"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласы туралы қызықты деректер

01.04.2022
Семей қаласы туралы қызықты деректер
6k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы туралы айтқанда бірінші кезекте ойыңызға не келеді?

Біразымыз бірден Шығыс Қазақстан облысы, Ертіс, Семипалатинск полигоны дейтініміз анық. Шындап келгенде бұл қаланың тарихы өте бай әрі қызықты. SemeyTany.kz сіздерге Семей туралы көбірек мағлұматтарды ұсынады.

1. Семей қаласы будда шіркеулерінің орнында салынған

Семей қаласы туралы қызықты деректер
Сурет ашық дереккөздерден

Мұны қаланың атауы растайды — Семипалатинск. Ол жеті буддалық қалмақ храмдарының атына берілген, олар жоңғардың Доржинкит қонысынан алыс емес жерде өмір сүрген. Бұл туралы орыс зерттеушілері XVII ғасырдың басында жазған. Сондай-ақ, олар храмның жиілеген қазақ-жоңғар соғыстарының салдарынан бұзылып жатқанын жазған.

1734 жылы зерттеуші Г.Ф. Миллер сарайлардың жартылай бұзылғанын анықтаған: «Жеті-Палат» деп аталған мекен Ертіс өзенінің шығыс бөлігінде орналасқан… Қалмақтар оны Дархан-Зорджин-Кит (моңғол тілінде) деп атайды. Оның қашан болғанын ешкім білмейді. Түменде… мен мұрағаттан патша Михаил Федоровичтің 1725 (1616) жылы 25 қазандағы алғыс хатын таптым, онда бұл ғимараттарды «тас мешіттер» деп атаған. Бәлкім олар осы дәуірге жататын шығар. Материалдарға сәйкес, оларды ежелгі деп айту қиын. Алғыс хаттың өзінде осы сарайдың көне замманнан келе жатқаны туралы айтылса да, мен оған аса назар аудармай, оның ерте заманға жатқызбас ем».

2. Семей бекінісінің құрылысы алтын дүрлікпесіне байланысты

Семей қаласы туралы қызықты деректер

XVIII ғасырдың басында осы жеті буддалық палаттардың маңында Яркенд өзені болды деген аңыз болған. Ондағы алтынның көп болғаны соншалық, оны кілеммен шығаруға мүмкін болған. Алтынға толы аймақ туралы хабар Сібір губернаторы Матвей Гагаринге жеткен. Ол император Петр Біріншіден Ертіс өзеніне экспедиция жасауға рұқсат алады. Оның басты мақсаты алтын іздеу болған.

Бірінші экспедиция нәтижесіз болған. Жалпы, барлығы да солай болған. Бес жыл бойы қазіргі Семей айналасында алтын жаппай іздестірілді. Уақыт өтіп жатты, алтын табылар емес, сондай-ақ, аңыздағы Яркент қаласының іздері де табылмаған. Алтын толы аймақ туралы аңыздар мен өтірік әңгімелер біраз адамды қинағаны сөззсіз. Алайда Семей маңы шынында алтын қорына бай болып шыққан! Бүгінде бағалы металл сегіз кен орнында өндіріліп жатыр.

3. Семей өз мекен-жайын төрт рет ауыстырған

Семей қаласы туралы қызықты деректер
Сурет ашық дереккөздерден

Тарихшылар Семей қаласының негізі 1718 жылы қаланғанын жазады. Бірақ бұл біз білетін әрі біз үйренген Семей емес. Ол кезде қамал қазіргі қаладан өзен ағысының бойымен 18 шақырым жерде орналасқан. Ол жер өте сәтсіз таңдалуына байланысты орны ауыстырған! Ол сайда орналасқан, кез келген жау төбеден бақылай алатын болған. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің арнасы тасып, біраз жұртты әбігерге салатын болған.

Семей қаласы туралы қызықты деректер
Сурет ашық дереккөздерден

Сол себепті Семипалатинск қамалының орнын ауыстыруға тура келген. Алайда екінші және үшінші орындары да сәтсіз болып шықты. Тек 1780 жылы қамалдың негізі орны бекітілді, ол қазіргі Семей қаласы орналасқан жер. Барлығы да инженерге (капитан И.Г. Андреев) байланысты. Ол қаланы қайта тұрғызып қана қоймай, көпір салып, әскери бекіністердің жоспары мен картасын сызған.

Семейдің алғашқы орны бүгінде қалалықтардың демалыс уақытын өткізетін орын болған. Ол Ертіс жағасындағы қарағайлы орманда орналасқан. Ал төртінші бекініс — қазіргі Семей. Бастапқы қаладан қалыңдығы бірнеше метр болатын Ямыш қақпасы (салынған күні 1776 жыл) сақталған. Бүгінде бұл Семей орталығындағы әдемі тарихи нысан.

Семей қаласы туралы қызықты деректер
Сурет ашық дереккөздерден

Семей қаласы туралы қызықты деректер

4. Семейді бұрын құмды қала атаған

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Қалаға келген орыс офицерлері «чертова песочница» деген атау берген. Бүгінде әдемі жасыл қалашықты және оның аралын көріп, олай айту қиын. Ал XVIII-XIX ғасырларда Семей көшелерін сусыма құм басқан, мүлде ештеңе шықпайтын, ал үйлердің сырты тұнжырап, күңгірт болатын.

Саяхатшы әрі америкалық журналист Кеннан былай деп жазған: «Бір жарым сағат серуендеу кезінде бірде бір жасыл алаң көрмедім, ағаштар мен бұталар да жоқ. Аяғымызды 5-6 фунт болатын құмның үстінде сүйретіп жүруге туралы келді».

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Ал Григорий Николаевич Потанин Семейді шығыстық Одесса деп атаған. Ол «қаланың Сібірдегі басқа қалалардан айырмашылығы жер мен көктей» екенін жазды. Семей — бұл ортаазиялық шекарадағы Одесса. Алайда бұл теңеуім сынға ұшырауым мүмкін… Оның Одессаға ұқсайтын тек бір жері ғана бар — адам төзгісіз шаңды дауылы, осы себептен жергілікті тұрғындары оны «құм салғыш» деп атаған. Кемелердің орнына мұнда Түркістан мен Қытайдан келетін түйелер тізбегі бар. Айта кетейік, сол заманда Семей сауданың транзит орталығы болған. XVIII ғасырда күн сайын 11 мың түйе келетін болған.

Семей қаласы туралы қызықты деректер

5. Семей Еуразияның дәл орталығында орналасқан

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Нақты айтар болсақ, Еуразияның географиялық орталығы Семейден 40 шақырым жерде орналасқан. Орыс географиялық орталығының мәліметінше, қаладан сәл оңтүстік-батыста орналасқан.

Көптеген адамның ойынша, Еуразияның орталығы Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйіндегі ескерткіш белгісі «Еуразия құрлығының орталығы». Алайда ол тек символдық мәнде орнатылған. Географиялық тұрғыда ол негізі орталықтан 140 шақырым жерде орналасқан.

Семеймен тағы басқа қандай қызықтар байланысты?

Бұл ұлы филосов әрі жазушы Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің, суырып-салма әнші Әміре Қашаубаевтың және қазақ футболының Отаны.

Семей қаласы туралы қызықты деректер
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЛАҢ
Семей қаласы туралы қызықты деректер
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Семей қаласы туралы қызықты деректер
МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫ

6. Қазақ футболының отаны – Семей

Осылай, бұл Қазақстанда футболдың Семейден, Қазақстан футболының отаны болып жалпылай танылған қаладан арна тартқандығы ешқандай күмәнсіз тарихи артефактілермен, құжаттармен және куәліктермен нақтылана түседі.

Құжаттық негізде 1912-1913 жылдары Қазақстанда алғашқы футбол клубтары құрылғандығы дәлелденген: «Нептун», ССК (Семей спорттық кружогы), «Ярыш», «Олимп» және «Спорт». Мұны сол кезеңдегі баспасөз кесімді түрде айғақтайды:

«1912 жылы көктемде осы жерде (Семейде – автордың ескертуі) ағайынды Смороденниковтар ұйымдастырған, «Нептун» деген атаумен ойнайтын бірінші футбол командасы пайда болды. Өткен жаз бойы бір өзі ғана жаттығып, ойнады. 1913 жылдың басында Семейде футболға қызығушылар саны арта түсті. Гимназияшылар, студенттер, семинаршылар, сауда-өнеркәсіптік мекемелер қызметкерлері, ерікті-өрт сөндірушілер қоғамы командалары пайда болды. Футболдың бұлай тез дамуы және оған қызығушылар санының көбейе түсуі оның болашағы жарқын болатындығын меңзейді». («Къ спорту!», №35, 13.10.1913 ж.).

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Дәл осы ССК командасының мына суреті 1913 жылы 8 (21) қыркүйекте жарыққа шыққан №36 «Русский спорт» журналында жарияланған. Бұл Қазақстанда ресми футбол клубы бар екендігі жайлы бірінші құжаттық дерек болып табылады.

«Ярыш» – мұсылман жастары командасы

Бұлармен қатар іс жүзінде футболдың танымалдығын арттыруға 1906 жылы озық педагог Р.Елкібаев құрған Семейдің мұғалімдер мектебіндегі оқушылар да сүбелі үлес қосқан. «Нептун» мен ССК пайда болысымен осы мектепте оқитын мұсылман жастарының өкілдері «Ярыш» футбол клубын құрып, олар да талассыз Қазақстан футболының іргесін қалаушылар қатарына қосылды.

1914 жылы «Ярыш» екі командадан құралған: ересектер және жастар. Солардың бірінде кейіннен қазақ әдебиетінің классигіне айналған Мұхтар Әуезов хавбек болған. Онымен бірге «Ярыштың» намысын Ахметсәлім және Ғазиз Кәрімовтер, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Ғұсман Ямбушев, Сабыржан Ахметшин, Р.Фаизов және Н.Миршанов қорғаған.

7. Семейдегі аспалы көпір — ТМД-дағы жалғыз және әлемдегі 17 ең үлкен көпір қатарына кіреді. 

Семей қаласындағы аспалы көпір — 2000 ж. 17 қазанда салынған. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компаниясы

Тамсансаң, Семейдегі аспалы көпірге тамсан. Мұндай көпір ТМД-да да жоқ. Әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Семейдің көркіне көрік қосып, сәулетін арттырған бұл аспалы көпір — Тәуелсіздіктің төл туындысы.

Бұл көпір Ертістің арғы жағы мен бергі жағын ғана емес, Азия мен Еуропаны, қыр мен Сібірді жалғастырып жатыр. Бұл дегеніміз — Семейдегі аспалы көпір стратегиялық маңызы зор нысан деген сөз.

Биіктігі — 90 метр

Ені — 35 метр

Ұзындығы — 750 метр

Пайдалану кеплідігі — 200 жыл

 

Семей қаласы туралы қызықты деректер

8. Көптеген адамның есінде Семипалатинск ядролық полигон ретінде сақталуына байланысты Семипалатинск атауы 2007 жылы Семей болып өзгерді.

Жаңа атау жергілікті Семей-Тау төбесіне байланысты берілген. Айта кетейік, атауы өзгеруі сәтті болған, өйткені көне түркі тілінен аударғанда Семей «рухани орын» деп аударылады.

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Семипалатниск ядролық полигонында 1989 жылға дейін 500-ге жуық ядролық сынақтар жүргізілген. Семейдегі аралда полигон құрбандарына арнайы орнатылған ескерткішке «Өлімнен де күшті» атауы берілген. Монументтің жоғарғы бөлігінде жарылыс көрсетілген, ал төменде қасіреттен баласын жауып қалған ана отыр. Құлыптастың төменгі бөлігінде мынадай мазмұнды үндеу жазылды: «Уа, жаратқан ие, біз көрген зұлматты енді ешкімнің басына бере көрме! Қасиетті Жер-Ананың қасіретті азалы үні әлі естіліп тұр!».

Семей қаласы туралы қызықты деректер

Семейде бірінші кезекте Абайдың, Достоевскидің ерекше мұражайларын, Невзоровтар отбасының атындағы бейнелеу өнерінің мұражайларын, «Алаш қайраткерлері М. Әуезов» мұражайына барған дұрыс. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің туған жері Жидебайға бару мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және Ертіс жағасында қарағайлы орманда демалуға да уақыт бөліңіз.

Ерлан Айқынұлы

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТЕЛЕГРАМНАН ОҚЫҢЫЗ!«Отбасы банк» депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

Мақалада: «Ярыш» – мұсылман жастары командасыАбай мұражайы СемейАлаш қайраткерлері М. Әуезов мұражайыДостоевскидің ерекше мұражайларыЖидебайҚазақ футболының отаны – СемейНевзоровтар отбасының атындағы бейнелеу өнерінің мұражайларысемей әдемі жерлеріСемей бекінісінің құрылысы алтын дүрлікпесіне байланыстыСемей Еуразияның дәл орталығында орналасқанСЕМЕЙ ҚАЛАСЫСемей қаласы будда шіркеулерінің орнында салынғанСемей қаласы тарихыСемей қаласы туралы қызықты деректерСемей өз мекен-жайын төрт рет ауыстырғансемей табиғатысемей тарихыСемейдегі аспалы көпірСемейді бұрын құмды қала атағанСемипалатниск ядролық полигонысесмей көркем жерлері

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

03.07.2025
Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Semeytany.kz – Абай облысына жұмыс сапарымен келген Омбы облысының ресми делегациясы Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінде екіжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған кездесуге...

Толығырақ...Details

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

03.07.2025
Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

Semeytany.kz – Бесқарағай ауданында табиғатты аялауға бағытталған маңызды экологиялық шара өтті. «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» атты акция Шипалы көлінің жағасын тазарту...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

03.07.2025
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелсе болады? Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабының 1-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының...

Толығырақ...Details

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

02.07.2025
Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

Semeytany.kz – Ақсуат ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – елді мекен...

Толығырақ...Details

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

02.07.2025
Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Semeytany.kz – Семей қаласында биылғы жылы жол жөндеу жұмыстары бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қандай мәселелер көтерілді?

2 дня бұрын

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

2 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

2 дня бұрын

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

3 дня бұрын

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

3 дня бұрын

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

4 дня бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

4 дня бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

4 дня бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС