"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мәжіліс депутаты зейнетақы жинағындағы артық қаражатты алу мерзімін жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды

30.03.2022
Қазақстанда кімдерге төленетін зейнетақы мөлшерінің артатыны белгілі болды

Алдағы уақытта ең төмен жеткіліктіліктің шектерін арттыру негізі ретінде жылдық инфляцияны пайдалану және жыл сайын қайта қарау керек, кемінде азаматтарға нені күту және қалай жоспарлау керектігі түсінікті болады.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағындағы шекті сомадан артылған қаражатты алу мерзімін жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 
«Осы күндері баршамыз Отбасы банктегі үлкен кезектердің куәсі болдық. Үш күннен кейін зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін олардың шегі көтеріледі. Халық арасында қарадан-қарап тағы да дүрлігу пайда болды.
Өткен жылғы желтоқсанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтары жеткіліктілігінің ең төмен шегін арттырғаны бәріміздің есімізде, бұл үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Оның үлкен болғаны сонша, тіпті Президенттің араласуына тура келді. Соның нәтижесінде, жеткіліктілік шегін арттыру 2022 жылғы 1 сәуірге дейін кейінге қалдырылды.
Осыған орай, «AMANAT» партиясының фракциясы ең төменгі жеткіліктілік шектерін қайта есептеу ұсынысымен депутаттық сауал жолдаған болатын, бұл, сайып келгенде, олардың айтарлықтай азаюына алып келетін еді. Бірақ, өкінішке қарай, біз сауалымызға формальды жауап алдық. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу Мемлекет басшысының идеясы болғанын еске салғым келеді. Ол халықтың мықты қолдауына ие болды. Мыңдаған азаматтар тұрғын үй сатып алып, ипотекасын өтеді, емделу ақысын төледі – бұл нақты әлеуметтік әсер. Жеткіліктілік шектерін 2 есе дерлік орынсыз ұлғайту іс жүзінде Президент идеясының беделін түсіреді. Қарадан-қарап шынайы реформадан азаматтардың наразы болуы үшін жаңа себеп пайда болды.
1 сәуірге дейін мүлде аз уақыт қалды. Бірақ ЕХӘҚМ және БЖЗҚ тағы да үнсіз. Шешімдер, түсіндірулер мен талқылаулар жоқ. Ең төмен жеткіліктіліктің жаңа шектері тағы да халық үшін тосынсый болмақ әрі олар қазірдің өзінде Отбасы банкте кезекке тұр. Теңге бағамының девальвациясы мен зейнетақы жинақтарының құнсыздануы аясында шектерді ұлғайту азаматтардың наразылығы мен түсінбеушілігін туғызады.
Күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып, «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Төрағасы ретінде Үкіметті зейнетақы жинақтары ең төмен жеткіліктілігінің ағымдағы шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырамын.
Алдағы уақытта ең төмен жеткіліктіліктің шектерін арттыру негізі ретінде жылдық инфляцияны пайдалану және жыл сайын қайта қарау керек, кемінде азаматтарға нені күту және қалай жоспарлау керектігі түсінікті болады.
Бұған қоса, дағдарысқа қарсы және әлеуметтік шара ретінде азаматтарға зейнетақы жинақтарын автокредиттері мен тұтынушылық кредиттерін өтеу үшін пайдалануға уақытша рұқсат беруді ұсынамын.
Бұл ретте, әрине, мұндай пайдалану шарттарын нақты жазу қажет. Мәселен, егер адам шынымен де кірісін жоғалтып, кредитке қызмет көрсету бойынша қиындықтары болса, соның салдарынан азық-түлікке, киім мен балаларына үнемдесе. Бұл адам зейнетақысы туралы ойланатын жағдай емес екені анық. Өзінің жинақтарын алып, қарыздарынан құтылуға мүмкіндік беру керек. Оның үстіне, мемлекет кез келген жағдайда оған базалық зейнетақыға кепілдік береді», – деп жазды ол.
Мақалада: Мәжіліс депутаты зейнетақы жинағындағы артық қаражатты алу мерзімін жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

15 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

16 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС