"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

15.03.2022
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық әкімдікте

 

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов кезекті рет жеке қабылдау өткізді.

Шаһар басшысының қабылдауына жазылған азаматтардың бірі Әсем Мұқышева үйінің техникалық себептерге байланысты жарық көзіне қосылмағанын айтып, көмек сұрап келіпті. Қаладағы Азат тұйық көшесінде тұратын ол қазіргі таңда электр қуатын көршілерінен алуға мәжбүр болып отыр. Қабылдау барысында айтылғандай, бұл мәселе тек шілде айында шешіледі. Қазіргі күні РСУ ауданында құрылыс бөлімімен «Семстройпроект» ЖШС тарапынан жаңа жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптамаға құжаттар дайындалуда.

Қала басшысына өтінішпен жүгінген келесі тұрғын Сәния Сағитова мүмкіндігі шектеулі ұлын тәрбиелеп отыр және қазіргі таңда, өз баспанасы жоқ. Сәния Сағитова 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Жасына байланысты зейнеткерлер» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған. Алайда жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде Сәния Сағитованың Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты тұруға көшіп кеткені анықталды. Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясының 03.03.2021 жылғы шешімімен кезектен шығарылған. Қазіргі таңда, өткен жылдың 8 желтоқсанынан бастап, «Жасына байланысты зейнеткерлер» санаты бойынша кезекте тұр, кезек нөмірі 4385. Қабылдау барысында тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңнамаға сәйкес Сәния Сағитованың құжаттарын тағы бір рет қарап шығуға тапсырма берілді.

Қабылдауда болған Сағдат Воложаев пен Марина Смольникова Степной кенті мен Приречное ауылындағы автобус бағыттарына қатысты мәселені шешіп беруді сұрады. Степной кентіне № 6 және № 14 қоғамдық көліктері — жалпы саны 15 автобус қызмет көрсетеді. Олардың айтуынша, автобустар таңертең кеш шығады және кешке жұмысты ерте аяқтайды.

Бұл мәселеге орай, қала әкімінің орынбасары мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Степной кентіне қатынайтын автобустардың қозғалыс кестесін бақылауға алу тапсырылды. Сондай-ақ Новобаженово, Приречное ауылдық округтері мен Шүлбі кентінің әкімдеріне жолаушылар санына мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда, жаңа автобус бағытын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Ал 2020 жылдың қазан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алып отырған Арман Мамырбек есімді тұрғын екі жасар ұлын жалғыз тәрбиелеп отыр. Ағымдағы тоқсанда оған АӘК 162 114 теңге (айына 54 038 теңге) мөлшерінде тағайындалды. Қабылдауда ол балалар бассейніне және «Арена» мәдени-спорт кешеніне тегін абонементтер, сондай-ақ «Барлық-Арасан» шипажайына тегін жолдама сұрады. Арман Мамырбек аталған шипажайдың орнына ұлын «Тоқтамыс» балалар дамыту орталығына тегін апаратын болды. Өйткені мемлекеттік органдардан «Барлық – Арасан» шипажайына тегін жолдамалар қарастырылмаған. Сонымен қатар спорт бөліміне қаладағы спорт ғимараттарының біріне бассейнге бару мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Новобаженово тұрғыны, көп балалы ана — Жібек Арғынова Семей қаласынан баспана сұрады. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмады, себебі көп балалы ана қалада тұрмайды және ауылда жекеменшігі бар. Ал тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтегі тұрғын үйді кеңейтуге кезекке тұруға келіспеді. Жібек Арғыноваға оның өтініші бойынша толық түсінік берілді.

Бұл күні қала әкіміне сонымен қатар «Semey Bus» ЖШС және «Семей» автобус паркі» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері де жүгінді. Олар аталған кәсіпорындардан зейнетақы аударымдары мен медициналық сақтандыру бойынша өтемақыларын талап етіп отыр. Қазіргі таңда кәсіпорындардың бұрынғы қызметкерлерінің істері сот орындаушыларының бақылауында. Бақытжан Кәкенқажыұлы сот орындаушыларына апта сайын өтемақы төлеу барысы туралы хабарлап отыруды тапсырды.

Қазіргі таңда кәсіпорындардың мүлкін тізімдеу, ақаулықтарын табу, бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі. Тиісті төлемдерге тек сот шешімі негізінде қол жеткізуге болады.

Семей қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Қоғамдық қабылдау

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС