"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА САЙ

19.07.2022
ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА САЙ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күршім, Марқакөл бағытына барар жол жақын, жақында болса да алыс. Өйткені орта жолда оңай-оспақ өткізе қоймас су өткелі бар. Дәл осы өткелде кезек күтуден шаршаған жұрттың жанайқайы екі жылдың алдында Президенттің құлағына жеткен болатын. Естіген бойда ел Президенті халық үніне құлақ асып, көпір салуды тапсырған еді. Жоспарға сай жұмысы дер кезінде басталып кетті. Қазіргі таңда техникалық көпірдің 300 метрі салынғанын көзбен көріп қайттық.

Жоспарлы уақыт артта қалып, жол ортада тоқтап тұрған құрылыс көп. Сондықтан болар, жергілікті жұрт бұл көпірдің жұмысы да ащы ішектей созылып кете ме деп алаңдайды. Оған дәлел — Омбы – Майқапшағай, Өскемен – Талдықорған тас жолдарының құрылысы 2020 жылдары аяқталуы керек еді, әлі бітпеді. Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы төте жолдың құрылысы да тұралап тұр. Ал Күршім көпірінің аяқталар мерзімі 2025 жылға жоспарланған. Сондықтан ұттырып алмаса, уақыт бар. Қазіргі таңдағы көпір құрылысының қарқыны жаман емес көрінеді. Жауапты компания жұмысты екі жағалаудан қатар бастаған. Негізгі жұмыс күші Күршім ауданына қарасты Құйған ауылы жағынан басталған тұсқа жұмылдырылыпты. Көпір жұмысын бастағанға дейінгі жұмыстың көп уақыт алғаны айтпаса да көзге көрініп тұр. Солай болғанын бізге учаске басшысы да баяндап берді. Жағалауға екі үлкен бетон зауытын салыпты. Бірі тоқтаса, бірі жұмысты жалғастырады. Қыстың аязында да ыстық цементті дайындап, құя беруге арналған. Сондықтан енді жұмысты тоқтатуға еш сылтау жоқ. Ал көпір құрылысына таңдаулы материалдар ғана қолданылады. Мысалы, құрамы суға шыдамды, арнайы зерттелген құмды Боран ауылының тұсынан тапқан. Әудем жердегі әдеттегі құм жарай бермейтін болғандықтан, Бораннан тонналап құм тасыпты. Керекті қиыршық тасты да қыраттан теріп ала салмайды, арнайы Өскеменнен тасиды. Осылайша тас-топырақтың да төзімдісін пайдаланып жатқандарын айтты. Көпір аузындағы кішігірім қалашықта жұмысшыларға арналған 84 орындық екі жатақхана салыпты. Материалдарды сақтауға арналған қаз қатар қоймалар мен темір-терсек, техникалардың саны адамнан көп. Сол техникалардың күшімен техникалық көпірдің 300 метрін салып тастапты. Ал онымен қатарласа негізгі көпірдің де тағаны тартылып, тіреулері орнатылыпты.

– Қазіргі таңда құрылыс материалдары жеткілікті деуге болады. Жұмыс күші де, техника да бар. Техникалық көпірмен қатар негізгі көпірдің құрылысын қатар алып келе жатырмыз. Тіреулерін құйып алған соң жұмыс тез жүреді. Қазір №21 тіреу дайын тұр. Тағы екі тіреудің арматура темірден қаңқасы тоқылып жатыр, – дейді құрылыс алаңындағы жұмыстармен таныстырып жүрген учаске басшысы Юрий Чанов.

Шаруаның шашауын шығармаймын деп қолға алған Юрий сөзге шешен, іске бекем сияқты. Бізге көпір құрылысының егжей-тегжейіне дейін түсіндіріп берді. Арасында әлемдік саясаттың, сүреңсіз соғыстың да жұмысқа зияны барын айтып, қынжылып қояды. Оның айтуынша, көпір құрылысына қажетті болат деталь Украинада шығарылады екен. Бастапқыда алып тұрған деталь енді жоқ. Сондықтан оны басқа жақтан қарастырып жатқандарын айтты.

Жол қысқартып, уақыт ұтуға арналып салынып жатқан еліміздегі болашақ ең ұзын көпірдің жұмысына «ОблШығысЖол» ЖШС жауапты. Бұрын бұндай көпір салып көрмесе де білек сыбана кіріскен. Жұмыстың тізгінін қолға алған Юрий Чановтың айтуынша, суда жұмыс істеудің қиындығы көп көрінеді. Жалпы көпірдің ұзындығы 1300 метр болса, судың ең терең жері 23 метр. Осы 23 метр тереңдікке тіреу орнатудың өзіндік тәсілін де тілге тиек етті. Алдымен жуан темір құбырларды су түбіндегі қатты қыртысты қабатқа тірелгенше қағады екен. Содан кейін барып құбыр ішіне арматурадан тоқылған қаңқа орнатылады. Мықтап орнатылған соң бетон құяды. Бетон салмағымен суды сыртқа шығарады. Тіреу орнатылған соң арнайы мамандар оны үнемі тексеріп отырады. Қолмен ұстап, көзбен көріп ғана қоймай, тіреудің үстінен 450 тонна салмақпен басады екен. Осыған дейін орнатылған тіреулердің барлығы да осы сынақтан өтіп, ойдағыдай нәтиже көрсеткен.

Көпір салушылар болашақта баржа, паром, кемелердің жүріп өту жолын да ескерген. Сондықтан да орта тұстағы бір тіреудің арасын 75 метр қашықтықта, қалғанын 64 метр қашықтықпен орнатқан.

— Қазіргі уақытта техникалық көпірдің 300 метрімен қоса, негізгі көпірдің тіреулері орнатылды. Жұмыс уақыт жоспарына сай жүргізіліп жатыр. Көпір құрылысы аяқталған соң жарық тарту, жақтауларын орнату секілді жұмыстар да біраз уақыт алады. Одан бөлек көпірге дейінгі жол құрылысы тағы бар. Жұмыс жоспарға сай жүзеге асатын болса, 2025 жылы Күршімге көпір арқылы баратын боламыз, – деді Юрий Чанов.

Қалған үш жылда үміт ақталса болғаны. Уақыттың ұршығы тоқтамаса, көпірден өтер күнге де жетерміз. Тек, көпірге бөлінген миллиондар суға кетпесін деп тілейік.

Қ.ДҮРГІНБАЙ

Мақалада: ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА САЙ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

6 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

6 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

9 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

11 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

11 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

11 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

11 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС