"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

жаңа таланттарға жол ашты

21.10.2022
ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ
259
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл еліміз 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Осы айтулы  мерекеге орай Әлихан Бөкейхан университеті мен Қазақстан Жазушылар одағының Абай облысы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Республика күні – ақындар үні» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті.

Саяжан КЕРІМБЕКОВА,

«Семей таңы»

Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін жырға қосып, елдігімізді, еркіндігімізді, әлем алдындағы абыройымызды дәріптеп, ұлт бірлігін ұлықтау — мүшәйраның мақсаты. Жас ақындарды қолдау, олардың шығармашылығын халыққа таныстыруды көздеген жыр сайысының шымылдығын Әлихан Бөкейхан университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов құттықтау сөзбен ашты.

— Республика күніне арналып ұйымдастырылып жатқан жыр мүшәйрасында жас ақындарымыз еліміздің егемендігін, жеткен жетістіктерін, бүгінгі өзгерістерді әдемі сөзбен өрнектеп жеткізе алады деп ойлаймын. Бүгінгі жас ақындардың өлеңдері арқылы тарихымызға үңіліп, жеріміздің қасиетіне бас иеміз деген ойдамын. Жастарымыздың әдемі теңеулермен өрілген жырларымен сусындайтын  боламыз деген сенімдімін, — деді Айрат Базенов.

Жыр бәйгесіне Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы, қоғам қайраткері Құсмілия Нұрқасым, Қазақстан Жазушылар одағының Абай облысындағы филиалының төрағасы Мерей Қарт және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Игілік, университеттің филология кафедрасының оқытушылары Ғалия Ақманова мен Айдар Құдайбергенов қазылық етті.

— Бүгін Республика күніне арналып жас ақындардың мүшәйрасы өтіп жатыр. Жалпы, Абайды тану Алаштықтардан бастау алды. Ұлы ақынның тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазған — Әлихан Бөкейханов. «Әдебиет танытқыш» деп аталынатын оқу құралы – бүгінде әдебиет теориясы деп аталады. Алаштықтардың барлығы да — ақындар, ұлтының патриоттары абайтанушылар болды. Семей Алаштың қаласы болды, Алашорда үкіметі осында орналасты. Алаштықтар еліміздің тәуелсіздігін армандады. Ұлттық патриотизм – екі дүниеге негізделеді. Мұхтар Әуезов айтпақшы, ұлттық мектептің екі алтын діңгегі бар. Біреуі – тілі, екіншісі – тарихы. Осы екеуінің үйлескен жері – ақындар. Әлемді көкірегіне жинап алып, барлық дүниені жеткізушілер — осы ақындар. Бәйге, жарыс — бұл қазақтың қанында бар дүние. Әсіресе ақындардың жарысы. Барлық жас ақындарға шығармашылық табыс тілейміз, — деді Құсмілия Нұрқасым.

Жыр жарысында 16-25 жас аралығындағы жастар бақ сынасты. Сайыскерлер өздерінің Республика күніне арналған және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Мүшәйраның қорытындысы бойынша, бас жүлдені Абай ауданынан келген Қуаныш Еркінұлы жеңіп алды. Әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған ақындарға алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

— Бүгін ақындар ұлттық құндылығымыз – тәуелсіздікті жырладық. Мүшәйраға қатысқан 20 шақты жас ақынның ішінен жұлдызымыз жанып, бас бәйгені жеңіп алдым. Ақындық өнер ананың сүтімен, әкенің қанымен берілген деп айта аламын. Бойымдағы қабілетімді жоғалтып алмас үшін үлкен ақындық мектептен өттім. Абай ауданында Төлеген ағамыз басқаратын «Ақсұңқар» мектебі бар. Сол мектептен шыңдалып өстім. Осы күнге дейін бірнеше республикалық мүшәйраларда жеңімпаз атандым. Өте қуаныштымын халқымызды алда келе мерекемен құттықтаймын, — дейді бас жүлде иегері Қуаныш Еркінұлы.

Айта кетейік, мүшәйраға қатысқан жас ақындардың өлеңдері «Әлихан Бөкейхан университетінің кітапханасы» сериясымен шығатын арнайы мүшәйра жырларының жинағына енетін болады.

Мақалада: ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

11 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

20 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

20 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

21 час бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС