"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Отбасылық құндылықтар – әділдік пен сенімнің бастауы» облыстық фестивалі өтті

06.12.2025
Абай облысында «Отбасылық құндылықтар – әділдік пен сенімнің бастауы» облыстық фестивалі өтті

Абай облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамның барлық саласында ілгерілету мақсатында «Отбасылық құндылықтар – әділдік пен сенімнің бастауы» атты облыстық фестиваль өтті. Шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өңірдегі бірлік пен татулықты арттыру.

Фестивальдің ашылуында Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов сөз сөйлеп, отбасының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Заң және тәртіп» идеологиясын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы фестиваль – сол бастаманың өңірдегі бір көрінісі. Отбасы – тәртіптің, бірліктің, өзара сыйластықтың ошағы. Егер мемлекетіміздің тірегі – отбасынан басталады десек, заң мен тәртіп те ең алдымен әр шаңырақтан басталуы тиіс. Бүгінгі фестиваль қатысушылары ұйымшылдық пен татулықтың үлгісін көрсетеді деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Жарқын Жұмаділов.

Фестиваль барысында қатысушы отбасылар шығармашылық, ұлттық дәстүрлер, бірлік пен татулықты насихаттайтын түрлі кезеңдерде өз өнерлерін ортаға салды. Интерактивті сайыстар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әр отбасының ерекшелігін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Мақаншы ауданынан келген отбасыға бұйырса, екінші орынды Абай ауданы, үшін орынды Бесқарағай және Көкпекті аудандарынан келген отбасылар иеленді.

— Біз облысымыздың ең шалғай аймағы – Мақаншы ауданынан келдік. Мұндай үлкен шараға қатысу біз үшін мәртебе. Ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Президентіміз отбасылық саясатқа, ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударып келеді. Сол себепті бұл фестиваль бүгінгі қоғам үшін өте маңызды деп есептейміз. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, – деді жеңімпаз отбасының өкілі Дархан Мауытқанов.

Фестиваль өңірдегі отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы өзара сенім мен бірлікті арттыруға оң ықпал етті.

Абай облысында «Отбасылық құндылықтар – әділдік пен сенімнің бастауы» облыстық фестивалі өтті

Ұқсас жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

24.11.2026
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

Тәуелсіздік – қоғам үшін ең басты бағдар, оның мәні  мемлекеттілік тарихымен ғана емес, Қазақстанның қазіргі даму үдерісіне деген қоғамдық көзқараспен де...

Толығырақ...Details

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

24.11.2026
Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті және бас директоры лауазымдарына қайта тағайындағанын жариялағанға дейін, оны Қазақстан мен...

Толығырақ...Details

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

23.11.2026
ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық референс-зертханаларымен бірлесіп, туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи...

Толығырақ...Details

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

23.11.2026
ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардың дамуы құмар ойындар мен букмекерлік кеңселерде бәс тігуді кез келген адам үшін қолжетімді етті. Бүгінде оған...

Толығырақ...Details

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

23.11.2026
Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

Орман байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Осы бағыттағы Мемлекет басшысының...

Толығырақ...Details

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

23.11.2026
Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

Қазақстанда қалаларды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

1 час бұрын

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

5 часов бұрын

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

21 час бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

21 час бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

21 час бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

24 часа бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС