"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРТІС САБАНТОЙЫ ӨТЕДІ

27.08.2022
ЕРТІС САБАНТОЙЫ ӨТЕДІ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Татарстан премьерминистрінің орынбасары Василь Шайхразиев іссапармен Семей қаласына келді. Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев пен Василь Шайхразиев Сабантой мерекесін Абай облысында ұйымдастыру мәселесін талқылады. Яғни, тұңғыш Ертіс маңы Сабантойы Абай облысында өтеді. Мерекеге Татарстан басшысы Рустам Минниханов та қатысады деп жоспарлануда. Кездесу барысында Нұрлан Ұранхаев Қазақстан мен Татарстанды бұрыннан іскерлік және мәдени қатынастар байланыстырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ инвестициялық жобалар іске асырылуда. — Құрметті Нұрлан Тельманұлы, бірінші кезекте, Татарстан Республикасы президентінің сәлемін жеткізгім келеді. Алғашқы Ертіс Сабантойын ұйымдастыруға атсалысып жатқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Татар мен қазақ — бауырлас халықтар. Қазақстанда 200 мыңнан астам татар ұлтының өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біз әр түрлі саладағы қазақстандық әріптестеріміздің озық тәжірибесін әрқашан қабылдаймыз. Біз Ресейде және басқа да көптеген елдерде Сабантой мерекесін ұйымдастырамыз. Ал биыл 10 қыркүйек күні Семейде алғашқы Ертіс маңы Сабантойын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мереке біздің халықтарымызды одан әрі жақындастыра түседі, — деп атап өтті Василь Шайхразиев. — Біз Сабантойды міндетті түрде ұйымдастырамыз, тәжірибе бар. Менің орынбасарым Шалқар Заманбеков осы мәселелермен айналысатын болады. Татарстан Президентінің сапары біз үшін күнделікті оқиға емес. Біз одан әрі ынтымақтастыққа ұмтыламыз. Сабантой бір іс-шарамен ғана аяқталмай, болашақта жалғасын табады деген үміттенемін, – деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ұранхаев. Мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей Федерациясынан татар этно-мәдени орталықтарының өкілдерін шақыру жоспарлануда. Жалпы, Сабантой — ежелгі ауылшаруашылық мерекелерінің бірі. «Сабантуй» татар тілінде «жер өңдеу тойы» дегенді білдіреді. Татар халқының бұл ұлттық мерекесі Наурыз мейрамына өте ұқсас. Бұл күні халық алаңға жиналады. Түрлі шаралар – ойын-сауық, спорттық сайыстар ұйымдастырылады.

Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

09.09.2026
Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне және басқа да...

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

08.09.2026
Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында мерзімді әскери қызметке шақырылған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

55 минут бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

57 минут бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

1 час бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

6 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

6 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

6 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС