"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өзім байдың таяғына төзсем де, баламның таяқ жегенін көтере алмайды екем

03.10.2022
Өзім байдың таяғына төзсем де, баламның таяқ жегенін көтере алмайды екем

Көңілге көлеңке түсіп, қатты торыққан сәтте әлдебіреуге ақтарылғың келеді. Сырласатын жан таппай сансыраған да жаман екен. Сан жылдар бойы ішімде тұншыққан сырымды сыртқа шығарсам бәлкім жеңілдеп қалармын. Менің өмірім бәлкім біреуге ой салар, сабақ болар

Ата-анадан алтаумыз. Екі ұл, төрт қыз. Қыздардың үлкені болғасын ба әке-шешем мені тым еркелеткен жоқ. Кейінірек өмірдің өзі де еркелетпейтінін кеш білдім… Үлкен ағамды қатты құрмет тұтатынмын. Біртоға, момындау, өзгеге елпектеп тұрғанымен мінезді-тін. Бәлкім әкемнің қаталдығынан да болар. Кішкентай күнімде білмейді екем, есейе келе әкемнің үлкен ағамды іш тартпайтынын білдім. Ал кіші ағамның ішкені алдында, ішпегені артында, үйдің еркесі. Оны мойнына мінгізіп еркелететін әкем үлкен ағама қатқан қайыстай-тын. Үнемі жекіп, ұрсып сөйлейтін. Мұның сырын кейін білдім. Бір жолы ағам көршілердің ұлдарымен шекісіп қалды. «Еріп келген бала…» дегенді де алғаш естігенім сол. Ағамның түрі өрт сөндіргендей түтігіп кетті. Әрине көршінің ұлы оңбай таяқ жеді. Бұл сөз ағамның алдынан талай шықты ғой. Бір-бірімен қыз алыспайтын рудан ғана құралған ауылымызда оны түртпектемейтін адам қалмайтын. Сөйтсем ағам анамның алғашқы некесінен екен. Ажырасып, бір баласымен кейіннен менің әкеммен бас құрапты. Әкеміз бөлек, шешеміз бір болғанымен ағам бәрімізді туғанындай тұтты. Анам алғашқы некесі жайлы жақ ашқан емес. Сезуімше дәм-тұзы жараспаса керек. Дегенмен екінші некесінен де шекесі қызды деп айта алмаймын. Әкем қатал болатын. Тілінен бұрын, жұдырығы жүгіретін. «Бірінші бақ бақ, екінші кері бақ…» екенін шешем ұдайы айтып отыратын да, ауыр күрсінетін. Үлкен ағам Дәулет үйде «отырса опақ, тұрса сопақ» болды. Таяқтың ұшы ең алдымен соған тиетін. Кінәлі болмаса да. Ержетіп есейгенше ағам не көрмеді? Ауылдың еріккен ересектері «әй, кірме…» деп шақыратын. Оның бұл ауылға өгей екенін үнемі есіне салып отыратын. Бұзықтаулары ұрып жіберетін, ең момын дегенінің өзі сөзбен шымшитын. Ал үйде әкемнің таяғын жеп өсті. Мектеп бітіргенше көрген күні күн болған жоқ. «Өгейдің көрген күні күн емес екен ғой» деген санамда сақталып қалыпты. Содан болар, «мен ешқашан да ажыраспаймын» деп өзіме серт бердім… Бір жолы ауылдың бір топ баласынан таяқ жеген ағам сарайға барып көз жасын төккенін көрдім. Үйленіп, өз алдына отау құрып кеткенше өмірдің ащы таяғы маңдайын осып отырды… Желкілдеп бойжеткен соң алып қашудың құрбаны болдым. Өзім сүймейтін, өмірімде бір рет те көрмеген адамның табалдырығын аттадым. Армандарым аңырап далада қалды. Қара күйелеш болып, ошақтың үш бұтына қамалған ауылдың қара табан әйеліне айналдым. Жолдасым мінезі жайдары болғанымен ашуы келгенде қара аспанды төндіріп салатын дүлей болып шықты. Сілейтіп салатын. Көз жасымды сығып жүріп тұңғышымды босандым. Басылар деп күттім. Үмітім ақталмады. Одан екіншіміз келді дүниеге. Қоспаса азайтқан жоқ. Таяғын жеп, жүнжіп жүрсем де ажырасу туралы ой келмепті. Ылғи да ағамды ойлаушы едім. Өгейлікпен өмірі өксікке айналған оның бар көрген теперіші тізбектеліп көз алдыма келе қалатын. Балаларымның соның кебін кигенін қаламадым. Кісі есігінде телмеңдегенше, өз елінде еркін жүрсін дедім. Кім білсін, өз қара басымды ойлағанда баяғыда-ақ ірге ажыратар ма едім?! Мені тұсаулаған балаларым. Солардың бақыты үшін таяққа да төздім, барды да көрдім, жоққа да шыдадым. Балаларымның бақытсыздығының қасында бақытты бола алмайтынымды ұқтым. Бір жолы жиналып, төркініме кетіп те көрдім. Бұрынғы ерке ұл үйленген. Қазымыр әйелі бізді бір күн де сыйдырған жоқ. Үлкен ағамның үйіне бардым қашып. Ағам маңдайымнан сипап отырып, «балаларды әкесінен ажыратпа…» деді. Қайта оралдым. Жайшылықта жайылып түсетін жайдары жолдасым ашуы келгенде ешкім тоқтата алмайтын. Сабырмен отырып, «тату тұрайықшы…» деп талай айттым да. Қайран болмады. Өстіп жүріп төрт балалы болдық. Төркінге баратын жол біржола жабылған. Әкелері сабап жатқанда балаларым шырылдап ара түседі. Оған қарайтын әке жоқ. Әкесіне деген құрметі өшпесін деп жайшылықта да «әкелеріңді құрметтеңдер» деп үнемі айтып отырамын. Өмірім осылай жалғасып жатты… Үлкенім ат жалын тартып азамат болып, келінді болдық. Көргенді жердің қызы үйімізге шуақ боп енді. Осыдан бастап өмірім мүлде өзгерді десем де болады. Отағасы ұруын доғарды. Келіннен де ұялса керек. Балаларымның да өңіне қуаныш ұялады… Бүгінде ойлаймын маған сарқылмайтын сабыр мен таусылмайтын төзім беріп қойған екен де деп. Сол шақта аңғырт ойланып, бәрін де тәрк етіп кетіп қалсам мені ешкім де тоқтата алмас еді. Балаларым жетім, өзім жесір болып кімнің есігінде жүрерімді де кім білген… Шыдамдылық мені бақытқа жетеледі. Бастысы балаларым бақытты. Өз елінде, еркін жүр. Бұл үлкен бақыт қой бастысы….». Айман, Шымкент қаласы

© Oinet.kz

Мақалада: баламның таяқ жегенін көтере алмайды екемӨзім байдың таяғына төзсем де

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС