"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қазақтардың тірі болып, жер басып жүргендері татарлардың арқасы»

13.10.2022
«Қазақтардың тірі болып, жер басып жүргендері татарлардың арқасы»
6.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен ғасырдың 80 жылдары біздің ауылда бір татар жүруші еді. Әлгі татар балтаны қолданып ағаштан ою ойған шебер еді. Ауылдағы үйленген қыздардың жасауына керекті сандық, қолжуғыш дегендерді қатырып жасайтын.

Үйдің есік-терезесін де сол жасайтын. Еңбек ақысына негізінен арақ ішетін. Өзі 70 жылдары Сібірден келіпті деп еститінбіз. Ол кез-келген үйге түнеп жүре беретін. Қай үйге жатса, сол үй оның ас-тамағын мойнына алатын. Көбіне арақ ішіп жүретіндіктен, біз балалар, онымен байланыспаймыз.

Ол көбінесе арақ ішіп көшеде жатып қала беретін. Сол татарды менің Күміс әжем жақсы қараушы еді. Бұл әжем 1998 жылы Жамбыл облысының Шу ауданы Белбасар деген жерінде 102 жасқа жетіп, бала-шағасының алдында қайтыс боды. Әжем атақты Ұзақ батырдың туған жиені (қызының қызы) болатын, елім Шүйке деп отырушы еді.

Сонымен әлгі татар көшеде жатып қалса бізді арбамен жіберіп, үйге алдырып, оған тамақ беріп, жуындырып бәйек болып жататын. Есім кіре келе мен бұған назар аудара бастадым. Әжем неге қайдағы бір алқаш татарды сонша сыйлайды, деп ойлап қоятынмын. Бұрын бірнеше рет сұрағанымда әжем «шаруаң не» деп жөнді жауап бермеді.

Енді студент болғанда тағы бір рет сұрауды жөн көрдім.

— Әже, осы алқаш татарды неге жақсы көресің, төркін жағыңызға туыстық жақындығы бар ма еді?,- деп сұрадым.

— Жоға, қарағым. Оның себебі басқаша. Мына сендердің тірі болып, жер басып жүргендеріңе ертеде бір татардың септігі тиіп еді.

— Енді айтсаңызшы қалай сонда?

— Бұл ұзақ әңгіме, жарайды айтайын,- деп әжем бастады әңгімесін.

Бұл оқиға атақты Ұзақ батыр бастаған көтерлістен кейін, патша әскерлерді қазақ ауылдарына шаубылдар жасап жатқан кезде, күзге қарай болған еді. Ұзақ батыр сенің атаң Тұрысбек молданың жақын туысы болғандықтан, біздің ауылда көтерліске қатысқандар көп болды, көбісі өліп кетті. Ішінде Нұрбек атаң да бар. Мені Нұрбектің інісі Қара атаңа қосайын деп жатқан үлкендер. Солдаттар ана ауылда шауыпты, мына ауылды шауыпты деген хабар күнде келіп жатыр жан-жақтан. Біздің ауыл әні-міне көшеміз деп жатқан кез еді.

Бір күні кешкі апақ-сапақ мезгілде, иығында мылтығы шошайған бір солдат шауып келіп, тура біздің үйге ат басын тіреді. Үйден атам да сыртқа шықты ат дүбірін естіп. Солдатты көріп бүкіл ауыл адамдары тұрған орындарында қалшиып қатыпты да қалыпты бір сәт. Солдат еңкейіп келіп, атамның құлағына бірнәрсені сыбырлады да аттан түспестен кейін қарай шаба жөнелді. Келгені қандай тез болса, кеткені одан да тез болды.

Тұрысбек атам бүкіл аймаққа беделі бар имам еді. Атам айқай салып, ауылдағыларды қасына шақырып алып былай деді:

— Мына келген қаладғы жекжатым — татар молданың баласы, солдатта жүрген. Әкесінің тапсырмасымен қазақ ауылдарын осылай ескертіп жүр екен. Ауыл сыртында, қырдың астына солдаттар келіп зеңбіректерін құрып жатыр. Ертең таң алдында атқыламақ көрінеді, біз қазір көшуіміз керек, тездетіп жиналыңдар. Жүкті аздан алыңдар да тек аттарға ғана артыңдар. Әр шаңырақ бір қойдан сойып, жолға шикідей алыңдар. Малдан тек жылқыларды аламыз, басқасы қатты жүріске жарамайды. Жүк артқан, бала шаға, қатын-қалаш мінген аттарды жылқыға араластырып қуып отырып, Текестің жоғары жағына қарай тауға жетіп, сол жерден судан өтеміз арғы бетке. Сонда ғана аман қаламыз,- деп бірақ тоқтады Тұрысбек атам.

Сонымен не керек әп-сәтте үйлер жығылып, теңдер буылып, аттарға артылды. Әр теңге бір-бала бір әйелден мінгестік. Сүт пісірім уақытта бүкіл ауыл ат үстінде отырдық. Отар-отар қой-ешкі, табын-табын сыйыр, түйелерге қараған жан болған жоқ. Ерлер жағы біз мінген аттарды жылқыға қосып қуып ала жөнелді. Мен ат үстінде отырғаным болмаса, аттың басына ие бола алмадым. Кейде аяқтарым қалың жылқының қыспағында қалады. Осы жортқаннан түнімен жортып таң алдында текестің жоғарғы жағына тауға келіп тірелдік. Енді тек Текестен өту керек. Текестің тауға жақын жерінің ағысы тіпті сұмдық, адам қарауға қорқынышы арныдап жатыр.

Осы кезде атам шауып отырып жылқыны алдына шықты да:

— Тоқтамай суға түсе беріңдер, бір Алла жар болсын,- деді де өзі судың жарлы қабағына секіріп түсіп, өзенге қарап отырып құран оқи бастады.

Қалың жылқының алды сол арындаған бетпен келіп суға тірелді. Тоқтау тіпті мүмкін емес еді. Жылқының алды суға түсіп Текестің суымен алысып кете барды. Жылқының орта түсында адамдар мен жүктер артылған жылқылар да келіп түстік суға, бір Аллаға жалбарынып. Тіпті бір-бірімен қоштасып жатқандар да болы. Мен суға қарамауға тырыстым, екі көзім алдынғы жылқыларда болды. Көп төмендеп барып жылқының алды арғы бетке шыға бастады. Осының өзі бізге үлкен демеу болды.

Осылайша мыңнан астам жылқы дүркіреген күйі үстіндегі адамдар мен жүкті арғы бетке алып өтті. Біраз құлын-тайлар шығыны болмаса жылқының дені, адамдардың бәрі аман-есен өттік. Атам ең соңғы жылқышы суға түскенше құран оқуын тоқтатқан жоқ. Ең соңынан атам өзі суға түсіп жылқыны артынан ол да аман өтті.

Судан шыққандардың да соңынан атам шықты өзінің боз айғырымен. Біз судан ұзап кетпей жатып арғы бетке солдаттар да жетті шапқылап. Олар келе сала қатар тізіліп ат үстінде тұра-тұра қалысты. Арт жақтарынан үздіксіз келіп жатыр. Бір солдат атпақ болып ат үстінен мылтығын көздей бастап еді, қасында тұрған бір қаба сақал оған қатты айқайлап ұрысып тастады, анау дереу мылтыған иығына сала қойды.

Солдаттар мұнша адамның, қыруар жылқының мына асау өзеннен қалайша шығынсыз, әрі жылдам өтіп кеткеніне таң қала қарап ұзақ тұрды.

Кейінірек ел ішінде «Бүкіл ауыл Текестен өтіп кеткенше, Тұрысбек молда құран оқып Текестің суын тоқтатып тұрыпты» деген аңыз тарады.

Мұхамеджан Жақаев
© Oinet.kz

Мақалада: "Қазақтардың тірі болыпжер басып жүргендері татарлардың арқасы"

Ұқсас жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

23.08.2026
Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Дауыс беру барысын қазақстандық және шетелдік бақылаушылар бақылауда....

Толығырақ...Details

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

23.08.2026
«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді. Ол...

Толығырақ...Details

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

23.08.2026
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау...

Толығырақ...Details

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

23.08.2026
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының...

Толығырақ...Details

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

23.08.2026
Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары...

Толығырақ...Details

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026
Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

58 минут бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 час бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 час бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 час бұрын

Нағыз инклюзивті сайлау – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Құрылтай сайлауына оң баға берді

1 час бұрын

Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

1 час бұрын

«Адамдар үлкен ықыласпен келіп жатыр» – ҰҚШҰ байқаушылары Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысы туралы пікір білдірді

1 час бұрын

99 жастағы кейуана дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

1 час бұрын

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына зор қызығушылық танытуда – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

1 час бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС