"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ ІСІ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

06.04.2023
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ ІСІ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Alikhan Bokeikhan университетінде облыс әкімі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Шалқар Байбеков және комиссия мүшелері қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Жиын барысында комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары жайлы Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев баяндады.

Комиссия құрамына жергілікті атқарушы билік органдары, ғалымдар, өлкетанушылар мен өңірдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласатын азаматтар – жалпы саны 21  адам енген.

Комиссия отырысында архив көздерін және басқа материалдарды жинау, зерделеу, қорытындылар дайындау жөніндегі 9 адамнан тұратын 3 жұмыс тобы құрылды.  Біріншісі — большевиктік-сталиндік биліктің зорлық-зомбылық, ұжымдастыру, басқа да саяси науқандарының құрбандарын және олардың салдарынан жапа шеккендерді зерттеу,  қорытындылау және кеңес беру жөніндегі жұмыс тобы, екіншісі — Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтар мен арнайы қоныстанушыларды толық заңдық және саяси түрде ақтауға арналған қорытындылар мен ұсынымдарды әзірлеу, дайындау жөніндегі жұмыс тобы, ал үшіншісі – «Алаш» қозғалысының мүшелері мен жақтастарын толық заңдық және саяси түрде ақтау үшін қорытындылар мен ұсынымдарды зерделеу, дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

— Сонымен қатар қала және аудан әкімдері жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жергілікті жерде аталған комиссиялардың жұмысын үйлестіретін мемлекеттік орган — ішкі саясат бөлімдері. 2022 жылғы 20 қазанда өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетінші отырысының хаттамасында берілген тапсырмаларды орындау барысында «Абай облысында кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы» тақырыбы бойынша жинақ әзірленіп, мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесіне жолданды. Президентке таныстырылған 33 томның 21-ші томы біздің обылысқа тиесілі. Осы сәтті пайдаланып, жинақтың шығуына көп көмегін көрсеткен  Марина Ивановна Перебеева, Лаура Қабдылғазықызы Қадырова және Алексей Евгеньевич Шалигинге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтқымыз келеді,- деді Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.

Қазіргі уақытта комиссия «Алаш» қоғамдық-саяси, ұлт-азаттық қозғалысына арналған жинақты дайындау шеңберінде құжаттарды анықтау жұмыстарын жүргізуде.  Ағымдағы жылдың II-III тоқсанында «Халық жады» еске алу кітабын дайындау шеңберінде жұмыстар жүргізілмек.

Отырыс соңында облыс әкімі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.

Айта кетейік, комиссия өз жұмысын «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 жарлығына сәйкес атқарады.

Жұмысты үйлестіру Абай облысы қоғамдық даму басқармасы, оның ішінде ҚХА хатшылығы және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімі мен облыстық Достық үйі жанынан құрылған бөлім тарапынан жүзеге асады.

Комиссияның негізгі міндеттері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан толық ақтау үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу; заңнамада аталған, бірақ іс жүзінде ақталмаған құрбандар санаттары тізбесін қалыптастыру; ақталмаған адамдардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша арыз-шағымдарды қарау бойынша қызметті үйлестіру және Қазақстанның азаттығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді мәңгі есте қалдыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі мен қабылдануын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша бюджеттік сыныптама кодының өзгеруі туралы

37 минут бұрын

ЕАЭО аумағында тасымалдарды навигациялық пломбалармен қадағалау енгізіледі

45 минут бұрын

АСР таңдауға асығыңыз: 1 наурызға дейін хабарлама бермесеңіз, жалпы режимге өтесіз

55 минут бұрын

Абай облысында кәсіпкерлерге ескерту: 1 наурызға дейін салық режимін таңдаңыз

1 час бұрын

Әділетті Қазақстан туралы арман – Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

1 час бұрын

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ  ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

2 часа бұрын

Жастармен кездесу: Конституциялық реформаның маңызы талқыланды

2 часа бұрын

Конституциялық реформа – мемлекеттілікті нығайтудың маңызды қадамы: Бесқарағай ауданында қоғам өкілдерімен кездесу өтті

2 часа бұрын

Абай ауданында жолдар жаңартылады: ондаған шақырымға жөндеу жұмыстары жоспарлануда

7 часов бұрын

Халық кеңесі азаматтық қоғамның шешім қабылдауға қатысуын күшейтеді

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС