"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

17.02.2023
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?
135
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпан айы да ортасынан асты. Семейдегі жауапты мамандар көктем мезгілінде болуы мүмкін қауіптің алдын алу шараларына қазірден бастап кірісіп кетті. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов көктемгі су тасқыны қаупі жоғары Пожарная Согра мен Шығыс кентінде болып, алдын алу шараларының ұйымдастырылу барысын тексерді. Одан кейін әкімдік ғимаратында төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Зарина КӘП
«Семей таңы»

Пожарная Согра кентінде бөгет салу жұмыстары басталыпты. Оған 17 техника жұмылдырылып, топырақ тасымалданып жатыр.

— Пожарная Согра және Шығыс кенттерінде су басу қаупінің алдын алу үшін арнайы дамбы жасадық. Пожарная Согра кентінде ұзындығы 500 метрдей бөгет салынады, бұл жұмыс екі күн бұрын басталды. Оған 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ Шығыс елді мекенінің жанынан да ұзындығы 700 метрге жуық бөгет салу қажет. Жалпы, қала бойынша су басу қаупі бар 15 аумақ бар. Қазіргі күні 30-дан астам техника жұмыс істеуде. Тағы бір мәселе – арықтарды тазалау. Биыл каналдарды тазалауға 60 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қала бойынша 50 шақырымнан астам арық бар болса, бүгінде 30 шақырымы тазаланды. Жаз мезгілінде осы арықтарды жөндеу үшін 140 млн теңге қаражат бөлінеді. Жоспарға сай жұмыс жүргізетін боламыз,- деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, су басу қаупі бар 15 аумақта 631 тұрғын үй бар. Қазір 13 аумақта дренаждық арналарды тазалау, су өткізгіш құбырлардың диаметрін ұлғайту, жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізу арқылы қауіп біраз сейілген.

— Су тасқынына қарсы іс-шаралар Су тасқынына қарсы іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған республикалық жол картасы, Абай облысы Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары, сондай-ақ 2023 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Апатты жағдайдың алдын алу үшін арнайы күштер тобы жасақталып, арнайы техникалар дайындалды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтарынан мобильді жедел әрекет ету топтары дайындалды, олар апатты жағдай орын алған жағдайда дереу жөнелтіледі. Қажет болса, олардың құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері тартылады,- деді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Е.Тұрсынханов.

Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының айтуынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туралы халықты уақтылы хабардар ету тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі шаралардың бірі болып табылады. Семей қаласында сигнал беретін жабдығы бар электр сиреналарының  жүйесі бар. Алайда қолданыстағы электр сиреналарымен қала халқының 15 пайызын ғана хабардар ете алады. Ал қалалық телеарналар арқылы берілетін ақпарат барлық елді мекендерге жете бермейді. Семей қаласының тұрғындарын хабардар ету жүйесі 1980 жылдары орнатылған екен. Мұндағы P-164 жабдығы ескірген, цифрлық және талшықты-оптикалық байланыстарға қосылуға техникалық мүмкіндік жоқ. Алдағы уақытта осы мәселенің шешімі қарастырылмақ.

— Әрине, техника мен арнайы мамандардың жетіспеуі проблема тудырып тұр. Қаладағы қарды шығаруға жалпы саны 80 техника жұмылдырылғанымен, су басу қаупі жоғары аумақтарға тағы 30 техника жіберілді. Қазірдің өзінде 380 мың текше метр қар шығарылды. Алдағы уақытта жұмысшылардың жетіспеушілігі мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Барлығы әкімдіктің бақылауында,- деді шаһар басшысы Нұрбол Төлегенұлы.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы жауапты сала мамандарына су тасқыны қаупі бар аумақтардағы арықтар мен каналдарды, дренаждық жүйелерді, өзен арналарын мұздан және қоқыстан тазарту жұмысын уақтылы аяқтауды, апатты жағдай орын алған жағдайда жедел түрде әрекет етуді, әлі де түйткілді мәселелер болса, дер кезінде хабарлауды тапсырды. Сондай-ақ күні-түні кезекшілік ұйымдастырып, барлық мәселені бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.

Мақалада: СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 день бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 день бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС