«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деректері бойынша, ауа райы жағдайына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде: 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жол жабылды.
«ТЖМ ахуалдық орталығында жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды, Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр. Бірқатар облыстада да осындай штабтар жұмыс істеп жатыр», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді 8 (7172) 53 32 84
Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды. Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды. Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауыл салдарынан шатырлар мен ағаштар құлаған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
«Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларына назар аударыңыз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз!», — деді ТЖМ өкілдері.
Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...
Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...
Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...
Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...
Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...
Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...