"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

03.03.2022
ИНВЕСТИЦИЯ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген кеңесінде Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды.

Пандемия жеке инвесторлардың қаржылық мүмкіндіктеріне және республикалық бюджеттен басым жобаларды қаржыландыруға кері әсерін тигізді. Осыған байланысты, облыс әкімінің тапсырмасымен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру бойынша салалық басқармалармен бірлескен жұмыс жүргізілді. Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолданыстағы жоспарға мерзімдерді жылжыту, жобаларды ауыстыру мен толықтырулар жолымен өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар жіберілді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар салалық министрліктерде қаралуда.

Кешенді жоспарды өзектендіру нәтижесінде 57 іс-шара жүзеге асырылмақ.

Кешенді жоспар инвестицияларының жалпы көлемі 116,6 млрд теңгеге артып, 376,8 млрд теңгені құрайтын болады.

Биыл 29 іс-шара жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде:

  • 2 жалға берілетін және 27 кредиттік үй салу;
  • Шығыс кентіндегі 20 үйге, 1200 орындық мектепке және 320 орындық балабақшаға инженерлік желілер салу;
  • мүгедектерге арналған оңалту орталығын салу;
  • қалалық мал қорымын салу;
  • сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау (Абыралы ауылының су құбыры желілері, Шақаман ауылының сумен жабдықтау желілері, Шығыс кентінің су құбыры желілерін реконструкциялау және кеңейту);
  • жолдарды жөндеу, соның ішінде «Ауыл — ел бесігі» аясында 2 жоба: Мұқыр және Мұрат ауылдары, көшелерді орташа жөндеу, оң жақ бұрылыстарды орнату, грейдерлеу, Семей-Талица автожолын жөндеу, тротуарларды жөндеу, Қайнар ауылының жолдарын жөндеу;
  • 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Степной кентінде 300 орындық мектеп құрылысын аяқтау;
  • қаланы және аулаларды абаттандыру;
  • көше жарығын жаңғырту;
  • мәдениет объектілерін жөндеу және нығайту («Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы» КМҚК қасбетін жөндеу, «Абай Әлемі» кітап сериясын іске асыру – 30,0 млн теңге, Семей қаласының Әміре Қашаубаев атындағы филармониясының материалдық-техникалық базасын нығайту);

12) білім беру объектілерін «Назарбаев зияткерлік мектебі» стандарттарына сәйкес жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау;

13) Ұшақтар кентіне жылумен жабдықтаудың тарату желілерін сала отырып, 66 орамды орталық жылу қосалқы станциясын қайта жаңартуды аяқтау;

14) Степной кенті жылу желісінің құрылысын бастау;

15) Приречный ауылының Мәдениет үйін қайта жаңарту;

16) автожол көпірін (ескі көпір) қайта жаңартуды бастау;

17) фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану;

18) «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарын қайта жаңарту жобалары бар.

Сонымен қатар Берқара кен орны базасында «ARX Minerals» ЖШС-нің SX-EW зауытын салу; «Семей қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын енгізу; Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобасы қолға алынбақ.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлттық экономика министрлігіне өзектендірілген кешенді жоспардың жобасын ұсынды. Оны қарау барысында бекітілген жоспарға орындалған іс-шаралардың сомасын сәйкес келтіру; пысықталған жобаны Министрлікке қайта енгізу ұсынылды.

Осыдан кейін Министрлік жоспарды түзету бойынша Президент әкімшілігінің келісімін алу үшін Премьер-Министр кеңсесіне хат жібереді.

Кешенді жоспарды іске асыру барысында 2026 жылға қарай төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу көзделіп отыр:

— өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,5 есеге (315,6 млрд теңге (2021 жылға) 480 млрд теңгеге дейін) ұлғаяды;

— бөлшек тауар айналымының көлемі 1,3 есеге (282,1 млрд теңге (2021 жылға) 380 млрд теңге) ұлғаяды,

— тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 24,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылады (2020 жылы-21,6 шаршы метр. 2021 жылға арналған статистикалық деректер 2022 жылғы сәуірде жарияланады);

— халықты орталықтандырылған су үнемдеумен қамту 2026 жылға қарай 100 пайызға жететін болады (2021 жылы қалада тұрғындар сумен 99 пайыз, немесе 325,7 мың адам қамтамасыз етілді. Қала тұрғындарының саны — 329,3 мың адам. Ауыл тұрғындарының қамтамасыз етілуі-90,4 пайыз. Қамтамасыз етілгендер саны-19,6 мың адам, ауылдық елді мекендер тұрғындарының саны-21,6 мың адам);

— жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85 пайызға жетеді деп күтілуде (2021 жылы қанағаттанарлық жағдайдағы қала көшелері 38,1 пайызды құрады. 2022 жылы 50,3 пайыз болады деп күтілуде. Жыл сайын (2023-2025 жылдар) 3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген кезде қала көшелерінің жалпы жағдайы 85 пайызға жетеді).

— 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылады (2021 жылы 2103 тұрақты жұмыс орны құрылды). Жыл сайын 2 мың жұмыс орны құрылады. Кешенді даму жоспары шеңберінде қосымша 940 орын құрылатын болады, оның ішінде «Қазақастық» — 240 орын, ARX minerals – 300, Semey mall – 300, СемАЗ — 100).

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ИНВЕСТИЦИЯ

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 часа бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

9 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

9 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

9 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС