"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА НАҚТЫ ӨСІМ БАР

01.04.2022
ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА НАҚТЫ ӨСІМ БАР
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА НАҚТЫ ӨСІМ БАР

Апта ішінде қалалық мәслихат депутаттарының кезекті, 23-ші сессиясы өтіп, шаһар басшысы Бақытжан Байахметов депутаттар алдында есеп берді. Сессияда жергілікті мәслихат депутаттары 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті.

Қала басшысының айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты оң динамиканы көрсетеді. Бұл орайда экономиканы дамытудың негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Қуантарлығы, өткен жылы аталмыш салада өсім жоғары болды. Ендігі міндет — осы бағытты жалғастырып, өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыра беру.

Қала әкімі айтып өткендей, экономиканың нақты секторы экономиканың орнықты дамуы мен өсуіне, инновациялық-технологиялық үрдіске, сондай-ақ әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізуде басым рөл атқарады. Өткен жылы Бизнестің жол картасы бойынша 13,7 млрд теңгеге 606 жоба субсидияланыпты. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен әлдеқайда артық.

Сонымен қатар «Ақ Ниет» жеңілдетілген несиелендірудің өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы саны 43 жоба қаржыландырылыпты. Яғни аталған бағыттағы жобаларды қаржыландыру көлемі артқан. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2,1 млрд теңгеге төрт жоба іске асырылыпты.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мол көлемде субсидия бөлінді, бұл алдыңғы жылға қарағанда анағұрлым артық.

Қала әкімі сонымен қатар өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі артып, ағымдағы жылы егіс алқабының бірнеше пайызға ұлғайтылғанын, айналымға қосымша 1 500 гектар суармалы жер алынғанын да айтып өтті. Өңіріміз бойынша дәнді дақылдар мен майлы дақылдар және картоп, көкөніс пен бақша дақылдарын өсіру де біршама артып отыр. Осы ретте «Агрофирма Приречное» ЖШС құны 159 млн теңге болатын 360 гектар жерге арнайы суландыру жүйесін салды. Оның нәтижесінде арнайы жұмыс орындары да ашылып отыр.

«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауылдағы өмір сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасалуда.

Өткен жылы өңіріміз бойынша күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілді. Соның ішінде көшелерді жарықтандыру шараларын айтсақ болады. Мәселен, өткен жылы Приречное ауылында 32 млн теңге қаржыға көшелер орташа жөндеуден өткізіліп, 22,5 млн теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліпті.

Бұл бағыттағы шаралар ағымдағы жылы да жалғасын табатынын айтқан қала әкімі Шығыс, Березовский және Бобровка кенттерінде жалпы құны 2,7 млрд теңге болатын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру басталатынын жеткізді. Лодочный, Алматы, Ақбұлақ, Мұрат, Половинка ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына сараптама алынды.

Сессияда мәслихат депутаттары Семей қаласының ауылдық округтерінің өткен жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті және қала мен ауылдық округтердің ағымдағы жылғы бюджетіне өзгертулер енгізуді бекітті.

 Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА НАҚТЫ ӨСІМ БАР

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС