"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН  РЕТТЕУ – ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ

01.03.2022
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН  РЕТТЕУ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Треугольник» ауданына да барып қайтты.  Бұл аудан екі теміржолдың арасында орналасқан жүзден аса үйлерді қамтиды. Мұнда үш мыңға жуық тұрғын тұрады.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы рет қаланың бірінші басшысы мұнда 10 жыл бұрын болған. Оның өзінде тек су тасқыны мәселесі бойынша ғана жолыққан.

Мұндағы өткір мәселелердің бірі – ауданның шыға берісіндегі Бозтаев көшесі бойында бағдаршамның болмауы. Бұл кең даңғылдың арғы-бергі бетіне күн сайын жүздеген адам өтеді, оның ішінде балалар да бар. Көліктер жаяу жүргіншілер жолдарында тоқтамай, адамдарды қағып кеткен оқиғалар да тіркелген. Тұрғындар бағдаршам мен жылдамдықты шектеу белгісін орнатуды сұрады.

Жол белгілері мен бағдаршамдарды орнатуға байланысты барлық мәселелер жол полициясы қызметінің құзыретінде болғандықтан, қала әкімі бұл мәселені ішкі істер бөлімімен бірлесіп шешуге уәде берді. Сонымен қатар, қала басшысы аталған учаскеде жаяу жүргіншілер көпірін салу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Жергілікті тұрғындар үшін темір жол арқылы өту де тағы бір өзекті мәселе болып отыр. Мұндағы кеңес заманында орнатылған бағдаршамның қызыл жарығы, пойыздар аталған аймақтан алыста болса да, жиі жанып тұрады. Нәтижесінде, көліктер бірнеше сағат бойы кептелісте тұрады. Адамдар уақыттарын жоғалтып, жұмысқа кешігіп келеді, сондай-ақ жедел жәрдем көліктері де кешігіп жетеді. Тұрғындардың өткелде «Тоқта» белгісін орнату туралы өтініштері қанағаттандырылатын болды.

Тұрғындар сол сияқты көше жолдарын жөндеп беруді сұрады. Мұнда бүгінгі күнге дейін ешқандай жол жұмыстары жүргізілмеген.

— Қала басшысы Семей қаласының көше жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары аясында, алдағы екі айда Стаханов көшесі (ұзындығы 960 метр), Почтовая көшесі (ұзындығы 400 метр) және Островский көшесі (ұзындығы 360 метр) жарықтандырылатынын жеткізді.

Қала әкімі сонымен қатар, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөліміне Почтовая, Кәрменов, Победа, Акмола, Стаханов, Титов және Островский сияқты көшелерге құм-қиыршық тас қоспасын себе отырып грейдерлеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Треугольник» ауданында балалар және спорт алаңдары жоқ. Қала әкімі тұрғындармен бірге алаңдарды орнатуға ыңғайлы орындарды аралап көрді. Бірақ мұндағы жалғыз бос орын темір жолдардың жанында орналасқан екен, бұл балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Тұрғындармен ақылдаса келе жасанды жабыны бар қоршауы биік шағын футбол алаңын орнату туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, сумен жабдықтау және еріген қар суына қатысты мәселелер де бар. Тұрғындардың айтуынша, жер астында көптеген сымдар мен кабельдер бар, олар жұмыс кезінде бұзылуы мүмкін.

Бақытжан Байахметов тиісті бөлімге жақын арада су құбыры мен кәріз жолдарының схемаларын қарастыруды тапсырды. Барлық жер жұмыстары оларды егжей-тегжейлі зерттеп, әрі қарайғы іс-қимылдардың жоспарын жасағаннан кейін жүзеге асырылатын болады.

А.АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН  РЕТТЕУ

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

17 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

17 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

17 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС