"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨСЕДІ

21.01.2023
БАҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨСЕДІ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

БАҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨСЕДІ

Өткен сейсенбі күні Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысы Мейр Мадиевтің қатысуымен «Тарифті инвестицияға айырбастау» тақырыбында брифинг өтті.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Брифинг барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы туралы айтып берді.

— Мемлекет басшысы 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңда тариф қолдану мерзімі аяқталғанға дейінгі бекітілген тарифтерді өзгерту негіздерін айқындайтын ҚР Табиғи монополиялар туралы заңына өзгеріс енгізілді. Бұл шара табиғи монополиялар субъектілеріне қосымша инвестиция тарту арқылы тозығы жеткен коммуналдық желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.  Абай облысы бойынша инженерлік желілердің тозуы орта есеппен 58,6 пайызды құрайды, оның ішінде жылумен жабдықтау желілерінің 68 пайызы, «Семей Водоканал» мекемесі желілерінің тозуы 67-78 пайыз аралығында. Апаттық жағдайды болдырмау мақсатында тарифті өсіру арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады,- деді Мейр Мадиев.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – желілердің тозуын азайту үшін, қарапайым халыққа қолайсыздық туғызбай, тарифтерді өсіру. Аталған заңның екінші бағыты бойынша, қызметтерді көрсетуге арналған иесіз жерлерді субьектілер өз теңгеріміне тікелей немесе сенімгерлік басқаруға алатын болса, күтіп ұстау шығындарын осы тариф арқылы жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Департамент басшысы сонымен қатар облыстар мен аудандардағы коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы сала бойынша орташа жалақыдан төмен екенін айтты.

— Жыл ішіндегі статистикалық деректерге сүйенсек, облыстар мен өңірлердегі коммуналдық сала қызметкерлерінің тарифтегі жалақысы сала бойынша орташа жалақыдан төмен. Коммуналдық салада еңбекақының төмен болуына байланысты білікті жұмысшылар қызметтен кетіп жатыр. Заңға сәйкес олардың жалақысын орташа айлық жалақы деңгейіне дейін көтеру жоспарланып отыр. Бүгінде республика бойынша орташа жалақы — 299 782 теңге, — деді Мейр Мадиев.

Коммуналдық қызметтерге тариф бағасының тұрақты болғанына қарамастан, материалдар мен жабдықтар бағасы өсуде. Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы инфляция 20,4 пайыз, 2021 жылы 8,4 пайыз, 2020 жылы 7,5 пайызды  құраған.

— Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бүгінгі таңда ҚР-ның табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, бұрын бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге тауарлар құнының, ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық ставкаларының және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзгеруі ұсынылатын қызметтер көлемінің ұлғаюы және басқа да жағдайлар негіз болса, ал заңнамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін, субъектілер өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысын өзгерту, жергілікті атқарушы органдардан мүлікті (иесіз желілерді)  теңгерімге және сенімгерлік басқаруға алу және бекітілген инвестициялық бағдарлама сомасын ұлғайту сияқты басқа да негіздер бойынша жүгіне алады,- деді Мейр Мадиев.

Департамент басшысы қазіргі уақытта Мемлекет басшысының жылу желілерінің тозу деңгейін 15 пайызға төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында монополистермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.  Тариф  бағасына желілердің тозуын төмендетуге бағытталған инвестициялар ғана емес, сонымен қатар ТМС қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, субъектілерге балансқа берілген жағдайда иесіз желілерді ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындар да енгізіледі.

Мейр Мадиев сондай-ақ аталған салада цифрландыру жүзеге асып жатқанын жеткізді.

— Мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган қызметтерді цифрландыруды жүзеге асырмақ. Бұған дейін, 2019 жылы, «Монополист» электрондық деректер базасы іске қосылды. Бұл ҚР-да тариф белгілеу рәсімдері мен процесінің ашық түрде өтуіне оң әсер етті. Сондай-ақ тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекіту алдында уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізеді. Онда тариф пен инвестициялық бағдарламаның жобасы тұтынушылар алдында қорғалады. Сонымен қатар құрамына депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері және өзге де азаматтар кіретін уәкілетті органның ведомствосы жанынан құрылған сараптамалық кеңестер өткізілуде. Бұл да өз кезегінде қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз етеді. Барлық рәсімдерді өткізгеннен кейін уәкілетті орган тариф пен тарифтік сметаны, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесіп инвестициялық бағдарламаларды бекітеді. Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғалардан тарифтерді қалыптастыру және инвестициялық бағдарламаларды бекіту процесіне белсенді қатысуын сұраймыз,- деді Мейр Мадиев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында елде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57%-ы және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозғанын, тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру желдеткіштің сөнуіне, апаттарға, нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін айтып, монополиялық нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу қажеттігін, желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға қысқарту қажеттігін атап өткен болатын.

 

Мақалада: БАҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨСЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

8 часов бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

1 день бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

1 день бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

3 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС