"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

500-ГЕ ЖУЫҚ ТЕХНИКА ДАЙЫН

05.03.2022
ТЕХНИКА
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаперде жүрер қатер

Семей қаласы әкімдігінің отырысында қаланың су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды.

Қазіргі күні қала көлемінде 15 учаскені су басу қаупі бар,  631 тұрғын үй орналасқан бұл аумақтарда 2364 адам тұрып жатыр.

Бобровка кенті мен Бейбітшілік аралынан басқа 13 учаскеде (Шығыс кенті, Восход, Жоламан, Мирный, Степной, Лодочная ауданы, Затон, 1-ші шағын аудан, Дальний, Юность, Новостройка, Көкентау және Мұқыр ауылдары) су бұру арналарын тазарту, су өткізу құбырларының диаметрін ұлғайту, жағалауды, үйінді бөгетті нығайту және тағы басқа жұмыстардың нәтижесінде  су басу қаупі барынша азайтылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында, қалада су басуға бейім 57 көше анықталып, шамамен 47 101 текше метр қар шығарылған. Бұл жұмыстар қала көлемінде әлі де жалғасуда.

Семей өңірі аумағындағы автомобиль жолдарында (республикалық, облыстық және жергілікті жолдарды қоса алғанда)  209 көпір, 524 су өткізу құрылыстары бар. Ауылдық әкімдіктерге және тиісті ұйымдарға аталған су өткізу құрылыстарын, сондай-ақ арық жүйесін, өзен арналарын қар мен мұздан тазарту жөнінде хаттар жіберілген.

Семей қаласының жол қызметтері су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында су өткізу құрылыстарын қар мен мұздан тазарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік жүргізетін жұмыс бригадалары құрылған. Қаланың арық жүйесін күн сайын 25 адам және 5 бірлік арнайы техника тазалайды. ТЖМ әскери қызметшілерін тарта отырып, Мирный кенті, Подхозная көшесі, Дальний ауданындағы саяжай алаптарында арық жүйесі мұздан тазартылды. Шығыс кентінің «Пожарная Согра» саяжай массивінде де тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін 2022 жылға арнайы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 20077,8 мың теңге қаражат бөлінген.

Бүгінде тұрғын үйлерді су басудан және Бейбітшілік аралындағы Ертіс өзені жағалауындағы учаскелерді қарқынды шаюдан сақтау үшін Мирный, Шығыс кенттерінде және Пристань ауданында жалпы ұзындығы 2566 метр болатын Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жобасы іске асырылуда. Жұмыстарды аяқтау мерзімі үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды.

Қазіргі күні әкімдік тарапынан мердігерлік ұйымдардың күшімен қала көлемінде арықтарды қоқыстар мен шөптерден тазарту, түбін тереңдету, су құбырларын ыстық сумен жуу сынды тағы басқа да су тасқынына қарсы  шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

«СТ» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС