"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

1500-ден АСА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

28.03.2022
1500-ден АСА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Семей

1500-ден АСА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Семей шаһары, дәлірек айтқанда қала көшелері алдағы уақыттарда өркениет әлемінің жаңа игіліктерімен толыға түспек. Абай облысының орталығы аталудан бұрын қаламызға заманауи технологиялық құрал – бейнебақылау құрылғылары келмек.

Қала халқы әсіресе, көлік жүргізушілері Семей көшелерінде Сергек камераларының орнатылатынын қазірден бастап құлағдар болуда. Бұл ерекше құрылғы тек жол-көлік қозғалысындағы ғана емес, көшелермен қиылыстардағы түрлі бұзақылықтар мен құқық бұзушылықтардың да алдын алуға немесе орын алған фактілерді ашуға өзіндік септігін тигізеді. Яғни, тәртіп пен тазалықтың сақталуын қадағалауда да пайдасы бар.

Семей қаласында фото-бейнетіркеу жүйесін құру және пайдалану жобасына сәйкес жалпы саны 40 көше қиылысында және 74 желілік учаскеде 1551 камера жұмыс істейтін болады. 687 жалпы бейнебақылау камералары және қолданыстағы 88 (65 камера — білім беру объектілерінде) камералар осы жүйеге кіріктіріледі.

Бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары 23 наурызда басталды. Бұған дейін Семей қаласында Өскемен қаласының ахуалдық орталығында бейнені көрсететіндей 10 локацияда 20 камера орнатылған болатын. Байланыс арнасын ұйымдастыруды, жабдықтарды жеткізу мен монтаждауды ағымдағы жылдың 15 мамырында аяқтау жоспарлануда. Алайда бұл тек тәжірибелік пайдалану кезеңі саналады екен.

Қазіргі таңда, «Көркем Телеком» ЖШС ұйымы қаржылық қажеттіліктерді жабу, банк кредиттерін алу кезеңдерін айқындап, жеткізушілермен алдын ала шарттар жасасуда.

Сөз орайында айта кетелік, жалпы бұдан бөлек, бүгінгі таңда аймағымызда  бейнеманиторингтің ұлттық жүйе жобасы жүзеге асырылуда, оған сәйкес Полиция департаменті бейнебақылау камераларын көбейту, сондай-ақ барлық камераларды байланыстыру бойынша Жол картасын әзірлеуде. Аталмыш мониторинг жүйесіне барлық нысандар, соның ішінде сауда-сауық орталықтары да қосылады. Жалпы алғанда, бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда 18 мыңнан аса бейнебақылау камералары орнатылған.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: 1500-ден АСА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

19 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС