Абай облысының әкімі бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Аймақ басшысы Семейден шыққан кәсіпкерлермен кездесу өткізіп тұру туралы идеясын айтты.
— 10 тамызда біз Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл ұлы ақынның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі Абайға көрсетілген алғашқы құрмет болмақ. Бұл есте қалатын шара болуы керек. Біз Семей қаласында бұрынғы Семей облысында және Семейде дүниеге келген жерлестердің басын қосып, форум өткізуді ұсынамыз, — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Аймақ басшысы форумға жаңа облыстың қалыптасуына өз үлестерін қосуға ниет білдірген түрлі салада табысқа жеткен бизнестің көрнекті өкілдері шақырылатынын жеткізді.
Қазір алдағы кездесуге қатысушылардың тізімі жасалуда. Шақырылатын адамдарды кәсіпкерлер өздері ұсына алады және алдағы форумды ұйымдастыруға қатыса алады.
Абай облысы әкімдігі