"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

05.03.2022
ЖОЛДАР
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Кирпичный кентінің тұрғындарымен кездесті. Мұнда 3 мыңнан астам халық тұрады.

Кездесуде тұрғындар қала көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайлы газет пен теледидар арқылы біліп отыратындарын айтып, әкімге алғыс білдірді. Тұрғындар өз кенттеріндегі мәселелер де шешімін табатынына сенімді.

Бастамашыл топ мүшелері қала басшысына бірқатар мәселелерді жеткізді. Ақсақалдар алқасының төрағасы Құсман Жұмабековтің айтуынша, Кирпичный кенті Алматы тас жолы жағынан қалаға кіреберіс қақпа іспеттес. Сондықтан да кенттің сыртқы келбеті, жолдары, көшелердің абаттандырылуы жақсы деңгейде болуы керек деп санайды.

Кенттегі басты проблемалардың бірі – мұндағы негізгі көше 9-шы Кирпичнаяда жарық жоқ. Қала әкімі осы мәселеге байланысты, ТКШ бөліміне 5 наурызға дейін көшені жарықтандыру бойынша жоспарланған жұмыстар кестесін дайындап, ұсынуды тапсырды.

— Осы көшені жарықтандыру туралы сіздердің өтініштеріңізден басқа, биыл Семей қаласындағы көше жарығын жаңғырту жобасы аясында осы жердегі Кирпичный завод көшесі мен Лебаев көшесіне жарық орнату жоспарланып отыр. Кентте көшелер аз, биыл сіздердің тілектеріңізді орындай аламыз деп ойлаймын, — деді Бақытжан Байахметов.

Кенттің басты жолының жағдайын ескере отырып, қала басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне орташа жөндеу жүргізу үшін сметалық есеп дайындауға тапсырма берді. Осы жобаны іске асыруға байланысты ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде дайындалуы тиіс.

Кирпичный тұрғындары, автокөліктер тәулік бойы өтіп жататын Алматы тас жолының бойында бағдаршам мен жаяу жүргіншілер жолы жоқ болғандықтан, балалары үшін алаңдайтындарын жеткізді.

— 15-ші наурызға дейін жол полициясы және техникалық инспекция бөлімдері бірлесіп, келісім бойынша Омбы-Майқапшағай жолының учаскесіне «Жаяу жүргіншілер жолы» белгісін орнату үшін бірқатар зерттеулер жүргізу қажет, — деп тапсырма берді Семей қаласының әкімі.

Тұрғындар сондай-ақ балалар ойын алаңын орнатуды сұрады, ол үшін бос орын да бар екенін айтып өтті. Бос тұрған жер жол бойында орналасқан және тұрғындардың айтуынша, қазіргі заманға сай алаң орнатылатын болса, кенттің көркін ашып тұрар еді.

— Мен кентте тек балалар ғана емес, жалпы тұрғындар да көп екенін көріп тұрмын. Сондықтан да тек балалар алаңы ғана емес, жасанды жабыны бар футбол алаңы да қажет деп ойлаймын. Спорт алаңын да орнатамыз. Балалар емін-еркін ойнап, жасөспірімдер футболмен шұғылданатын болады, ал спорттық тренажерлер барлық тұрғындарға пайдалы болады, — деді Бақытжан Байахметов.

Кездесу барысында тиісті бөлімге сметалық есепті дайындап, бюджетті жақын арада нақтылау кезінде қажетті қаражатты бөлуге бюджеттік өтінім беру тапсырылды.

Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері мен тілектері бойынша кенттегі түрлі қоқыс үйінділері шығарарылатын болды. Учаскелік инспекторлармен және қоқыс шығаратын компаниялардың өкілдерімен бірлесіп, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға шарт жасасу үшін тұрғындармен тұрақты кездесулер ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, 5 наурызға дейін қаңғыбас иттердің мәселесі де шешілмек.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Семей

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

9 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

9 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС