"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сәбит Дөнентаевтың Семей өңіріндегі қызметтік кезеңі

02.10.2022
Сәбит Дөнентаевтың Семей өңіріндегі қызметтік кезеңі
422
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей облысының Кереку уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.1907 жылы Маралды деген жердегі Жалемеддин деген татар медресесінде Нұралы деген молдадан төте жазу әдісімен оқып, білім алған. Осыдан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым Қажы Ертісбаевтың медресесінде оқыды.

Сәбит Дөнентаевтың Семей кезеңінде еліміздегі алғашқы арнаулы оқу орындарының бірі – Семей мұғалімдер семинариясының маңызы айрықша. Сол кездегі бірден бір жалғыз жоғары оқу орны деңгейіндегі семинарияда Семей, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Ақмола өңірлерінен ғана емес, Жетісу аймағы мен көршілес Сібірдің Алтай, Тобыл жағынан да көптеген жастар келіп білім алған. Семинарияны Мұхтар Әуезовпен қатар Сәбит Дөнентаевтың атақты жерлестері Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан сияқты ғұламалардың оқып бітіруі көп жайтты аңғартса керек. Оның үстіне Ж.Аймауытовпен тығыз қарым-қатынаста болып, жақын дос ретінде араласуы да осы семинарияда оқуына игі әсерін тигізетін шығар.

Мұғалімдер семинариясында оқып білім алған кезі Сәбит үшін сәтті де жемісті болды. Семинария шәкірттері Ж.Аймауытов, М.Әуезов Алаш үкіметінің астанасы болған Алаш қаласында (Семей қаласының қазіргі Жаңасемей бөлігі 1927 жылға дейін ресми түрде осылай аталған) «Абай» журналын 1918 жылы шығарды. Сол жылдары шыққан қазақ тіліндегі басқа басылымдармен салыстырғанда өресі биік болған журнал жұмысына семинарияда оқып жүрген С.Дөнентаев та белсене қатысты.

С.Дөнентаевтың Семейде болған осы 1917-1919 жылдар аралығындағы тағы бір елеулі кезеңі – «Алаш» партиясының үні болған «Сарыарқа» газетінің жұмысына қатысуы. Сәбит Дөнентаев осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де («Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға») осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да  Сәбит Дөнентаев Семейде болып Мұхтар Әуезовпен орыс тілі сабағын жеке оқиды.

1923 жылы «Қазақ тілі» газеті редакциясының және Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруы бойынша Сәбит Дөнентаев Семейге келеді. «Қазақ тілі» газетіне қызметке кіреді. Осы мезгілден былай Сәбит Дөнентаев шығармашылығында ақын және публицист ретінде ең жемісті жаңа дәуір басталады.

Сол кезде республикалық басылымдармен иық тірескен бұл газет 1919 жылдан бері шығып тұрған. Алғашқы редакторы болып көрнекті алаш қайраткерлерінің бірі, талантты журналист Мәннән Тұрғанбаев тағайындалып, 1921 жылға дейін істесе, кейін М.Әуезов газетке басшылық жасаған.

Сәбит Дөнентаевтың негізгі еңбек жолы өмірінің соңына дейін осы Семей қаласында өтеді. Семей қаласындағы облыстық газет қазіргі – «Семей таңы» газетіне қызметке тұрып, осында көптеген шығармалары жарық көрген. Соңынан үлкен поэма не болмаса роман, повесть қалдырмаған.  Оның өз жанры бар. Ұсақ өлеңдер, мысал өлеңдер, сатиралық өлеңдер, содан соң баспасөзге араласқандықтан, газет қызметкері болғандықтан күнделікті өлкенің тынысына байланысты көптеген мақалалар жариялап, осы өңірдің келелі бір мәселелерін жан-жақты ашқан қаламгер.

Газеттің бұл кездегі жайы туралы ақынның жерлес досы С.Машақов былай дейді: «Сол кезегі «Қазақ тілі» газеті осы күнгі Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көлеміне тарайтын еді. Бұл айтылған жерлерде қазақ тілінде шығатын өзге газет жоқ еді. Сондықтан «Қазақ тіліне» күніне ондаған хат түсетін… Редакцияда ол кезде екі-үш адам қызмет істейтін. Оның бірі – хатшы, екіншісі – аудармашы немесе әдебиетші, үшіншісі – ауыл шаруашылық, ағарту бөлімінің бастығы. Сәбитке тиісті ауыл шаруашылығы, әдебиет, өлең, мәдениет және әйелдер тұрмысы болатын.»

«Қазақ тілі» газеті басқармасы мен Семей мұғалімдер семинариясы  Алаш қаласы зиялыларының жиі бас қосатын орны болды. Сәбит Дөнентаев та осы алқалы жиындарға қатысып, көптеген игі бастамалардың куәсі болды. 1920 жылы Семей мұғалімдер семинариясының жанынан еліміз тарихындағы алғашқы драма театры – «Ес аймақ» қазақ драмалық тобы (қазіргі Абай атындағы Семей музыкалық-драма театры) құрылып, осында көптеген сауық кештері ұйымдастырылды. С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің және басқа авторлардың алғашқы пьесалары осы сахнада қойылды.

Ақын, жазушы, журналист С.Дөнентаев Семейдің саяси, мәдени шараларына жай ғана куә болып қалмай, барлық шаруаларына белсене қатысты. 1925 жылы Алаш қаласында М.Әуезовтің тікелей араласуымен таза кеңестік жүйе сарынынан, жалаң ұрандардан аулақ болған, қазақ халқын көркейту, ұлттық негізде білім беру, мәдениетті дамытып көркейту, қазақ тілінің аясын кеңейту жолын ұстанған «Таң» журналы шықты. Журналдың белсенді авторларының бірі С.Дөнентаев та болғандығын оның басылым бетінде жарияланған шығармалары айқын дәлелдейді.

С.Дөнентаев газетте қызмет атқарып жүрген  кездерінде Семейдегі Қазақстанды зерттеу қоғамы мен Қазақтың пролетариат жазушылары ұйымының бөлімшесіне мүше болып, олардың да күнделікті жұмысына белсене араласып отырады. Ақыры денсаулығы нашарлап, 1930 жылдың май айында туған еліне қайтады. Сол жылдың күзінде Бесқарағай ауданының орталығы Беген дейтін жерде мұғалім болады.

Талай ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті Семей топырағымен есімі тығыз байланысты арыстарымыздың бірі – Сәбит Дөнентаев. Өзінің қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында ақындығымен танылып, белді журналист бола білген Сәбит мәңгілік тұрағын да Семей жерінен тапты. Меңдеп алған  көкірек, безгек ауруларынан айыға алмай  1933 жылы 24 мамырдақайтыс болады. Семей қаласындағы Шығыс кентіне шыға берістегі мұсылман зиратына жерленеді.

Халқына адал қызмет еткен азаматтың атындағы көшеге ескерткіш, естелік тақта орнатылса болашақ ұрпақ тағзым етерлік еді.

Зерттеу жұмысы барысында зерттеудің нәтижесінен туындаған ұсынысым: қаламызға Сәбит Дөнентаевтың ескерткіші орнатылса. Ақынның шығармалары мен кітаптары мектептердің кітапханаларында қамтылуы тиіс. Ақын өмірі  туралы фильмдер түсірілуі керек.

Ақылбеков Бақтияр,
«N 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
9 “А” сынып оқушысы.
Мұғалімі: Дюсекина Лазат Орынбековна

Мақалада: Сәбит Дөнентаевтың Семей өңіріндегі қызметтік кезеңі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

11 часов бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11 часов бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

11 часов бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

11 часов бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

1 день бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

1 день бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

2 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС