"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

BI Group қызметін жіті тексеру керек – депутат

04.05.2022
BI Group қызметін жіті тексеру керек – депутат
454
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Депутат BI жобаларының басым бөлігін мердігерлер жүзеге асыратынын, олардың бірқатары банкротқа ұшырағанын, бұл – салықтан жалтарудың жолы болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы тұрғын үй нарығында маржиналдық түсім жоғары болған кезде елорданың сол жағалауындағы жерлердің басым бөлігі әкімшілік ресурс есебінен BI-ға берілді. Компания бұл жер учаскелерінде құрылыс салған жоқ, бірақ оларды алыпсатарлық жолмен басқа құрылыс мердігерлеріне жоғары маржамен сатты. Мемлекет холдингке тиесілі жер учаскелерінде әлеуметтік және стратегиялық мемлекеттік нысандарды салу үшін BI Group-қа қомақты қаржы төлеуге мәжбүр болды», — деді «Қазақстан халық партиясы» фракциясының мүшесі Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі құрылыс секторының тұралауы аясында компания бір көзден мемлекеттік сатып алу арқылы да, оларды айналып өтіп те агрессивті түрде мемлекеттік келісімшарттарды алып жатыр.

«Холдинг негізінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) арқылы келісімшарттарды алуда. Бұл BI Group-тың Түркістандағы жаңа нысандардың 25%-ын мемлекеттік бюджет есебінен салуынан айқын көрінеді. Мұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері де растап отыр. Елордада BINOM School атты ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Алдағы 5 жылда жобаға МЖӘ схемасы арқылы республикалық және қала бюджеттерінен қомақты қаражат бөлінеді. Бұған қоса мемлекеттік сатып алулар аясында Қазақстан бойынша бір көзден сатып алынатын шағын құрылыстар да бар. Мысалы Атырау облысындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір, Атырау қаласындағы Жұлдыз шағын ауданындағы жолдар, BI-дың құрамындағы KAZPACO компаниясы арқылы Петропавлда жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеге қоршау бөгетін жаңғырту сынды жобалар», — деді Жамбыл Ахметбеков.

Ол жоғарыда аталған компанияның қызметіне, әрі пандемия кезінде BI коронавирус ауруханаларын қалай салғанын айтып берді.

«KAZPACO ЖШС – құрылыс саласына маманданған, BI Group холдингінің құрамына кіретін компания, 2001 жылғы 4 желтоқсанда құрылған.

KAZPACO 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде BI-дың лоббистік қолдауымен Алматы, Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстарында ешқандай бәсекесіз 78 млрд теңгеден аса сомаға 10 коронавирус госпиталін салуға тапсырыс алды.

СOVID-19 өршіп тұрғын жылы аталған компания бар болғаны 4,4 млрд теңге салық төлеген. Бұған дейін BI Group Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жалпы құны 15 млрд теңге болатын коронавирус ауруханасын салған еді. Кейін BI Group салған СOVID-19 госпитальдары сапасыз, келісімшартсыз, рұқсатсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз салынғаны, жабдықтарды сатып алуға қомақты қаржы жұмсалғаны анықталды. Мысалы, Түркістандағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын тапсыру кезінде ол пайдалануға дайын болмаған, ал Алматыда салынған «Жұқпалы аурулар ауруханасында» жылу болмаған», — деді депутат.

Тіпті кейбір мәліметтерге сәйкес, BI Group жекелеген коронавирус госпитальдарды салу кезінде өңірлерде бұзылған ғимараттардың құрылыс материалдарын пайдаланған.

«Мысалы Атырау облысының Опорный кентінде ТШО қызметкерлеріне арналған жатақхананы бұзған, ал құрылыс материалдары құны 5,5 млрд теңге болатын модульдік коронавирус ауруханасын салу үшін Алматыға жіберілген. Сондай-ақ Шымкентте және Алматыда екі модульді аурухананың сапасыз салынғанына, қаражаттың орынсыз жұмсалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс қозғады, ал Алматы госпиталін салу барысында мемлекетке шығын келгенін аудиторлық тексеру растады. Тергеу нәтижесі әлі жарияланған жоқ», — деді Жамбыл Ахметбеков.

Депутат 2020-2021 жылдары BI Group өңірлерде коронавирус госпитальдарын қалай салғанын, олардың қалай жұмыс істеп тұрғанын, медициналық қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі Ішкі аудит комитеті аталған нысандарды денсаулық сақтау мақсатында қалай пайдаланып жатқанын жіті тексеру қажет деп санайды.

«Бір көзден BI-дан коронавирус госпитальдар салу жөніндегі қызметтерді сатып алу шеңберінде салынған құрылыс сметаларының негізділігін анықтау және салыстырмалы талдау жүргізу үшін Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және Қазақстан бойынша облыстық мәслихаттар жанындағы тексеру комиссияларының қатысуымен тексеріс ұйымдастыруы керек.

Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және Есеп комитетінің қатысуымен олардың сметалары мен шығындарының негізділігіне объективті баға алу үшін BI Group тарапынан өңірлерде бірқатар коронавирус госпиталін салу нәтижесінде мемлекетке келтірілуі мүмкін залал бойынша тергеу жүргізетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жоғарыда аталған іс-әрекеттерді үйлестіруі тиіс», – деп сөзін түйіндеді Ахметбеков.

Дәурен Ерболат

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: BI Group қызметін жіті тексеру керек – депутат

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

5 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

5 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС