"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТІГЕДІ

05.07.2022
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТІГЕДІ
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құдай қосқан қосағы қасында. Ана атандырған шекесі торсықтай ұлы аялы алақанында. Тұрақты жұмысы, қалыпты тұрмысы бар. Екінші сәбилерін де күтіп жүр. Үш айдан кейін үш бастары төрт болмақ. Бұл кезде Зүльфия Ерқасымова 23 жаста. Бірақ бір-ақ күнде жайма-шуақ, мамыражай өмірінің астан-кестені шықты. Қас қағымда құрсағындағы баласы мен екі аяғынан айырылды. Жалған дүниеден түңілді… Алайда Жаратқанның маңдайға жазған сынағынан сағын сындырмай, ерік-жігерін жанып, өмірге деген құлшынысын жанындағы ең жақындары – анасы, жұбайы мен ұлы оятты. Міне, содан бері ол арбаға таңылса да аянбай еңбек етіп, ел қатарлы ғұмыр кешуде. Бүгінде ұлттық нақышта көрпе-жастық тігіп, той мен мерекелік кештерді безендірумен айналысады. Оның қолынан шыққан жасанды гүлдерге тапсырыс беретіндер де аз емес.

Зүльфия Ерқасымова 1965 жылы Катонқарағай ауданы Солдатова ауылында дүниеге келді. Көп балалы отбасында өскен.

– Жеті ағайындымыз. Біздің балалық шақ қазіргі тәуелсіз ел ұрпақтарының күнімен салыстырғанда мүлде басқадай еді. Ол кезде заман да, адам да бөлек. Ауыл шаруашылығы күйреп, ауыр жұмысты әйелдер де білек сыбана істейтін уақытта бойжеттім. Ата-анам ерте жастан еңбекке баулып, туған жерге деген сүйіспеншілікке, біреудің ала жібін аттамауға тәрбиеледі. Әкеміз мал дәрігері, анамыз аспаз болды. 16 жасымда әкемнен айырылдым. Тағдырдың ауыр соққысынан шаңырағымыз теңселсе де, құламады. Анамыз біз үшін дамыл көрмей еңбектенді. Оған шама-шарқымыз жеткенше көмектесуге тырыстық, — дейді ол.

Он жылдық орта білім алған. Мектеп қабырғасында шынжыр табанды трактор жүргізудің теориясы мен тәжірибесін үйренді. Сөйтіп, мемлекеттік емтихандарды тапсырған соң аттестат қана емес, жүргізуші куәлігін де алды.

– Колхоз төрағасы жастарды туған жерде қалуға, шаруашылықты көтеруге атсалысуға шақырған-тұғын. Көп ойланбай ауылда қалып, тракторшы болып жұмысқа тұрдым. Жаңа айтқанымдай, ол заманда «бұл әйел істейтін жұмыс емес» деген түсінік жоқ. Отбасымызды асырау үшін ақша табу қажет болды, – дейді Зүльфия Дәуітқызы.

Сол жерде екінші сыңарын жолықтырған. Механизатор болып еңбек еткен Әділхан Ерқасымов екеуі 1984 жылы шаңырақ көтерді. Араға бір жыл салып, ұлдары Талғат жарық дүние есігін ашты.

– Қуанышымызда шек болмай, бақыттың базарын кештік, – деп еске алды кейіпкеріміз. – Осылайша, бәрі сәтімен келе жатты. 1987 жылы Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының XVI съезіне делегат болып сайландым. Содан кейін одақ мүшесі болып, комсомолдың, партия ұйымдарының съездеріне, жиналыстарына барып жүрдім. Бір жылдан кейін бүкіл өмірімді күрт өзгерткен оқиға болды…

1988 жылы 9 сәуірде әдеттегідей жұмысқа шыққан. Жүктіліктің алтыншы айында еді. Нөсерлетіп жаңбыр жауып тұр, айнала батпақ.

– Басында жемтаратқышта жұмыс істеп жүрдім. Кейін тракторды жөндеуге кірістім. Сол кезде қозғалтқыштағы айналмалы валға ілініп қалдым… Бәрі қас қағымда болды. Жедел жәрдем қызметкерлері мені Үлкен Нарындағы аудандық ауруханаға жеткізді. Көп қан жоғалтыппын. Немқұрайлылық танытқан дәрігерлер аяғымды бұраумен (жгут) байламай қойыпты. Ауруханаға келген туыстарымның қан тобы менікімен сәйкес келіп, төрт хирург ота жасады. Қолымды бірнеше жерден тікті. Өзім аман қалғаныммен, іштегі сәбиімнен айырылдым… Бірнеше күннен кейін көзімді ашып, екі аяғымның жоқ екенін көрдім.

Облыстық ауруханада бірнеше ай емделіп шыққан соң қатты күйзеліске түстім. Сол бір қаралы күн қайта-қайта көз алдымда көлбеңдей берді. Бірақ отбасым, күйеуім мен ұлым үшін сағымды сындырмауға бел байладым, – дейді Зүльфия Ерқасымова.

Оның кәсіпкерлікке бет бұрғаны бертінгі жылдары. Ал оған дейін талай салада жұмыс істеп көрген.

– Арбаға таңылғаннан кейін өзіме ұнайтын саланы таңдау оңайға соқпады. Алғашында ауылдағы кітапхана меңгерушісі болдым. Өскемен қаласында бухгалтерлік курстан өткеннен кейін Катонқарағай ауылындағы асханаға меңгеруші болып орналастым. Бос уақытымда ауылдың мәдени шараларына қатысып, ән айтып, сахнадағы қойылымдарға арналған киім тігіп жүрдім, – дейді кейіпкеріміз.

Содан кейін изолон, фоамиран сынды материалдардан сан алуан гүлдер жасай бастаған. Көптің көңілінен шығып жатты. 2002 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылғанда жасаған ойыншықтары келушілер назарына ұсынылды. Осылайша, қолөнерге икемі бар екенін түсініп, осыдан неге табыс таппасқа деген шешімге келді.

Ісің алға басу үшін, әлбетте, алғашқы капитал керек. Сол үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, өз бизнес жоспарын ойдағыдай қорғап шыққан. Сөйтіп, жарты миллион теңге қайтарымсыз грант алып, ұлттық нақышта көрпе-жастық тігіп, той мен мерекелік кештерді безендірумен айналыса бастады.

– Жасанды гүлдеріме де қызушылық танытатындар аз емес. Қолымнан шыққан түрлі бұйымдарым талай мектеп пен мәдениет үйлерінде тұр. Тек Шығыс Қазақстаннан ғана емес, еліміздің басқа қалаларынан да тапсырыс беретіндер бар, – дейді Зүльфия Дәуітқызы.

Алайда күллі әлемге кесел болған коронавирус індетіне байланысты карантин жарияланған соң тапсырыстар күрт азайған. Той-томалақ, мерекелік шаралар өткізілмей кетті. Бірақ алдағы уақытта қауіпті дерттің беті қайтқан соң бәрі оңалар деген үмітте.

– Балдан тәтті немелердің қызығын көру маңдайыма бұйырған екен, — дейді тағдырдың талқысына төтеп берген қайсар әйел. — 4 немерем бар. Солардың ерке қылықтарын тамашалау жанға қуаныш, көңілге шаттық сыйлайды. 84 жастағы анам да ұлымның қолында тұрады. Біреуден кем, біреуден ілгері дегендей, ел көргенді бірге көріп өмір сүріп жатырмыз. Осыған мың да бір шүкір!

Т.МҰХАМАДИЕВ

Мақалада: ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТІГЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

4 часа бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

4 часа бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

5 часов бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

1 день бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

1 день бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС