"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

27.01.2023
АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР
84
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

 

25 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, педагог, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы ғалым Мұрат Сұлтанбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Абай ұлағатынан нәр алған қаламгер» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кешке филология ғылымдарының кандидаты, профессор Арап Еспенбетов, ақын, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, ақын, республикалық «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, тарихшы Амантай Исин, қаламгердің жары Күлзада Сұлтанбекова және басқа да зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мұрат Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келді. Болашақ қаламгердің балалық шағы қиындықпен өтті. 1960 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей пединститутының филология факультетін тамамдап, кейін Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында аспирантурада оқыған. 1960 жылдардың соңынан ғылыми жұмыспен шұғылданған .

1971 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің үлкен залында «Абайдың поэмалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан жас ғалым өзі оқыған пединститутта аға мұғалім, доцент, Талдықорғанның педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді.

Қос тілдің шебері, қаламгер Мұрат Рахымжанұлының ұшқыр қаламынан әр жылдары түрлі шығармалары жарық көрді. Абайдың он бір өлеңін, Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» шығармаларын тәржімалап, сондай-ақ Б.Майлийннің «Жалбыр» пьесалары, Есмағамбет Исмайлов, Кәмен Оразалин шығармалары, Сәду Машақов, Аманжол Шамкенов, Тәңірберген Әміренов, Қашаф Туғанбаев, Ақылбек Манабаев сынды ақындардың өлеңдері, 2005 жылы Ырысхан Мұсаұлының «Саға» романы, 2006 жылы Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықұлының «Мәңгілік махаббат жыры» дастаны, 2007 жылы Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары М.Сұлтанбековтың аударуында орыс тілінде сөйледі. 2007 жылы М.Рақымжанұлының «Поэтическое вдохновение:Абай, Шакарим и Мұхтар» атты кітабы шықты. Онда автордың мақалалары, эссе, өлеңдері және поэмалары жинақталған. М.Сұлтанбеков аудармашылықпен қоса, драматургия саласында жемісті еңбек етті. Замандастары, махаббат пен туған жер табиғатына арналған «Новые стихи», «Иртышский остров», көп актілі «Аттила» атты тарихи пьеса жазды. Қайнар университеті мен Патеон Ассос университетінің Седимес институты ұйымдастырған Алматыда өткен Аттиланың 1600 мерейтойына арналған ғылыми конференцияда Аттила жөнінде баяндама жасап, аталған пьесасы үшін Аттила атындағы медальмен марапатталды.

Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы «Мұқаңның мерейтойының қара шаңырақта бастау алуы заңды құбылыс» деп ақынның шығармашылығына терең тоқталып өтті.

— Ғылымда «толдым, болдым» деген болмайды. Мұрат Рахымжанұлы бүгінгі күні де шығармашылықпен айналысуды тоқтатқан жоқ. Сіздің абайтану саласына қосқан өзіндік үлесіңіз ерекше. Әлі де ұрпаққа береріңіз көп болсын,- деген Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай өз атынан алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.

— Мұрат Рахымжанұыл Абайды тануға да, Абайдың ақын шәкірттерін насихататуға да үлкен үлес қосты. Абай музейінде, Абай журналында қызмет етті. Үлкен тойы әлі алда. Дегенмен, әлқиссасы бүгін Абай музейінде басталды. Кешегі бала Мұқаң – бүгін дана ақын, көрнекті ақын дәрежесіне жетіп отыр. Институтты бітірген соң министрліктің жолдауымен Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында аспирантурада білімін жетілдірді. Мұқаң студент кезінен поэзияға үйір болды. Содан бері қарай өлеңдерімен танылды. Бірақ ғылымды да ұмытқан жоқ. Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғалиев, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі Бейсенбай Кенжебаевтармен бірге қызмет істеп, «Абайдың поэмалары» деген тақырыпта диссертациясын жазып қорғады. Сол тұста аудармашылықпен де айналысты. Институтта жүрген кезінде Қайым Мұхамедханов курстық жұмысқа Ақылбайдың «Дағыстанын» орыс тіліне аударуды тапсырып еді. Оны да сәтті орындап шыққанына өздеріңіз куә болып отырсыздар. Мұқаң бүкілодақтық баспасөз беттерінде көп жазды. Жақында ғана Семей қаласының Құрметті азаматы атағын алған Мұрат Рахымжанұлы Семейдің ғана емес, Қазақстанның Құрметті азаматы,- деді Арап Сіләмұлы.

«Вопросы литературы», «Дружба народов», «Простор», «Иртыш», «Советский воин», «Казахстанская правда»  және басқа  да кеңестік газет-журнал беттерінде қаламгердің отандық әдебиеттану жөніндегі рецензиялары, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеулері, «Ақылбайдың поэтикалық мұраларынан», «Азамат, ақын, ойшыл», «М. Әуезов Абай поэмалары жайында», «Абайдың балалары және әдеби мұралары» және басқа да мақалалары жарияланып отырды. Аталған материалдардың көбі кейін «Всю жизнь с Абаем» монографиясы мен «Величие таланта Мухтара Ауэзова» жинағына енген.

— Мен Мұрат Рахымжанұлын Абай журалында қызмет істеген кезінен бастап жақсы тани бастадым. Абай журналына келгеннен дейін Мұқаңның екінші тынысы ашылды деуге болады. Қайым Мұхамедхановтың ұлындай болып қасында жүрді. Журналға келгенде Шәкәрімнің поэмаларын, Ырысхан Мұсаұлының «Саға» романын аударды, «Аттиланы» жазды. Ғалымдығы, ақындығы, қаламгерлігі, аудармашылығы – барлығы бір арнаға тоғысты. Абайтануға байланысты орыс тіліндегі мақалалардың бәрі Мұрат ағаның қолынан өтетін,- деп естелігімен бөлісті «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов.

Тарихшы Амантай Исин, ақын,  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин де қаламгер жайлы жылы лебіз білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады. Осыдан соң студенттер мен жастар кеш иесіне сауалдарын қойып, пікір алмасты. Қалалық мәдениет сарайының әншісі А.Бауыржанұлы Абай әндерін әуелетіп, А.Ілдербаев, Е.Мақпозов сынды күйшілер «Әлқисса» күйімен басқосудың көрігін қыздырды.

Кеш соңында қонақтар Мұрат Рахымжанұлымен естелік суретке түсті.

 

Мақалада: АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

7 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

8 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

8 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

8 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС