"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Көксерек» фильміндегі Құрмаштың тағдыры

13.09.2022
«Көксерек» фильміндегі Құрмаштың тағдыры
1.1k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Жазушы Мұхтар Әуезовтің әңгімесінің желісі бойынша жазылған «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрерменге жол тартты. Фильмді қырғыз Кеңес Одағының танымал кинорежиссері Толомуш Өкеев «Қазақфильм» киностудиясында түсірді.
Кино-картинаның Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті. Киноға қырғыз бен қазақтың танымал актерлері Сүйменқұл Чокмаров, Қарғамбай Сатаев, Нұржұман Ықтымбаев, Әлиман Жанғорозова шақырылды. Басты рөлдегі Құрмаштың рөлін актер Қамбар Уәлиев сомдады.
«Көксерек» фильмінің қазақ фильмдерінің алтын қорына енуіне Қамбар Уәлиев сүбелі үлес қосқан. Ол 1962 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап, «Шоқ пен шер», «Ән пәнінен төрт», «Көксерек», «Алмазная тропа», «Шаңырақ» фильмдерінде басты рөлдерде ойнады. Сондай-ақ ол «Қарлығаштар көктемде келеді» (Өзбекстан), «Балалар бізге қарайды», «Алмаз сүрлеуі» (Украина), «Құрманғазы» фильмдеріне де түскен. Актерге Құрмаштан басқа рөлдері аса танымалдылық әкелмеді.

Қамбар Құрмаштың рөліне қалай таңдалды?

Актер Saryarqa телеарнасына берген сұхбатында оны басты рөлге қалай таңдап алғаны жөнінде айтқан.
«Интернаттан ауылыма қайтқым келіп жүрген кезімде, мектепке кино түсіретін адамдар келеді. «Киноға түскің келе ме?» деп камераға түсіріп алды. Ол кезде баламыз, көп нәрсені түсінбейміз. Кейін бізді сыртымыздан таңдап, «Қазақфильм» киностудиясына алып келді. Кинопроба жасап, Құрмаштың рөліне лайық деп танылдым», –  деді ол.
Кинодан кейінгі актердің тағдыры туралы телепродюсер Әлия Құдайбергенова Facebook-тегі парақшасында жазды.
Онда продюсер Қамбар Уәлиевтің тек жақсы актер ғана емес, жақсы адам болғанын тілге тиек еткен. Ол актермен кездескен сәттегі сезімі мен оның тағдырын баяндап берді.
«Жалынғандай боп, табан тіреп тұрып алдым. Тілектес екенімді, сыйлайтынымды айттым. Келіншегі өте жақсы адам екен. Қамбар ағаның көңіліне қарағыштап, «ағаң бөлек адам ғой, Әлия. Атақпен де, ақшамен де ауырған жоқ. Ешкімнен ешнәрсе сұраған жоқ. Айтар болсақ, әңгіме көп… Реніш те, қиянат та… Оның бірін де айтқызбайды, Қамбар», – деп мұңайды.
«Аға, «Көксерек» сізге не берді?» дегеніме «кір жуатын машина» деді. Еріксіз мырс етіппін, шынымен олай ойламаппын.
   «Көксерек» ғажап кино ғой! Ал, Құрмашты сізден өзге ойнауы мүмкін еместей! Қалай, сұмдық сендіріп ойнағансыз!» деп едім, селқос қана:
«Есесіне күлкімді ап қойды… Содан кейін күле алмай қалдым. Психологиямның күл-талқанын шығарды…» деді.
Қазақ ұлттық кино өнерінің дамуына үлес қосқан «Көксеректі» көрмеген қазақ жоқ шығар?! Құрмашты да. Бірақ «сол бала қайда?» деген ешкім болмағаны, біздің елде таланттарды бағаламайтыны, олардың көбінің өмір сүруге икемсіз екенін біле тұра, көре тұра мән бермейтініміз жанымды ауыртты…
    Тұрмыс-тіршіліктің ауыртпалығы, күнделікті жасап жүрген тірлігі ағаны қажытып-ақ тастапты. Көлікті жөндеу орталығында (СТО)  істейді екен. Әйелі – мейірбике. Балалары бар. Екеуінің тапқандары пәтерақы мен ас-ауқаттан артылмайды.
«Аға, көлік жөндетуге келгендер Құрмаш деп, танып жататын шығар?» дедім, қойғым келмеген сұрақты қойып.
«Жоқ, көбі емес. Бірақ, білетіндер біледі. Одан не пайда? Қазір денсаулығым да сыр беріп жүр. Баяғы сол фильмге түсіп жүргенімде суық тигізгенмін, әлі күнге сол сырқат қыр-соңымнан қалмайды…» деді.
Айтпасына қоймай, біраз дүниені ақтардық. Аға балаларының болашағына алаңдаулы екенін баса айтты.
    «…Жеңгеңнің жақсылығы ғой, әйтпесе мына қоғамға қажетсіз екенімді баяғыда ұққанмын! Әйтеуір… тірі жүргеніңе тәубе дейсің… Үй сұрамаймын. Өздері бірнеше рет бермек боп, қайтадан бермейтін боп… Бала емеспін ғой. Қоя салыңдаршы дедім. Менің өмір сүргенім ешкімге де міндет емес. Менен де зорлар өтті ғой, сый көрмей…», – деді әңгіме арасында.
Талант деген бар болса, ол «Көксерекке» мән берген, Құрмашқа жан берген Қамбар Уәлиев еді ғой! Ол қазақтың киносы еді ғой! Қамбар аға жақсы актер ғана емес, жақсы АДАМ болды» деп жазды Құдайбергенова.
«Көксеректің» режиссері Толомуш Өкеев 1976 жылы аталмыш фильмге қатысты пікір білдірді.
«Мені, әсіресе, соңғы кездері адам мен табиғаттың қарым-қатынасына қатысты проблема қатты толғандырады. Біз көп жағдайда жоғары мақтаныш сезімімен табиғатқа табындыру туралы айтып жатамыз. Бұл, әрине, дұрыс та шығар. Бірақ жасампаз ұрпақтың желеуімен қоршаған ортаның басты құндылықтарын қиратып, жойып алуымыз әбден мүмкін.          Меніңше, Табиғат-анаға қамқорлық көзқарас қалыптастыру керек. Онымен үйлесімді қарым-қатынас жолдарын іздеген жөн. Міне, осы проблеманы адам мен қасқырдың драмалық байланысы арқылы «Көксерек» фильмінде көрсетуге тырыстым», – деген жазбасында.
Режиссердің қызы Ғазиза Өкеева «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атылмыш фильм әкесі Толомуш Өкеевтің озық туындыларының бірі болғанын айтқан.
«Осы фильм әкемнің үздік туындыларының бірі деуге болады. Бір қызығы, «Көксеректің» түпнұсқасы жоқ еді. Қай бір жылы Мәскеуге арнайы барып, көшіріп алып келдім. Жалпы, туындыны қазақ-қырғызға ортақ дүние дер едім. Мысалы, аталған фильмнің табиғатын аша білген актерлердің бірі Ақанғұлдың рөлін қырғыздың танымал актері Сүйменқұл Чокморов сомдаған», –  деді ол.

Фильмге қатысты деректер

Фильмге түскен жас қасқырлар хайуанаттар бағынан таңдап алынды.

Көксеректің рөліндегі екі қасқырдың екеуін де Мәскеуден әкелген.

Дрессировщиктер түсірілім алдында 2 жабайы қасқырды бірнеше күн аш ұстаған.

1973 жылы «Көксерек» кинофестиваль «Оскарға» ұсынылды.

Фильм Қырғыз Алатауының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

«Көксерек» 1974 жылы Әзербайжан астанасы – Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болды және «Ең үздік актер бала» аталымы бала Қамбарға бұйырды.

Түсірілімде қасқырлардың аяқтарына тартып қалғанда құлайтын және көзге көрінбейтін бұғалықтар қолданылған. Фильмде ешқандай түз тағысы жараланбаған.

Әңгіме мен фильмнің айырмашылығы

«Көксерек» әңгімесінде көктем мезгілі сипатталған. Ал фильм күзде түсірілген. Ақанғұл шығармада Құрмаштың әкесі, кинотуындыда қатал әрі қатыгез ағасының рөлінде ойнайды. Көркем шығармада Құрмаштың анасы жоқ екені баяндалған. Кинода ол әке-шешесінен бірдей айырылған жетім баланың рөлін сомдады.
Айта кетейік, «Көксерек» фильмінің шыққанына биыл – 49 жыл. Ал Құрмаштың рөлін сомдаған Қамбар Уәлиевтің дүниеден озғанына 10 жыл болды.

Анель Жарылғасын,
Turkystan

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

6 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

6 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

6 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

7 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

7 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

7 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС