"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

12.07.2022
АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін халықты
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсыр- масы жер-жерлерде жүзеге асырылып жатқаны бел- гілі. Бұл ретте Бородулиха ауданы облыстағы таза су- мен қамтамасыз етілген аудандардың ішінде алдыңғы
қатарда тұр.

Бүгінде өңір тұрғындарының 97 пайызы
таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Ендігі міндет – халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз
ету. Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали
Нұрғожин 5 шілде күні өткен Абай облы- сы мәслихатының кезектен тыс, екінші
сессиясындағы баяндамасында айтты.
Аудан аумағында Белағаш су құбыры
салынып, пайдалануға берілген. Топтық су
құбырлары бірінші кезеңде 2008 жылы, екін- ші кезеңде 2014 жылы пайдалануға берілді. Су құбырының ұзындығы 138 шақырым,
23 сорғы станциясы бар. Аудандағы 49 елді
мекеннің 19-ы Белағаш су құбырының суын
пайдаланады. Оның ішінде 11 елді мекен
ауылішілік су желісімен қамтамасыз етілген.
Тұрғындар үшін бір текше метр судың
құны – 30 теңге, жалпы тариф – 643 теңге.
Жақында суық суды тұтынудың жаңа нормалары енгізіліпті: су құбыры тартылмаған
тұрғын үйлердегі бір адамға 40 литр, құбыр
тартылған үйлерде тәулігіне 140 литр бо- лып бекітілді.
— Біз бұл мәселені бір ай бұрын шештік.
Белағаш су құбырынан басқа, ауданда
жеке сумен жабдықтау көздері бар жеті су
құбырлары бар, осындай 9 елді мекен бар.
Алты елді мекенде блок-модульдік станциялар орнатылды, — деді аудан әкімі.
Бородулихадағы жергілікті су
желілерінің ұзындығы 82,5 шақырым.
Алты елді мекенде блок-модульді стан- циялар орнатылған. Жезкент кентіндегі су құбыры 48 километр. Аудан әкімі атап
өткендей, Орловка ауылына су Ресей
Федерациясының аумағынан беріледі.
Бір текше метр судың құны 56 теңгені
құрайды. Аудандағы барлық су желілері
үш кәсіпорынның қарамағында. Ұзындығы
23,2 шақырым болатын су құбырлары
Бородулиха ауылында орналасқан. Оның
18 шақырымы магистральдық желілер.
Ауданда 5 кәріз сорғы станциялары орна- тылды.
Аталған сектор бойынша Бородулиха
ауданында бірнеше мәселе бар. Қазіргі
таңда төрт кәріз сорғысы ауыстыруды талап етеді. Аудан басшысы Ахметқали
Нұрғожин облыстық мәслихат депутаттары
жағдайды біліп отырғанын атап өтті.
Тағы бір қиындық туғызып отырған
жағдай аудан аумағында орналасқан
Глуховское кен орнымен байланысты бо- лып отыр, ол жерге су топтық су құбырынан
беріледі. КСРО кезінде кен орнында 11
ұңғыма болған, қазіргі уақытта олардың
екеуі ғана жұмыс істейді, үшінші ұңғыма
жөнделіп жатыр. Аудан басшысының
айтуынша, өңірге іссапармен келген
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Александр Милютин, «Қазсушар» РМК және
Экология министрлігінің өкілдері барлық
мәселелермен танысқан. Тұрғындар саны
аз Зубаир, Байтанат ауылдарындағы су
құбырларын қайта жаңартуды сұраған болатын.
— Бұл мәселелерді Парламент және
министрлік өкілдері бақылауға алды.
Переменовка, Андроновка, Жаңа Шүлбі
ауылдарын 100% сумен қамтамасыз
ету үшін биліктің қолдауы қажет. Ол
үшін жобалық құжаттама әзірленуде. Біз
облыстық бюджетті нақтылау барысында
бұл мәселе оң шешіледі деп үміттенеміз, —
деді аудан әкімі.
Депутаттар осы мәселе, атап айтқанда
бюджет қаражатының пайдаланылуы, үй
жануарларын суару жайы, Зубаир және
Байтанат ауылдарында қазіргі жағдай туралы сауалдар қойды. Қазір бұл елді мекендерде жергілікті су желілері бар, станция- дан адамдар суды кестеге сәйкес алады.
Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ,
«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС