретке келтіруді сұрады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мектепке апаратын көшені тегістеу тапсырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Центральная көшесін Созидательная  көшесінен бастап, соңғы аялдамаға дейін орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ұзындығы — 1,3 шақырым.  Сондай-ақ, Щорс, Созидательная көшелері мен «Бобровка» саяжай алабының ішіндегі автобус жүретін жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Тұрғындар ауыз судың сапасына шағымданды. Кенттің айналасында құмды карьерлер бар, бұл жалпы экологияға қолайсыз әсер етеді. Жазда жер асты сулары тереңге кетіп, тұрғындар сусыз қалады.

Бобровка кентінің тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында «ШҚО Семей қаласының Бобровка кентінде су құбыры желісінің құрылысы» ЖСҚ әзірленді.  Сараптама қорытындысы алынды. Құрылыстың жалпы сметалық құны 303,400 млн. теңгені құрайды. ТКШ бөлімі құрылысқа ақшалай қаражат бөлу үшін облыстың энергетика және ТКШ басқармасына бюджеттік өтінім берді.

Кенттің тағы бір өткір мәселелерінің бірі  — қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару. Қоқыс шығаратын компаниялардың ешқайсысы осы кентке қызмет көрсетпейді. Бейберекет қоқыс үйінділері пайда болды. Осы жерде «Семей Тазалық»  компаниясының өкілі ҚТҚ шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тұрғындар қоқыс шығаруға жеке шарттар жасасуы қажет. Жергілікті учаскелік инспекторға қоқыс шығаратын компания өкілдерімен бірлесіп тұрғындармен шарт жасасу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Көшені жарықтандыруға келетін болсақ, өткен жылы кенттің басты жолы — Созидательная көшесінде шамдар мен кабелдер ауыстырылған болатын.

Келесі жылы Семей қаласындағы көше жарығын жаңғырту аясында, Лесная, Тополиная көшелеріне, 1-ші тұйық көшеге, 3-ші тұйық көшеге, сондай-ақ Тополиная көшесінің кіре берісіне, орталық көшелер мен 6-шы тұйық көшеге жарық орнату жоспарланып отыр.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Семей

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС