"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛДЫ

13.07.2022
БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛДЫ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Дені сау ұлт»

Семей қаласындағы Перинаталдық орталық базасында  балаларды оңалту және ерте араласу орталықтары ашылды.

Балаларды оңалту орталығы 0 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналса, ерте араласу орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Орталықтарды ашудағы  басты мақсат – балалар арасындағы мүгедектікті азайту. Бұл орталықтарда дамуында ауытқу бар және олардың пайда болу қаупі бар 1200-ге жуық бала жыл сайын кешенді оңалту курсынан өте алады. Екі мекемені «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ орталықтарды медициналық оңалту жабдығымен қамтамасыз етіпті.

Орталықтардың ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Байахметов, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының  орындаушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.

— Бүгін бірден балаларға арналған екі орталық ашылып отыр. Бұл — ата-аналар үшін  үлкен қуаныш. Мұндай орталықтардың ашылуы — біздің қоғамымыздың, еліміздің дамуының көрсеткіші. Баршаңызға денсаулық пен амандық тілеймін! — деді Бақытжан Байахметов.

— Осындай орталықтар еліміздің басқа өңірлерінде де ашылып жатыр. Біз жаңа Абай облысы халқының әл-қуатын жақсарту үшін алдымызға бірқатар жоспарлар қойып отырмыз. Облыста біздің еншілес компаниялардың өкілдері жұмыс істеуде, солардың арқасында осындай жобалар іске асырылуда. Орталықтарда шетелдің ең заманауи жабдықтары орнатылды, қызмет көрсететін мамандар арнайы даярлау курстарынан өтті. Біз тек қана кішкентай бүлдіршендіріміздің тұсаулары кесіліп, тілдері ерте шыққанын қалаймыз, — дейді Ғибрат Ауғанов.

БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛДЫ

Перинаталдық орталықтың неонаталдық және педиатриялық қызмет басшысы Гүлжазира Дюсекенова қонақтарды орталық жұмысымен таныстырып, емдік-дене шынықтыру, механотерапия залдарын, педагогтер мен психологтердің кабинеттерін, логопед, дефектолог, сенсорлық, кондуктивтік терапия бөлмелерін, бальнеотерапия кабинетін және  бассейнді көрсетті.

Бұл бірегей орталықтарда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Мамандар аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланы қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін омыртқа мен буындардың қозғалғыштығын және жүру дағдыларын қалпына келтіруге арналған  заманауи технологиялар қолданылады, арнайы техникалық құралдар, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады. Сонымен қатар балалар күнделікті жеке жаттығу терапиясын, физиотерапия, жарық терапиясы, су массажын қабылдайды, логопед және дефектолог мамандар сабақтар өткізеді.

Ерте араласу орталығының негізгі қызметі – дамудың ерте кезеңдеріндегі (3 айдан 3 жасқа дейін) балаларға кешенді оңалту көмегін көрсету, өйткені 3 жасқа дейін баланың миы оңалту емін жақсы қабылдайды. Ем неғұрлым ерте басталса, мүгедектіктің ауырлығы соғұрлым төмен болады және баланың ауруын жеңу мүмкіндігі де жоғары болады. Орталық мамандары ата-аналармен де жұмыс жүргізеді. Оларға баланы көтеру, тамақтандыру, киіндіру, дұрыс отырғызу сияқты қарапайым күнделікті әрекеттер мен қимылдарды үйретеді. Мамандардың айтуынша, оңалтуда ұсақ-түйек болмайды, әсіресе ерте кезеңде барлығы маңызды.

Орталықтар тек қала тұрғындарына ғана емес, облыс аудандары мен қалалардан келушілерге де қызмет көрсетеді.

 

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

19 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

19 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

19 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС