"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Бар-жоғы үш сағатта баспаналы болдым»: Алматы тұрғыны цифрлық ипотеканың көмегімен қалай үй алғанын айтып берді

08.07.2022
«Бар-жоғы үш сағатта баспаналы болдым»: Алматы тұрғыны цифрлық ипотеканың көмегімен қалай үй алғанын айтып берді

Ұлболсын Бердібекова, жеке архивтен

411
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстандықтардың көпшілігі бүгінде тұрғын үйді ипотекалық қарызға рәсімдейді. Бұл процестің әдетте банк филиалдарына бірнеше рет барып, ұзын-сонар кезекте тұру, қағазбастылықпен жүретіні жасырын емес. Кейде, тіпті, азаматтарға банк шешімін ұзақ күтуге тура келіп жатады. Бұрындары үйде отырып баспана алуды елестету қиын еді, ал технологиялар қарыштаған қазіргі заманда тұрғын үй ипотекасын қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік пайда болды. Мұндай мүмкіндікті қазақстандықтарға Freedom Bank сыйлап отыр.

33 жастағы Ұлболсын Бердібекова – цифрлық ипотеканы рәсімдеген алматылықтардың бірі.  Жақында ол мегаполис маңынан екі бөлмелі үй сатып алды. Баспаналы болуды жылдар бойы армандапты. Сәті түсіп, цифрлық ипотеканың көмегімен үш сағатта баспана алған кейіпкеріміз тәжірибесін редакциямызбен бөлісті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуды жоспарлаған кейіпкеріміз Freedom Bank ұсынған мүмкіндік туралы естиді.

Жеке пәтерім болмағандықтан, Алматы қаласында ата-анаммен бірге тұрып келдім. Бір жыл бұрын жеке тұрғын үй алу мақсатында қаражат жинай бастадым. 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаны жинап, «7-20-25″ бағдарламасы бойынша баспана алу үшін әрекеттендім. Тұрғын үй салушы Freedom Bank арқылы пәтерді онлайн және бір тәулікте алуға болатынын айтты. Барлығы соншалықты жылдам болады деп ойламадым», – деп есіне алады ол.

Алматылық ару Freedom Bank арқылы ипотеканы үйде отырып рәсімдеуге болатынын білгенде, қатты таңғалғанын жасырмайды.

Бар-жоғы 4 қадам және бәрін онлайн өтуге болады. Алдын ала банк тарапынан мақұлдауға ие болдым, пәтердің бағалауын да өздері жүзеге асырып берді. Ал келесі күні үйді құжат жүзінде рәсімдедік. Бұл – ары кетсе, жарты күндік жұмыс. Әрине, өте ыңғайлы. Бұған дейін мұндай бағдарламаның бар екендігінен бейхабар едім, тіпті, мұндай банктің бар екенін де білмедім», – деп ағынан жарылды Ұлболсын.

Кейіпкеріміз пәтерді рәсімдеу онлайн жүретіндіктен, процесс өте оңай әрі жылдам болғанын да айтып өтті.

Банктің менеджерлері сізге басынан аяғына дейін қолдау көрсетеді. Оларға кез келген сұрақпен хабарласа аласыз. Жауапты да жылдам аласыз. Бір сөзбен айтқанда, банктің қызметі өте жақсы. Осының барлығы үшін бөлімшесіне де шапқылап жүрудің қажеті жоқ. Бас-аяғы үш сағаттың ішінде үйді ипотека арқылы рәсімдеп алдым. Банк  бөлімшесіне мүлдем барған жоқпын, тек келесі күні ғана үй салушыға барып, нотариалды түрде пәтерді өз атыма аудардым», – дейді ол.

Ұлболсын Алматы маңынан 2 бөлмелі, ауданы 85 шаршы метр пәтер алған. Жалпы құны – 23 млн 500 мың теңге. Алғашқы жарна ретінде соманың 20 пайызын құйып, 7%-бен 25 жылға рәсімдеген.

"Бар-жоғы үш сағатта баспаналы болдым": Алматы тұрғыны цифрлық ипотеканың көмегімен қалай үй алғанын айтып берді
Ұлболсын Бердібекованың құрылысы толық аяқталмаған үйі, жеке архивтен

Айта кетейік, цифрлық ипотека дегеніміз – ипотекалық несиені онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін инновациялық және технологиялық банк сервисі. Мұндағы артықшылық – өтінім беруден кепілді тіркеуге дейінгі әрбір қадамды қашықтан әрі өте жылдам өту мүмкіндігі.

Цифрлық ипотеканы рәсімдеу банк сайтында жүзеге асады. Ол үшін ең алдымен платформаға кіріп, ипотекалық калькулятормен шарттарды есептеу керек. Ал өтінімді содан кейін бересіз. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізді енгізіп, жеке тұлғаңызды видео арқылы растайсыз. Келесі қадам –  құрылыс салушы компания мен ТК (тұрғын үй кешені) атауын енгізесіз.

Бұдан соң сатып алу-сату шартын рәсімдеу қажет. Әдетте барлық рәсімдеу мен қарыз беру процесіне бір тәулік қана кетеді. Осы арқылы дәстүрлі, яғни, офлайн түрде ипотека рәсімдеумен салыстырғанда, тұтынушылардың уақыты айтарлықтай үнемделеді. Банктің мақұлдауына бар болғаны 3 минут, ал бағалауға 5 минут кетеді.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңындағы аймақтар мен Ақтау, Атырау, Шымкент тұрғындары 25 млн теңгеге дейінгі сомада үй ала алса, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңгеге дейін, ал өңір тұрғындары 15 млн теңгеге дейін ипотека рәсімдей алады.

Банк қарызы 3 миллион теңгеден басталады, ипотека 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Банктің көмегімен «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер (мөлшерлемесі 7%, ЖТСМ – 7.2 %-ға дейін), одан бөлек қайталама нарықтан тұрғын үй  (мөлшерлемесі 16 %, ЖТСМ – 17.6 %-дан бастап) алуға болады.

Ұлболсын цифрлық ипотеканың артықшылығы – банк бөлімшесінде кезекке тұрып, құжаттармен ары-бері шапқылап жүрудің қажеті жоқ, сондай-ақ, бірнеше сағатта үйлі болуға мүмкіндік деп отыр.

«Цифрлық ипотека мүмкіндіктері жайлы қазақстандықтар білуі тиіс, себебі бұл қоғамға керек бағдарлама деп ойлаймын. Сайтқа кірсеңіз, арлығы өте оңай әрі түсінікті. Әрбір қадам платформада көрсетіліп тұрады. Тағы бір ұнағаны, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, менеджердің көмегінсіз-ақ өтінішті онлайн түрде тапсырасыз», – дейді ол.

Су жаңа пәтер иесі небәрі бір тәулікте баспаналы болғанына өзі де сене алмаған, ал жақындары бастапқыда таңырқай сеніңкіремегенін еске алады.

«Өте қатты қуандым. Үйдегілер де тез арада пәтер алғаныма аң-таң.

Үйде әлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, пәтердің кілтін әзірге алған жоқпын. Жарты жыл ішінде пәтерге кірсек деген ниет бар», – деп түйіндеді ол.

Мақалада: "Бар-жоғы үш сағатта баспаналы болдым": Алматы тұрғыны цифрлық ипотеканың көмегімен қалай үй алғанын айтып берді

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

44 минуты бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

24 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

24 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС