"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЙЕЛДЕР МҮДДЕСІ ҮШІН

04.11.2022
ӘЙЕЛДЕР МҮДДЕСІ ҮШІН
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты аймақтық форум өтті. Форумға ауылдық округтер тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, көп балалы аналар, жастар, кәсіпкерлер, депутаттар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Әйел — отбасы, ошақ қасы шаруасына жауапты адам ғана емес, қоғамда өзіндік алар орны бар тұлға. Нәзік жандыларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет салаларымен ғана шектемей, қоғамның барлық салаларына тартуды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырған болатын. Сондықтан саяси партиялардан Мәжіліс пен Мәслихатқа сайланатын азаматтар тізімінде әйелдер мен жастардың үлесін 30 пайызға жеткізу міндеттелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әйелдердің көпшілігі сауда (57,1%), тамақтану қызметтерін ұсыну (65,4%), білім беру (72,9%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (73% ) салаларын- да жұмыс істейді екен. Форум спикерлері Абай облыстық мәслихатының депутаты, Абай облыстық мәслихатының депутаттық фракциясының басшысы, ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының Абай об- лысы бойынша филиалының төрағасы Шолпан Чегедекова, «Терра Вита» ЖШС құрылтайшысы-директоры, денсаулық сақтау саласының үздігі, «Қазақстанның үздік тауары» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Насихат Исабаева, Жиенәлі ауылдық округінің әкімі Гүлжан Сыздыханова, «Семей Өрнек» ЖШС полиграфиясының директоры, тендер бойынша эксперт Мейрамгүл Апсалямова, Семей қаласының Тұрғын үй инспекциясы басшысы Диана Шаяхметова, Семей қаласының №9 емханасының бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты Нейла Альменева қатысушыларды қоғамда белсенді әрі қаржылай сауатты болуға, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануға, кәсіп бастауға, өзін-өзі бағалауды өсіруге, тән және жан саулығына мән беруге шақырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Семей Өрнек» полиграфиясының директоры, тендер бойынша эксперт, көп балалы ана Мейрамгүл Апсалямова бір кездері мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алуға берген өтініші кері қайтарылғаннан кейін кәсіп бастап кеткенін айтады. Мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алған ол қазір «Семей Өрнек» полиграфиясының директоры атанып, он адамды жұмыспен қамтып отыр. — Декреттік демалысқа шыққаннан кейін жолдасым жұмыссыз қалып, отбасымызда қаржылық қиындықтар пайда болды. Тығырықтан шығу үшін алғашқыда қарыз алып, балаларға арналған ойын алаңын аштым. Кейін кәсібімді ұлғайту мақсатында «Бизнес Бастау» курсын оқып, 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Бұл менің әрі қарай ізденуіме шабыт сыйлады. Бірақ 2020 жылы пандемия басталып, ойынсауық орталықтарының жұмысына тыйым салынды. Дегенмен мен мұнымен тоқтап қалмадым. Кәсіпкерлік бөліміне барып, 5 млн теңгенің грантын алудың жолын сұрадым. Осылайша, қазіргі кәсібім басталып кетті. Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен өзіме екі жұмысшы алдым. Сөз соңында айтым келгені — армандарыңызға адал болыңыздар. Тәуекел етіп, ойыңызда жүрген идеяны мемлекет көмегімен іс жүзіне асыруға болады,- дейді кәсіпкер М.Апсалямова. «Терра Вита» ЖШС құрылтайшысы-директоры Насихат Исабаевның пікірінше, ауыл-аймақта үйде отырған әйелдерге мемлекеттік бағдарламалар көбірек насихатталуы керек. — Осыдан екі-үш жыл бұрын түсіндіру жұмыстарымен ауылдарды аралаған кезімізде, әйелдердің көп нәрседен бейхабар екенін байқадым. Ауылда қолынан іс келетін шебер әйелдердің көп екеніне көз жеткізіп, оларға ақыл-кеңес беріп қайтқан едік. Сіздерге айтарым — бірден үлкен кәсіп ашуға қол созудың қажеті жоқ. Аз-аздан бастау керек. Мәселен, мен Астана қаласынан әйелдер жамылғысын сатып әкеліп, пайда тауып, қазіргі бизнесімді бастаған едім. Кез келген адам үлкен мүмкіндікке ие. Бірақ көпшілігі бойындағы сол күш-қуатты тиімді қолдана алмай жүр,- дейді Н.Исабаева. Форум соңында әйелдер арасында кең таралған мәселелерді шешудің тәсілдері ұсынылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС