"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫ: НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ?

09.09.2022
«SARAP» ЭКСПЕРТТІК КЛУБЫ: НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ?
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шәкәрім университетінің «Үш анық» конференц-залында «Жолдау — 2022: Әділетті Қазақстан жолында» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған бұл жиынға «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымы ұйытқы болды.

Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекетті одан әрі жаңғырту, елді әлеуметтік қолдау бағытында жүзеге асырылатын бастамаларға қатысты жаңа міндеттер талқыланды.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев, қалалық мәслихат депутаты Әліби Абдураимов, мемлекеттік орган өкілдері, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, Шәкәрім университетінің студенттері және қоғамдық даму институтының сарапшылары қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Жолдауда айтылған ауқымды саяси реформалар бағдарламалары мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың негізгі басымдықтарын қозғады. Іс-шара «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қазбек Майгелдиновтың модераторлығымен өтті.

Ол өз сөзінде Жолдаудың экономиканың сапалы және инклюзивті өсуіне, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына тоқталды.

«Біздің «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысын өткізуіміздің басты мақсаты – 1 қыркүйектегі ел Президентінің Жолдауын талқыға салу. Жолдаудың басты тетігі – әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Яғни, ол ішкі тұрақтылыққа кепіл болады. Сонымен бірге, атқарушы билік, Үкіметке де сын айтылды. Кез келген бастаманы жүзеге асырушы – ол Үкімет. Осыған орай, алдағы уақытта жергілікті басқарушы органдардың жұмысы оңтайландырылады», – деді өз сөзінде Қазбек Өмірзақұлы.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, саясаттанушы Самат Нұртаза Жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың бірі – жолдардың сапасын арттыру жөніндегі бастама экономиканың дамуына серпін беретінін айтты.

«Мемлекет басшысы көтерген әлеуметтік мәселелердің бірі – 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жөндеуден өткізу болды. Егер тас жолдарды жөндеп, жаңасын салсақ, экономика қарқынды дамитын болады. Себебі барлық сауда-саттық, ішкі тасымалдау осы магистральдарға байланысты. Ішкі туризмді дамыту, қолайлы инвестициялық климаты бар ел ретінде Қазақстанның әлеуетін ашу сынды міндеттердің барлығы автомобиль жолдарын дамытуға тіреледі. Автомобиль жолдары – бұл елдің артериясы. Ішкі туризм, логистика, бизнес, инвестициялық климат – мұның бәрі жолдарға байланысты», – деді Самат Нұртаза.

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бастамасына қатысы пікір білдіре отырып, бұл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол эксперттік клубтың облысқа келгендегі басты мақсаты  Жолдауда әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты Президент көтерген бірқатар мәселелерді халыққа түсінікті тілде жеткізу екеніне тоқталды.

Спикер талқылау барысында Жолдауда айтылған екі маңызды қадамға тоқталды. Біріншісі, Президенттің Ұлттық қор қаржысынан түскен инвестициялық пайданың 50 пайызын тікелей балалардың келешегі үшін арнайы есеп шоттарына аудару жөніндегі бастамасы. «Осы күнге дейін «Халық Ұлттық қордың қызығын көрмеді» деген сын айтылғанын ескерсек, бұл өте жақсы бастама», — деді бұл орайда Бауыржан Серікбаев. Сондай-ақ. Ол жастарға берілетін несие мәселесі де дер кезінде жасалып отырған қадам екенін жеткізді.

Қатысушылар басқосу барысында өз ойларымен бөлісті. Мәселен, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев жастарға бүгінгі таңда үлкен сенім артылғанын айтты. Ал Шәкәрім Университетінің басқарма мүшесі — әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Берікхан Иісбек студенттерге де 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беріп, олардың стартап жобаға қатысуына жол ашу қажет екенін тілге тиек етті.

Талқылау нәтижесінде арнайы қарар қабылданды. Ал отырыс қатысушылары тарапынан түскен барлық ұсыныс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне резолюция ретінде жолданады.

Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

7 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

7 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

11 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

11 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

11 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

12 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

12 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

12 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

12 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС