"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДӘРІГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

02.06.2022
ДӘРІГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Ол кезде оған 18,5 млрд теңге, ал 2021 жылы 22,2 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы мектеп оқушылары үшін кәсіби тексеру мен сауықтыру іс-шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалды. Бұл туралы ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі мәлемдеді.

Балалардың денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Балалар жеңілдікті санатқа кіреді және мемлекет есебінен МӘМС-те сақтандырылған. Тегін медициналық қызметтерді балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардан ала алады.

—  Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру туралы ойлайтындар аз. Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді, — делінген ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі ақпаратында.

Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке позицияға шығарылды. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл — медицинаның осы бөліміне кәсіби тексерулердің толықтығын тексеруге, аурулары анықталған балаларды дер кезінде Д есебіне тіркеуге, барлық стандарттардың сақталуын бақылауға және тағы басқаға ерекше назар аударылатындығын білдіреді.

Осы жылы Қор білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуге 436 емханамен 26,1 млрд теңгеге жуық сомаға шарт жасаған. 2020 жылы мектеп медицинасының қызметін 417 медициналық ұйым, 2021 жылы 430 медициналық ұйым көрсетті, шарттардың құны 22,2 млрд теңгені құрады.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылдың 1 тоқсанында мектеп медицинасы қызметі шамамен 6,4 млрд теңгеге көрсетілді.

Мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе балабақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Ол үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған кабинеттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізу үшін мектепке (немесе балабақшаға) тиісті профильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын ала жоспарланады және ата-аналар олар туралы хабардар етіледі.

Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында өткізілетін тексеруі кіреді. Сондай-ақ оқу орнындағы дәрігерлер балалардың салауатты өмір салтын ұстануы бойынша іс-шаралар өткізеді. Егер кәсіби тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға тереңдетілген медициналық тексеруге жіберіледі. Балалардың вакцинациялауы ата-аналарының келісімімен Ұлттық егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі.

Осылайша, мектеп медицинасы мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда уақтылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ДӘРІГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

24.04.2025
Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірде сальмонеллез және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) таралу деңгейі артқан....

Толығырақ...Details

Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандары салыну жоспарлануда

29.08.2024
Абай облысында 2024 жылы бірнеше саладағы жаңа нысандар пайда болады

Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық...

Толығырақ...Details

Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

21.08.2024
Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

Қадағалау және дер кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында облыста тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, пастереллез, лептоспироз, листериоз, құтыру және...

Толығырақ...Details

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

15.08.2024
Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы...

Толығырақ...Details

21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

18.07.2024
21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жарыс өтеді. Семей қаласындағы жарыс QAZAQ MARATHON...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

28.03.2024
Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

2023 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Абай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНЕН ӨШПЕК ЕМЕС 

16 часов бұрын

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары қорғалуда

18 часов бұрын

Орталық Азия жаһандық климаттық қаржыландыру мақсатына қол жеткізу үшін күш біріктіруде

21 час бұрын

Иорданияға тікелей рейс ашылады

21 час бұрын

ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

21 час бұрын

Семейде жайма-көше саудасы бірнеше есе азайды

2 дня бұрын

Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық байқау

3 дня бұрын

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

1 неделя бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

1 неделя бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС