"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЖАРДЫҢ АЛМАГҮЛІ

05.03.2022
АҚЖАРДЫҢ АЛМАГҮЛІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құсайынова Алмагүл Шүренқызы Тарбағатай ауданындағы Комсомол ауылында қарапайым жұмысшы отбасында  дүниеге келген.

Алмагүл Шүренқызы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищені және Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын үздік бітіріп, еңбек жолын Ақжардағы «Балауса» балабақшасында бастады. Кейін осы мекеменің меңгерушісі болып тағайындалып, осы күнге дейін еңбек етіп келеді.

Кейіпкеріміз елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене атсалысып келеді. 40 жылдан астам уақыттан бері Ақжар ауылдық округтік әйелдер кеңесінің төрайымы. Қандай да бір маңызды істің басы — қасынан табылып, құрақ ұшып жүретін жанды ауданымызда танымайтын адам жоқ-ау! Бала тәрбиесінің ауыр жүгін арқалаған Алмагүл Шүренқызы ішкі жан дүниесі сыртқы келбетіне сай аса мейірімді, инабатты жан. Білімді, жаңашыл, өз ісіне мығым басшының жүріс-тұрысы, өзіне деген сенімділігі өзгелерге үлгі боларлықтай. Ақыл сұрап алдына келген әрбір ананың көңіл түкпіріне үңіліп, әр сөзін жүрегімен  қабылдап, сабырға шақырып, дұрыс жол сілтеп отыратын оны балабақшаның ғана емес, үлкен тәрбие мектебінің басшысы деуге болады.

Өнерге де жақын Алмагүл Шүренқызының өзінің әдемі дауысымен тыңдаушысын баурап алатын қасиеті бар. Би билеп, домбыра мен баянда да ойнайды, өлең де жазады.

Ақжар ауылындағы көркімен көз тартатын «Балауса-Балғын» бөбекжай бақшасы бүгінгі күні аудандағы үздік мектепке дейінгі мекемеге айналған. Алмагүл Шүренқызы басқарып отырған балабақша педагогтері аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Балабақшада бүгінгі күні 63 адам еңбек етеді. 201 бала тәрбие алуда. Тәрбие ісінде көптеген  жаңашылдықтар енгізілген.

Қажырлы қайратымен, ұйымдастыру қабілетімен ауыл халқының құрметіне бөленіп жүрген Алмагүл Шүренқызының еңбегі еленбей қалған жоқ. Іскер басшы ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Елбасының алғыс хатымен марапатталған. 2014 жылы халықаралық Ұлттық Бизнес рейтингтер одағының «Сала көшбасшысы-2014» сертификатын иеленді. «Ерен еңбегі үшін» медалін, «Тарбағатайдың Алтын Анасы» төсбелгісін де омырауына таққан.

Алмагүл Шүренқызы Уәлбек Смағзамұлымен отбасын құрып, төрт баланы дүниеге әкелді, бүгінде олардан 7 немере сүйіп отыр. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында білікті басшы, аяулы ана, ардақты әже Алмагүл Шүренқызын құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз, алдағы уақыттарда да табыстарға жете беріңіз.

Гаухар ШАҒИЕВА,

«Балауса-Балғын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі,

Ақжар ауылы, Тарбағатай ауданы

Мақалада: АҚЖАРДЫҢ АЛМАГҮЛІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

7 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС