"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

12.07.2022
ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

default

27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай ауданының
әкімі Нұржан
Абдыкаримов
облыстық
мәслихаттың кезектен тыс, екінші сессиясында ауданның туристік әлеуеті туралы
баяндама жасады.
— Біздің аудан өзінің
терең тарихымен көпке танымал және бұл өңірдің дамуына үлкен мүмкіндік береді. Ауданда ішкі туризмді
дамытуға жол қойылған.
Өйткені бұл — экономиканың
басым салаларының бірі.
Абай ауданы мәденитанымдық, экологиялық, балалар мен жасөспірімдер,
аграрлық және тағы басқа да
туризм салаларын қамтиды.
Осы индустрияны дамыту
үшін барлық мүмкіндік бар.
Бүгінде Семей қаласындағы
ішкі туризммен айналысатын
төрт туристік оператормен
(«Альма тур», «Тогас тур»,
«Рахмет тур», «Шолпан»)
байланыс орнатылып, өзара
ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. «Өз
еліңді танып біл», «Әдеби
шығыс» туристік жобалары маршруттарына
Абайдың Жидебай — Бөрілі
тарихи-мәдени және әдебимемориалдық мұражай
қорының Абай ауданындағы
бөлімі енгізілді. Сонымен
қатар Өскемен қаласындағы
«Нұрлы саяхат», «Кругозор»
сынды туристік мекемелер
мен Абай мұражайы арасында келісімшарт жасалды.
Туроператорлармен жүргізілетін негізгі жұмыстардың
бірі – «Ұлылар мекені» туристік бағытын дамыту.
Ауданға келген қонақтар
ат басын тірейтін бірденбір танымал туристік орындар – М.Әуезов дүниеге
келген Бөрілі мекені мен
А.Құнанбайұлының кіндік
қаны тамған, тарихи маңызы
зор мекен Сырт Қасқабұлақ
және қасиет, құт дарыған
Ақшоқы, — дейді аудан әкімі
Нұржан Оразбекұлы.
Аудан басшысының айтуынша, ішкі туризмді
дамытуға бағытталған
шаралардың бірқатары өз
нәтижесін беруде. Ұлылар
еліне келушілер саны
жылдан-жылға артып келеді.
Бұған бірден-бір себеп – ұлы
ақын Абай Құнанбаевтың
175 жылдық мерейтойы
қарсаңында ұзақ уақыт ескерусіз, елеусіз қалған тарихимәдени орындардың қайта
жандануы. Мәселен, ауданда елімізде тұңғыш
рет Құнанбайдың өмірі
мен қайраткерлік қызметін
дәріптейтін мұражай салынды. Заман талабына сай
жабдықталған мұражайда
қазақ халқының Құнанбай
дәуіріндегі құндылықтары
мен ұрпақтар сабақтастығы
жаңғыртылып, қажының
еліне сіңірген еңбегі
дәріптелуде. Мұражайдың
экспозициялық залында
ұлылар мекенінің тарихынан,
өнер-мәдениеті, тұрмыссалтынан көрініс беретін
құнды жәдігерлер, бағалы
бұйымдар, тұрмыстық заттар
қойылған.
Сондай-ақ жергілікті
демеушілердің арқасында тарихи орындардың бірқатары
жаңа келбетке енуде. Семей
— Қарауыл тас жолынан 4
шақырым жерде орналасқан
Еңлік пен Кебек жасырынған
үңгір аумағы демеушілер
есебінен қоршалыпты. «Абай
жолында» айтылатын Орда
тауынан асқанда орналасқан
Әйгерім бұлағының басына
арнайы белгі орнатылған.
— Қарауыл ауылынан
оңтүстік-батысқа қарай 15
шақырым жерде Айпара
ана кесенесі, Жидебайдан
8 шақырым жерде Кеңгірбай
би кесенесі орналасқан.
Ауданның ең көлемді туристік орындарының
қатарына Қоңыр әулие
үңгірін жатқызса болады.
Ел мақтанышына айналған
бұл орындар – келушілерге жақсы демалыс сыйлайтын, ұлылар өмірге келген
жердің қасиетін, өр рухын
сездіретін басты нысандар,-
деді Нұржан Оразбекұлы.
Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС