"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ

25.08.2022
«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты І Республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын тамамдады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова форумға қатысушыларды өзінің табысты және шығармашыл әріптестері ретінде атай алатынын мақтанышпен жеткізді:

– Біз, ұстаздар, болашақ премьер-министрлер мен президенттерді, ұлт қаһармандары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы, нағыз патриоттар мен бақытты адамдарды кездестіріп, оқытамыз. Бүгінде еңбек жолын бастаған әрбір жас маман өз өмірін мектепке, балаларға арнайды.

Республикалық форум жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған NIS-тің  ауқымды жобасын жалғастырды. Идеяның өзі жас ұстаздардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесуден кейін туған.  Елордада, Өскеменде, Қарағандыда, Алматыда, Павлодарда, Қостанайда бірқатар кейс-сессиялар өтті.

– Технология мен экономиканың қарқынды дамуы білім саласына қуатты серпін береді.  Бүгінгі таңда мұғалімдердің заман талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды.  Мұғалім – қашанда сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке, бірақ әрқашан әлемдік білім беру тенденцияларына сай болуы керек, – деп педагогтердің кәсіби дамуы мен мамандықтың логикалық эволюциясының ерекше маңыздылығын Күләш Шәмшидинова атап өтті.

TEDTalk-те форумға қатысушылар мотивациялық спикерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды,  жас ұстаздар алдында өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандықтар сөйледі.

Ұлыбританиядан NIS-пен ұзақ уақыттан бері табысты ынтымақтастық орнатқан Кембридж университетінің білім беру факультеті өкілі Элейн Уилсон жас оқытушылар қатарына қосылды.
– Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан әзірленген мұғалімдерді кәсіби даярлаудың көптеген жақсы бағдарламалары бар. Ұстаздар үнемі білімдерін жетілдіріп отырады, бұл сіздің елдің біліктілікті арттыруда жетекші екенін дәлелдеп отыр. Бәрін білемін деп ойламаңыз, оқи беріңіз, оқи беріңіз, – деген Элейн Уилсон форум қатысушыларына сәттілік тіледі.

Екі күн шығармашылық талпынысқа, жаңа таныстықтарға, кәсіби жаңалықтарға, өршіл жобаларға, шабыттандыратын тренингтер мен шеберлік сағаттарына толы болды.

Форумға қатысушылармен «галстуксыз кездесуге» Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» дамыту қорының директоры, «SHARE орта білім берудегі ғылым» жобасының жетекшісі Назипа Аюбаева, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова келді.

Семей қаласындағы Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалімі, Қазақстаннан алғаш болып Global Teacher Prize жаһандық сыйлығының топ-50 иегері қатарына кіріп, амбассадоры атанған Асхат Жұмабеков жаңа буын ұстаздарының мерекелік көңіл-күйіне ерекше үн қосты. Асхат өз мамандығын саналы түрде таңдағанын айтып, нағыз мұғалім ретінде форумға қатысушыларға олардың әрқайсысы өзінің ең үздік нұсқасы бола алатынын нық сеніммен жеткізді.

Жаһандық білім беру комиссиясының Азия хаб комиссары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әрбір делегатқа үміт артатынын және отандық білімнің бәсекеге қабілетті және табысты болатынына сенімін білдірді, сондай-ақ барлық жас мұғалімге NIS-тің үлкен отбасына қабылданғанын ерекше атап өтті. Республикалық форумның негізін қалаушы ретінде Күләш Ноғатайқызы алдағы уақытта барлық облыста өңірлік кездесулер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Форумды ұйымдастырушылар – отандық мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан Педагогикалық шеберлік орталығының табысты командасы сахнаға шығып, жас мамандардың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Бүгінде «Табысқа апарар жол» бірінші форумы тарих бетіне жазылды, педагогтердің кәсіби дамуы мен байланысы үшін бірегей платформа құрылды және еліміздің үздік жас мұғалімдері NIS-пен бірге табысқа жету жолын жалғастырады.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Атыраулық оқушы әлемнің ең мықты 5 университетінен шақырту алды

24.02.2023
Атыраулық оқушы әлемнің ең мықты 5 университетінен шақырту алды

Атыраулық оқушы Полина Вардашко әлемнің ең мықты 5 университетінен шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Дарынды оқушы қазір Атыраудағы Назарбаев...

Толығырақ...

ЖАҢА ИДЕЯЛАР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

10.02.2023
ЖАҢА ИДЕЯЛАР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Семейде Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Айтолқын САМАТОВА,...

Толығырақ...

«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

08.11.2022
«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  толуына орай өткізілетін Семей қаласындағы орта мектеп оқушылары арасындағы «NIS CUP-2022»  қалалық пікір-сайыс...

Толығырақ...

NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

01.11.2022
NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған IQanat hackathon воркшоптары өтуде. 4 күнге жоспарланған шараға...

Толығырақ...

Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

31.10.2022
Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулеймен Демирель университетінде өткен Ашық есік күнінде айтты  2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және...

Толығырақ...

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17.10.2022
Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай немесе кешке оқу форматында оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тізімнен физика және...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

14 часов бұрын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

15 часов бұрын

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

16 часов бұрын

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

17 часов бұрын

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

18 часов бұрын

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

18 часов бұрын

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

4 дня бұрын

Айнұр Тұрсынбаева гендер пати жасады

5 дней бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

5 дней бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС