"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

26.01.2023
КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

 

Биылғы қыс әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерін қыспаққа алып тұр. Бұл жағдай Түркістан, Жамбыл, Жетісу сынды бірқатар облыстарда көмір бағасының қымбаттауына себеп болды. Елімізде қатты отынға деген сұраныстың артуына байланысты өңіріміздегі «Қаражыра» АҚ өндіріс көлемін ұлғайта түсті.

Биыл  «Қаражыра» кеніші көмір өндіруді 9 млн тоннаға жеткізуді міндет етіп қойған болатын. Басты әріптесі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания қызметі арқылы, яғни темір жолмен 8,7 млн тонна қатты отынды жөнелтуді жоспарлауда.

Аталған компания бірқатар инвестициялық бағдарламаларды сәтімен іске асыруда. Атап айтсақ, жалпы құны 42,0 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа тау-кен өндірісіне арналған техникаларды — әрқайсысы 220 тонна жүк көтере алатын сегіз каръерге арналған «БелАЗ»-75306 көлігі, Hitachi ЕХ-3600 маркалы екі эксковатор және тағы басқа да ауыр жүк машиналарын сатып алды. Оның сыртында сағатына 1200 тонна көмір өндіруге қуатты жаңа сұрыптау-байыту кешенін іске қосты. Енді шартарапқа ағылатын жылжымалы құрамдарға көмір тиеу ісі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өнімдірек болмақ.

Қазіргі күні еліміздің басым бөлігін қатты отынмен қамтамасыз ететін бұл өндіріс орны штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бүгінде облысымызға қарасты 10 тұйыққа көмір тұрақты түрде жеткізіліп, саудаланып жатыр. Бұл орайда әсіресе Семей, Аягөз, Шар қалаларына көмір кедергісіз тасымалдануда. Қазіргі есеп бойынша, тәулік сайын 30 вагон көмір, немесе 2 мың тонна қатты отын жеткізіледі екен.

Сөз басында айтып кеткеніміздей, биылғы қыстың суық болуына байланысты оңтүстік өңірлерден, тіпті алыс-жақын шет елдерден, Орта Азия мемлекеттерінен «Қаражыра» қойнауындағы  көмірге деген сұраныс күрт артып отыр. Кеніш толық күшінде жұмыс істеп тұрғандықтан, жоспар ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Биылғы маусымда облыстың жылу көздерінің көмірге жалпы сұранысы 1,2 млн тоннаны құрайды екен. Осыған дейін жүргізілген есеп бойынша, облыс көлеміндегі жылу көздеріне 595,4 мың тонна, жеке сектордағы тұрғындарға 564 мың тонна, ал бюджеттік ұйымдарға  83,1 мың тонна қатты отын қажет екен. Бүгінде оның 727,9 мың тоннасы толық көлемде жеткізіліпті.

Айта кетерлігі, бүгінде облыс бойынша тұрғындар арасында көмір алуда қарбалас жоқ, аяздың қайтуына байланысты сұраныс біршама азайған. Бағасы да өзге облыстармен салыстырғанда тұрақты. Жергілікті атқарушы билік халықты жаз бен күзде ерте қамданып, көмір сатып алуға шақырып келеді.

Қазіргі күні Семейдегі көмір тұйықтарында қатты отынның тоннасы, жеткізіп беру қызметін қоса алғанда, 12 400 теңгеден саудалануда. Бұл еліміздегі ең төмен баға саналады екен. Ал шалғай аудандарда көмір бағасы өткен жылмен деңгейлес болып тұр.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

9 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС