"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ӘУЕЗОВ ҮЙІНІҢ» ТҰҢҒЫШ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ – СЕМЕЙДЕ

13.09.2022
«ӘУЕЗОВ ҮЙІНІҢ» ТҰҢҒЫШ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ – СЕМЕЙДЕ
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

    Өткен аптада Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталық қызметкерлері арнайы іс-сапармен Семей шаһарына келді. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында заңғар жазушының туғанына 125 жыл толуына орай, «М. Әуезов және ұлт руханиятының ордасы» тақырыбында дөңгелек үсиел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы, бүгінгі абайтану және мұхтартану саласындағы мәселелер жайында ғалымдар мен зерттеушілер өзара пікір алмасты. Аталған бас қосуға қаламыздың жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мектеп ұстаздары, оқушылар, музей қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
«М. Әуезов және ұлт руханиятының ордасы» дөңгелек үстелі филология ғылымдарының кандидаты, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ермек Қаныкейдің баяндамасымен басталды. Ғылыми қызметкер «Абай» тарихи романының текстологиясы тақырыбында сөз өрбітіп, қолжазба мен жарияланымдар арасындағы айырмашылықтарға тоқталып өтті. Сондай-ақ өзі атқарған жұмыс жұмыс нәтижесінде көптеген эпизодтың, адамдар есімдерінің өзгергені анықталғанын айтты.
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының бас қор сақтаушысы, жетекші ғылыми қызметкері Салтанат Мұқатаева мемориалдық музейдің тарихы жайлы айта келе, мұражай қорына Мұхтар Әуезовтің 1960 жылғы Америкаға сапары туралы жақында ғана жарыққа шыққан жолжазба жинағы – «Америка әсерлерінің» арнайы шығарылымын табыстады. Бұл – Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі және америкалық гид, оқытушы Деннис Кинің бірлескен жобасы. Басқосуда М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, кіші ғылыми қызметкер Нұр Мағазбеков «Абай шығармаларындағы ұлттық болмыс» тақырыбын көтерді.
Сондай-ақ «Жидебай-Бөрілі» музейінде  «Абай – менің өмірлік тақырыбым…» көрмесінің ашылуы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қалалық мәдениет сарайының әншісі Алтын Смасейітованың орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдап, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының бас қор сақтаушысы, жетекші ғылыми қызметкері С. Мұқатаева жүргізген экскурсияны тамашалады. Көрмеде ғұлама ғалым, кемеңгер жазушы Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен мағлұматтар, «Абай жолы» роман-эпопеясының қолжазба көшірмелері, шетел іс-сапарларынан әкелген кітаптары мен журналдары, шапаны мен костюмі, сонымен қатар түпнұсқадағы «Абай» журналының аудармалары көрермен назарына ұсынылды.
 – Абай музейі – республикадағы үлкен мәдени ошақ. Қазақтың классик жазушысы  М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бір бөлімі ретінде саналатын заңғар жазушының өзі тұрған үй  «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына айналған. Бұл орталық міне, жазушының мерейтойы қарсаңында бірінші рет сапарға шығып, оның ішінде біздің қалаға келіп, баршамыз қуана қарсы алып отырмыз. «Әуезов үйі» әкелген көрменің «Абай – менің өмірлік тақырыбым» деп аталуы тегін емес. Бұл көрменің «Абай» мұражайынан бастау алғаны – ғылыми орталық пен мұражай арасында орнатылған байланыстың, біздің шығармашылық тандемде жұмыс жасауымыздың белгісі. Мұнда Әуезовке қатысты құнды материалдар мен жазушының қолданған жәдігерлері халық назарына ұсынылған. Семейлік жерлестер мен қала қонақтарын осы көшпелі көрмені тамашалауға шақырамыз, – деді «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы.
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының тұңғыш рет ұйымдастырған жылжымалы көрмесін тамашалауға келушілердің қарасы мол болды.
– Абай атындағы мұражай – біздің алтын қазынамыз әрі алтын көмбеміз. Біз киелі шаңырақта ұйымдастырылатын әр көрмені қалт жібермеуге тырысып, үнемі келіп отырамыз. Міне, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ұйымдастыруымен заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовке арналған үлкен көрме ашылып жатыр. Мұхтар Әуезовті көпшілік жазушы деп біледі, ал университет студенттері үшін ол үздіксіз оқудың ең жоғарғы көрсеткішін көрсеткен тұлға. Ауылдан алған білімін қалада жалғастырып, одан кейін Ленинград, Ташкент оқу орындарын тамамдағаны – білім жолындағы әр азамат үшін үлгі. Ол керемет жазушылығымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарын тиянақты жүргізіп, сондай-ақ педагог ретінде де зор үлесін қосқан. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бұл көрмені ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін, – деді Шәкәрім университетіннің оқытушысы Зәуре Қадырбайқызы.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

9 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

10 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

10 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

11 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

13 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

14 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

14 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

14 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

15 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС