"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қонаевтың тұсында қазақ таза мәңгүрт болуға шақ қалды — Ерлан Төлеутай

16.01.2023
Қонаевтың тұсында қазақ таза мәңгүрт болуға шақ қалды — Ерлан Төлеутай

Фото: adyrna.kz

447
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қонаевтың тұсында қазақ өз тілінен айырылып, таза мәңгүрт болуға шақ қалды. Қонаев негізін салған сол орыстандыру саясаты бұл күнде «өз жемісін» беріп жатыр».

Бұл пікірді  белгілі дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

«Қаңтар айының 12-ші жұлдызында Қонаевтың туғанына 111 жыл толды. Келесі күні, яғни қаңтардың 13-і күні «Тұңғыш президент» туралы заңңың күші жойылды. Мұнан бір оң нышан көруге болады. Енді осы жөнінде кеңірек тарқатып көрелік. 1960 жылы Кремльдің ұйғарымымен билікке келген Қонаевтың Қазақстанды ширек ғасыр уақыт басқарғаны белгілі. Төтесінен айтсақ, Қонаевтың тұсында қазақ халқы қор ұлтқа айналды. Әуелі қазақтың ұланғайыр даласы әскери өндіріс үшін деген желеумен ядролық сынақ алаңдарына берілді. Мәскеудің бұл шешімі Қазақстан билігі тарапынан еш қарсылықсыз жүзеге асырылумен болды. Бұған жалғыз өзі қарсы қарсы шығып, ядролық полигондардың адамзатқа тигізер өлшеусіз зардабы туралы сегіз том ғылыми еңбек жазған Атшабаров атты жанкешті ғалымның үнін мұндағылар Мәскеудің пәрменімен шықпастай қылып өшірді. Атшабаровтың әлемдік ғылымда теңдесі жоқ 8 том бұл еңбегі КГБ тарапынанан тәркіленіп, көзі жойылды. Осылайша Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында 40 жыл бойы ядролық һәм бактериялогиялық қарулардың алуан түрі сыналып жатты. Бұл қазаққа жасалған ұлы этноцид еді», — дейді Төлеутай.

Оның айтуынша, себебі ядролық қарулардың топырақ бетіне, жер асты суларына сіңген улы сәулелерінің зиян-зардабы үш мың жыл бойы (ақырдың күніне дейін) жойылмақ емес.

«Осының салдарынан бұл күнде қазақ халқы әлемдегі ең дертті ұлтқа айналып отыр және келешекте елімізде улы радиация салдарынан болатын түрлі аурулар: рақ, жүрек, қан тамырлары, т.б. кеселдер күшейе түспек. Бұл — менің емес, осы саланы зерттеуші ғалымдардың ұзақ жылғы зерттеулерден кейінгі ғылыми тұжырымдары. Бұл тұрғыдан қазаққа алапат апат жақындап келе жатыр. Ғалымдардың пікірінше, келешекте радиация сәулелерінен болатын түрлі аурулар геометриялық прогреспен өспек», — дейді ол.

Алайда мұның алдын алуда мемлекет тарапынан ешқандай сауықтыру шаралары жасалмай жатыр.

«Екінші бір ұлы трагедия – Қонаевтың тұсында қазақ өз тілінен айырылып, таза мәңгүрт болуға шақ қалды. Ол басқарған жылдары елімізде мыңға жуық (кей деректерде мың жарымнан астам) қазақ мектебі жабылды. Мен Қонаев заманын көрген адаммын, бала кезімде үш орыс отбасы бар біздің ауылда жоғарыдан келген бұйрық бойынша орыс мектебін ашпақшы болды. Бірақ сол кездің есті қарттары бұл солақай шешімге тосқауыл қойғаны – бала болсам да, еміс-еміс есімде. Ал Алматы сияқты астанамызда, басқа да облыс орталықтарында жалғыз-жалғыздан қазақ мектебінің болғанын бұл күнде ешкім жоққа шығара алмас. Оның өзінде ол мектеп-интернаттарда малшылардың балалары оқитын», — дейді ол.

Сондай-ақ өнертанушы Қонаев тұсында қазақ халқы тек мал бағатын төмен ұлтқа айналғанын айтады. Ол жетпісінші жылдары «Қой санын елу миллионға жеткізейік!» деген жалаң ұран көтерілгенін еске салады. Мектеп бітірген қазақтың өрімдей қыз-жігіттерінен мал бағатын комсомол жастар бригадалары зор қарқынмен құрыла бастағанын жеткізді.

«Жастар, ауылда қалып, мал бағыңдар деген үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілді. «Нәтижесінде» оқимын, ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер боламын деген талай жастардың асқаралы армандары қанатынан қырқылды. Небір сәулелі жігіттер, көздері мөлдіреген арулар қой мен сиыр соңына салынды. Бейнелеп айтқанда, айдалаға «шошақтың шөліне» апарылып тасталған әлі оңы-солын танып үлгермеген бағыт-бағдарсыз қалған балаң жастар ішкілікке салынды, көптеген қазақ қызы сол мал бригадалардында жүріп, аяғы ауыр болып қалып, дүниеге некесіз бала әкеліп жатты. Мұның шын мәнінде ұлттың азғындауының басы болғаны бұл күнде Қонаевты жақтаушылардың қаперіне кірер емес. Бұл кезде Қонаев Мәскеуге «Мен Алматыдағы жергілікті ұлтты 16 пайыздан асырмаудамын» деген сыңайда жарымсақтана ақпар беріп жатты. Негізі Кремль ел астанасында қазақтың саны 20 пайыздан аспасын деген жабық пәрмендер берген көрінеді. Айғағындай Алматы сол кезде өзге ұлттардың сүйікті қаласына айналды. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың: «Алматы – қазақтың астанасы, ұйғырдың асханасы, орыстың баспанасы», – деген әжуалы сөзінің тарағаны осы кез», — дейді өнертанушы.

Оның айтуынша, Қонаев негізін салған сол орыстандыру саясаты бұл күнде «өз жемісін» беріп жатыр.

«Тоқсаныншы жылдары Қонаевқа адал қызмет еткен партноменкулатураның бірсыпырасы енді Назарбаевқа түрлі жолдармен «ант беріп», өздерінің билігін сақтап қалды. Кейін жасы келіп, биліктен кете бастаған кезде олар өздерінің бір ауыз қазақша білмейтін балаларын биліктің түрлі салаларына әкелумен болды. Мұның ең сұмдығы – бұл балалардың әкелері белгілі деңгейде ана тілін білуші еді. Ал бұлардың Алматының кілең орыс мектептерін бітірген қазақ тілінен әрі ұлтттық құндылықтар мен қазақы дүниетанымнан мақұрым ұл-қыздары ешқандай ұлттық арман-мұратсыз, мемлекеттік жауапкершіліксіз түрлі лауызымды қызметтерге арсыздықпен қонжия бастады. Шындығында олардың әкелері мұратсыз еді, сол ұлттық армансыздық, мемлекеттік мұратсыздық ковид індеті сияқты бұлардың балаларына да жұқты. Ұлтымыздың отыз жылғы трагедиясына айналған әкелі-балалардың бұл мұратсыздығы бұл күнде қазақтың ең ауыр дертіне айналды. Өз кезегінде бұл әкелі-балалы «сұмжүректер» осы уақытқа дейін қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік тілге айналуына тұрақты түрде, табандылықпен лобби жасап келеді», — дейді дәстүрлі әнші.

Ерлау Төлеутайдың айтуынша, мұратсыз өскен олардың мұратсыз мақсаты – қазақ халқын өз ана тілінде сөйлетпеу. Егер қазақ өз тілінде сөйлеп кетсе, өздерінің бір-ақ күнде қызметсіз қалатынын біледі әрі бұл міскіндер өз «келешегін» ойлаудың асқан шебері десе де болады.

«Олардың бір мақсаты – өз балалары мен немерелерінің қамы, яғни, отбасылық, әрі кетсе, рулық санадан аса алмай қалған кембағал жандар. Себебі сол мұратсыз әкелердің немерелері мен шөберелері бұл күнде де топырлап билікке келуде. Көздегені – билік баспалдақтарымен карьера жасау және осы тұрғыда түрлі қитұрқы жолдармен жоғары лауазымдарды иеленіп алған орыс тілді шенеуніктер енді өз балаларының қамдарын жасап жатыр. Бұл бүгінгі «Жаңа Қазақстан» тұсында да айқын аңғарылады. Осынау келеңсіз үрдістің қай уақытқа дейін созылары белгісіз. Егер бұлай бола берсе – Қазақстанды құрдым күтіп тұр дей беріңіз. Назарбаев кезеңінен басталған бұл қауіпті құрдым қазір, тіпті, зор қарқын алып жатыр. Себебі мемлекеттің, ұлттың ең басты байлығы – талантты һәм білімді, алғыр, ойлы жастар шетел асуда. Бұл үрдіс жыл сайын қарқын алып жатыр. Елімізде бұл келеңсіз үрдістің алдын алуда ешқандай мемлекеттік шаралар жасалмайды. Жасалса да, мұның барлығы тек көзбояушылық болып қалып жатыр», — дейді Ерлан Төлеутай.

Мақалада: Қонаевтың тұсында қазақ таза мәңгүрт болуға шақ қалды - Ерлан Төлеутай

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС