"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

23.03.2022
СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейліктер карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті.

Негізгі мерекелік шаралар Орталық алаңда ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап алаңда мерекелік көңіл-күй орнады. Қала тұрғындары мен қонақтарына тегін палау, шай және бауырсақ таратылды. Мерекенің міндетті атрибуты керемет әрі дәмді наурыз-көже болды.

Күні бойы қазақ күресі, гір спорты, армреслинг бойынша спорттық жарыстар өткізілді. Мереке қонақтары асық ату ұлттық ойынында өз шеберліктерін сынап, атқа мінуге мүмкіндік алды.

Этнографиялық көрме ашылған алаңда ондаған киіз үйлер орнатылды. Сондай-ақ, «Шеберлер қаласында» жергілікті қолөнершілер өздерінің сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.

Сағат 12-де театрландырылған қойылым басталды. Актерлер күн мен түннің теңесуі бейнелерін көрсетіп, Наурыз мейрамына байланысты жекелеген фольклорлық ғұрыптарды сахналады. Шара соңында Қыдыр ата жиналған қауымға бата берді. Осыдан кейін, әдемі безендірілген киіз үйлерден 100 әже шығып, тілек білдірушілерге қазақ дастарқанының басты рәміздерінің бірі – бауырсақты таратты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей тұрғындарына арнап құттықтау сөз сөйледі. Даниал Кенжетайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы шешіміне орай қала тұрғындарын құттықтады.

СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

 «Ел Президентінің бұл шешімі Семейдің еліміздің рухани орталығы ретінде дамуына қосымша серпін береді. Әрине, бұл аймақ экономикасының дамуына да ықпал етеді. Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Қазақстанның тәуелсіздігі, халықтың бірлігі мен келісімі – біздің басты байлығымыз! Әр отбасыға бақыт пен амандық тілеймін. Қазақстан жасасын!»- деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов мемлекеттік наградалар табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен Шығыс Қазақстан облысының №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерейғалы Көшкінов марапатталды. «Құрмет» орденімен Семей қаласы мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, Аягөз аудандық «Мөлдір сана» газетінің редакторы Бақытөмір Шалғымбаев, Тарбағатай ауданы Имашев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қанат Ильясов марапатталды.

«Шапағат» медалімен Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағәбілов және Зайсан ауданынан еңбек ардагері Раиса Шотаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс» төсбелгісімен «СемАз» ЖШС директоры Әсемхан Дускужанов және Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Имдат Эфендиев марапатталды.

Сағат 12.45-те концерттік марафон басталды. Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармония ұжымы, жергілікті университеттердің студенттері, қалалық мәдениет сарайының әртістері өздерінің үздік нөмірлері мен шығармаларын ұсынды.

Сағат 21.00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылып, алаңдағы мерекелік бағдарлама жастарға арналған би кешімен аяқталады.

СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

СЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАН

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Даниал Ахметов Семей тұрғындарына арнап құттықтау сөз сөйледіСЕМЕЙДЕГІ НАУРЫЗ – ДУМАНСемейліктер Наурыз мейрамын атап өтті

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

5 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС