"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМ КЕҢІСТІГІНДЕ

27.09.2022
«Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ-ғасыр ғылымы кеңістігінде»
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Киелі топырақта дүниеге келіп, хакім Абайдың өлеңдерімен сусындап, нәр алып өскен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімін төрткүл дүниеге танытты.  Хакім тұлғасын халыққа жеткізу жолында жарты ғұмырын арнады. Биыл Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Қаңтар айынан бері еліміздің барлық өңірінде заңғар жазушының мерейтойы кең көлемде аталып өтуде.

Мұхтар Омарханұлының мерейтойы Абай облысында да кең көлемде ұйымдастырылуда. Өткен жұмада жазушының кіндік қаны тамған жері Бөріліде Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, Әлихан Бөкейхан университеті және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен «Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Семей қаласынан Бөріліге барар жолда конференцияға қатысушы зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер, колледж және мектеп мұғалімдері, музей қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Күшікбай батыр ескерткішіне, Еңлік-Кебек кесенесіне аялдады.

Жазушы, ғалым, педагог М.Әуезовтің мұрасын заманауи ғылыми көзқарастар тұрғысынан бағамдап, әуезовтану ғылымын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған конференцияда Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің, Әлихан Бөкейхан университетінің және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ғылыми қызметкерлері баяндама жасады.

Жиының ашылуында Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов сөз алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Құрметті қонақтар, конференция делегаттары, Абай еліне қош келдіңіздер! Абай елі бүгінгі таңда рухани орталыққа айналды десек, артық айтқанымыз болмас. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен өңірімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Абай мұражайы қайта жаңғыртылды. Оның бірегей бөлігі – осы іс-шара өтіп жатқан Бөрілі мұражай-үйі. Міне, бүгін осында халықаралық конференция ұйымдастырып отырсыздар. Абай елінің атынан алғысымды білдіремін! Конференция жұмысына сәттілік тілеймін! – деді Нұржан Оразбекұлы.

Абай ауданы әкімі Әлихан Бөкейхан университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Шырын Құрманбаева мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов «Ел алғысы» медалін табыстады.

Конференцияны университет ректоры Шырын Құрманбаева құттықтау сөзбен ашты.

Әлихан Бөкейхан университетінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған заңғар жазушының 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қош келдіңіздер! «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі»,- деп жазушының өзі айтқандай, мәртебелі жиынды қаламгердің кіндік қаны тамған жері Бөріліде өткізуді жөн көрдік. Бөрілі – бала Мұхтардың қиялына қанат бітірген, халқымыздың рухани құндылығына айналған туындыларының жазылуына негіз болған қасиетті өлке. Бала кездегі туған жерден алған тәлімі мен тәрбиесін көкірегіне тұмар қылып киген жас дарын дана жазушыдан ұлт ұстазына айналды. Заңғар жазушы, талантты суреткер Мұхтар Әуезов ғибраты мол ғұмыр кешті. Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеріп, адамзат мәдениеті тарихына туған халқының парасат-болмысын танытқан қаламгердің есімі мен қызметі ұлтымыздың рухани-мәдени даму тарихында үлкен құрметке ие. Бүгінгі басқосу Әуезов шығармашылығын жаңаша түсінуге, тереңдей ұғынуға кеңінен жол ашады деген сенімдеміз. Ұлттық руханиятымыз үшін атқарылар әрбір шара аса маңызды, — деді Шырын Асылханқызы.

Пленарлық мәжіліс Шәкәрім университетінің «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының  жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетовтің «Әуезов өмірі – шығарма өзегі» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Мәдібай «Қазіргі әуезовтану өрісінде», Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Т.Шаңбай «М.Әуезовтің классикалық стилі», «Ала-Тоо» еларалық университеті, PhD Э.Усупова «М.Әуезов және қырғыз антропонимиясы» тақырыптарында сөз өрбітті.

Жазушының «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі» деген сөзін шәкірті Қайым Мұхамедханов қойын дәптеріне түсірген екен. Мұражай алдында қашалып жазылған бұл сөзді Әлихан Бөкейхан университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Мұқажанова өзінің баяндамасына тақырып етіп алыпты. Баяндамашы жазушы өмірге келген Бөрілі елді мекені туралы тың деректерін бөлісті.

Конференцияда әуезовтану ғылымы ғалымдар тарапынан жан-жақты қарастырылды.

— Бөрілі мұражайында өткен үлкен ғылыми шараның куәсі болып отырмыз. Біз Әлихан Бөкейхан университетімен бірлесе ұйымдастырылған осындай жобаларға атсалысуға әрдайым әзірміз. Көктемде музейімізде өткен іс-шара мерейтойдың бастауы болатын. Енді, міне, «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің филиалы Бөрілі музейінде жиналып отырмыз. Бұл халықаралық конференция болғандықтан, әуезовтану ғылымы жан-жақты қарастырылды. Музейге ұлттық мәртебе беру мәселесі де сөз болды, бұл ұсыныс қолдау тауып жатса, қуанышымызда шек болмас еді, — деді Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай.

Конференциядан соң жиналған қауым Мұхтар Әуезовтің әке-шешесінің кесенесіне, жазушының туған жері Аяққараған жайлауына  барып, тағзым жасады.

 

«Жастар жалыны – Жаңа Қазақстанға!»

 

Ал Мұхтар Әуезовтің мерейтойын кең көлемде насихаттау және азаматтарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған ультрамарафонда Семейден Бөріліге дейінгі қашықтықты жерлесіміз, кәсіби марафоншы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті Рамазан Салықжанов жүгіріп өтті.

Семейден спортшыны облыстық әкімшілік, дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары, Әлихан Бөкейхан университетінің ұжымы, студенттер, зиялы қауым және спорт қауымдастығының өкілдері шығарып салды.

Спортшы  Семей қаласындағы Әуезов алаңынан Абай ауданы Бөрілі ауылында орналасқан Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне дейінгі 87 шақырым 301 метр қашықтықты 7 сағат 59 минут 53 секундта жүгіріп өтті. Ультрамарафонның бастапқы 10 шақырымында Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері мен оқытушылары спортшымен бірге жүгірді. Соңғы 5 шақырымда Абай ауданы Қасқабұлақ орта мектебінің оқушылары қосылды.

Мәреге жеткен уақытта спортшыны Абай ауданының әкімшілігі, Бөрілі ауылының тұрғындары, Абайдың Жидебай-Бөрілі мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері, Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы мен Бөріліде өткен конференцияға қатысушылар салтанатпен қарсы алды.

— Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Семей — Бөрілі» жекелей ультрамарофонын өткізу бастамасын Абай облысы басшылығы мен Әлихан Бөкейханов университетінің қолдаумен сәтті аяқтадым. 7 сағат 59 минутта 87 шақырымды жүгіріп өтіп, ұлы жазушының мерейтойына өзімнің біраз үлесімді қостым. Ұлы тұлғаларымызды дәріптеуде жаңаша үлгіні қолданбасақ, даму болмайды деп ойлаймын. Жазушыны спорт арқылы да дәріптеу жастардың қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Ультрамарафонның ұраны да сол: «Жастар жалыны – Жаңа Қазақстанға!» — деп өз әсерімен бөлісті Рамазан Салықжанов.

Рамазан Саттарұлы бұл ультрамарафонда өз рекордын жаңартып, спорттық мансабында жаңа белесті бағындырды. Абай елінің тұрғындары спортшыға ат мінгізіп, шапан жапты.

 

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМ КЕҢІСТІГІНДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 часа бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 часа бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 часа бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

24 часа бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 день бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 день бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

1 день бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС