"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПРИСТАНЬ ДА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

10.03.2022
ПРИСТАНЬ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей

 Семей қаласы әкімі Бақытжан Байахметовтің шаһар шетіндегі аудандар тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Өткен аптада қала басшысы Пристань ауданына барып, жергілікті халықпен өзекті мәселелерді талқылады.

Пристань Ертіс өзенінің бойында орналаскан жеке аумақ. Мұнда Новая Лодочная, 2-ші Лодочная, Краевая сынды бірнеше үлкен көше бар. Осы көшелердің жарықтандырылмауы — аудандағы өзекті болып тұрған мәселелердің бірі. Енді бұл мәселе шешімін табатын болды. 2022-2023 жылдарға арналған көше жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы аясында осы және басқа да көшелерді жарықтандыру жоспарланған.

Жолдарға келетін болсақ, ауданда 841 метрге созылатын жағалауды нығайту жұмыстары аяқталып келеді. Бұл жұмыстар ауыр жүк көліктері мен тракторлардың күшімен атқарылғандықтан аудандағы жекелеген жолдар қазіргі күні қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Тұрғындар ауданның жолын жөндеу туралы өтініштерін білдірді. Айта кету керек, өткен жылы Подгорная көшесі, Матросский тұйық көшесі, Речников, Дачная көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ендігі кезекте тұрғындардың тілектері бойынша, Краевая, Портовая, Новая Лодочная көшелері жөнделмек. Қала басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, жағалауды бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін, аталған көше жолдарын құм-қиыршық тас қоспасын сеуіп, тегістеп шығуды тапсырды. Сондай-ақ өзен жағалауы нығайтылған аумақта бақылау камерасын орнату үшін техникалық мүмкіндіктер зерттелетін болды.

Пристань тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына шағымданды. Бұл ауданда

№ 8 бағыттағы қоғамдық көлік қызмет етеді, 7 автобус жүреді. Семей қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығымен бірлесіп, № 8 бағыттағы автобустардың қозғалысына мониторинг жүргізу тапсырылды. Бақытжан Кәкенқажыұлы қажет болған жағдайда автобустар санын көбейтіп, олардың қозғалысын жиілетуді тапсырды.

Аудан халқы балабақшаның да жетіспейтінін айтты. Мұнда 575 орындық үш мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, бірақ шамамен 70-80 бала орынсыз қалады. Осы мәселеге орай, білім бөліміне жағдайды тағы бір рет талдай отырып, аумақтағы мектеп жасына дейінгі балалардың санын анықтау тапсырылды. Сонымен қатар Пристань ауданында балабақша салу қажеттілігін нақтылау керек.

Бүгінде Пристань тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтуге жіберілген. Оның қорытындысы алдағы мамыр айында дайындалады деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша ауданда сонымен қатар жасанды жабыны бар футбол және спорт алаңын, балалар ойын алаңын орнатуға сметалық есеп дайындау және «Семей Водоканал» мекемесімен бірлесіп, Новая Лодочная, Краевая, Буксирная көшелерінде құдық орнату мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ПРИСТАНЬСемей

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

23 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС