"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ

26.03.2022
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл семейліктер карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті. Наурыз мерекесіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы келіп, қала халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Негізгі шаралар Орталық алаңда өтті. Таңертеңнен бастап алаңда мерекелік көңіл-күй орнады. Қала тұрғындары мен қонақтарына тегін палау, шай және бауырсақ таратылды. Мерекенің міндетті атрибуты керемет әрі дәмді наурыз көже болды.

Күні бойы қазақ күресі, гір спорты, армреслинг бойынша спорттық сайыстар өткізілді. Мереке қонақтары асық ату ұлттық ойынында өз шеберліктерін сынап, атқа мінуге мүмкіндік алды.

Этнографиялық көрме ашылған алаңда ондаған киіз үйлер орнатылды. Сондай-ақ «Шеберлер қаласында» жергілікті қолөнершілер өздерінің сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.

Сағат 12-де театрландырылған қойылым басталды. Актерлер күн мен түннің теңелуін бейнелеп, Наурыз мейрамына байланысты жекелеген фольклорлық ғұрыптарды хаық назарына ұсынды. Шара соңында Қыдыр ата жиналған қауымға бата берді. Осыдан кейін әдемі безендірілген киіз үйлерден 100 әже шығып, тілек білдірушілерге қазақ дастарқанының басты рәміздерінің бірі – бауырсақты таратты.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов семейліктерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Даниал Кенжетайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысының құру туралы шешіміне орай қала тұрғындарын құттықтады.

— Ел Президентінің бұл шешімі еліміздің рухани орталығы ретінде Семейдің дамуына қосымша серпін береді. Әрине, бұл аймақ экономикасының дамуына да ықпал етеді. Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Қазақстанның тәуелсіздігі, халықтың бірлігі мен келісімі – біздің басты байлығымыз! Әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін. Қазақстан жасасын!,- деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Қаланың Орталық алаңында Даниал Ахметов еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен Шығыс Қазақстан облысының №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерейғалы Көшкінов марапатталды.

«Құрмет» орденімен Семей қаласы мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, Аягөз аудандық «Мөлдір сана» газетінің редакторы Бақытөмір Шалғымбаев, Тарбағатай ауданы Имашев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қанат Ильясов марапатталды.

«Шапағат» медалімен Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағәбілов және Зайсан ауданынан еңбек ардагері Раиса Шотаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс» төсбелгісімен «СемАз» ЖШС директоры Әсемхан Досқожанов және Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Имдат Эфендиев марапатталды.

Сағат 12.45-те концерттік марафон басталды. Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармония ұжымы, жергілікті университеттердің студенттері, қалалық Мәдениет сарайының әртістері ән мен жырдан шашу шашты.

Сағат 21.00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылып, алаңдағы мерекелік бағдарлама жастарға арналған би кешіне ұласты.

СЕМЕЙ ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Жуырда семейлік жастар бас қосып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Абай облысының құрылатынына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Amanat партиясы жастар қанатының белсенділері, Жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдары мен еріктілер Семей қаласындағы іргелі жоғары оқу орны Alikhan Bokeikhan University базасының Коворкинг орталығына жиналды. Ондағы мақсат — Абай облысының құрылуына қатысты пікір алмасу, ой бөлісу, болашаққа жоспар құрып, өңірдің дамуына өзіндік үлестерін қосу үшін  ұсыныстар әзірлеу.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ

— Жолдаудың мазмұны мен мәні барлық Қазақстан халқы күткендей ерекше болғаны анық. Соның ішінде, ел Президентінің Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынғаны дүйім жұрттың көңілінен шықты. Бұл Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына серпін береді. Жастарға тиісті жағдай жасалып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады деп сенеміз, — деді Amanat партиясы жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш.

— Президенттің бұл Жолдауында жаңа саяси реформалардың және алдағы уақытта жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуы туралы айтылды. Бұл ел халқы көптен күткен Жолдау болғаны сөзсіз. Себебі бұл Жолдаудың мазмұны мен жауапкершілігі аса жоғары. Онда халықтың мүддесі, елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы сараланды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті» деді. Президенттің елге өзгеріс, халыққа жайлы жағдай керектігін жақсы түсініп отырғаны анық, — деді. А.Айтмұқаш Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел жанынан табылып, бабалар аманатына аса жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді.

— Мемлекет басшысы Семей аймағында Абай облысы құрылып, Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болатынын айтты. Бұл халық үніне құлақ асатын биліктің айқын көрінісі. Бұл ұсыныс Семей жұртшылығын қуантып отыр. Енді шаһардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына серпін берілетініне сенімім мол. Ел басына күн туған заманда Президенттің халыққа Жолдауы нақты істермен жүзеге асырылатыны анық. Жаңа Қазақстанның жаңаруына барлығымыз бірлесе күш біріктірсек кез-келген қамалды алатын боламыз! — деді сонымен қатар Amanat партиясы жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

Пікір алаңына жиналғандар, Жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдары, еркіті жастар Жолдау туралы өз пікірлері мен ойларын ортаға салып, мемлекет басшысының жаңа Жолдауын қолдайтындарын, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын бірлесіп құруға дайын екендерін айтты.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы осы Жолдауында Абай еліне деген құрметін тағы бір мәрте көрсетті деп білемін. Семей жастары жаңа облыстың Абай есімімен аталуын қолдап, Президентімізге үлкен алғыс білдіруде, – дейді Семейдегі белсенді жастардың бірі Әліби Абдурайымов.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Мақалада: Даниал Ахметов қала халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтадыСЕМЕЙ ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС