"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮМІТ ОТЫН ӨШІРМЕГЕН «АНА ҮЙІ»

17.05.2023
ҮМІТ ОТЫН ӨШІРМЕГЕН «АНА ҮЙІ»
77
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде тастанды балалар санын азайтып, жүкті және жас аналарға қолдау көрсету, уақытша баспанамен қамту, аяғынан тік тұрып кетулеріне жағдай жасау мақсатында 2013 жылы Семей қаласында ашылған «Ана үйі» қоғамдық қоры 10 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Салтанатты шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынғазина, Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева, қоғамдық қордың демеушісі Ермек Ашкенов,  «Semeycement» ЖШС директоры Шыңғыс Күсегенов және өзге де ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. Осы күні Ана үйіндегі бір ана баспаналы болса, жуырда тағы екі анаға пәтер кілті табысталатын болды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Бүгінде еліміздегі 18 қалада 21 Ана үйі бар. Қазақстандағы ең алғашқы Ана үйі 2013 жылы Астана қаласында  «BI-Group» холдингінің басшысы Айдын Рахимбаевтың бастамасымен және демеушілігмен ашылғанын айта кеткен жөн. «Аналар үйі» әлеуметтік жобасы идеясы қоғам арасында кеңінен таралып, Рахимбаевтар отбасына көптеген қазақстандық бизнесмендер қосылды.

Семейдегі «Ана үйі» қоғамдық қоры 2013 жылдан бастап қиын жағдайға тап болған аналар мен балаларға материалдық, медициналық, психологиялық, моральдық және құқықтық көмек көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін қаламыздағы қоғамдық қор 275 ана мен 295 баланы қамқорлығына алған. Бұл құрғақ сандардың астарында қаншама ана мен баланың тағдыры жатыр…

Екі қабатты, ауласы абаттандырылған Семейдегі Ана үйінде қазір 9 ана, 13 бала тұрып жатыр. Қоғамдық қор ана мен баланы қажетті материалдық заттармен алты ай мерзімде қамтамасыз етеді. «Ана үйі» қоғамдық қорының Семейдегі  үйлестірушісі — Айнагүл Нұртазина.
Осы орайда Балаларды отбасына орналастыру үшін елімізде «Ұлттық бала асырап алу агенттігі жобасы» іске қосылғанын айта кеткен жөн. Аталған жобаның басты миссиясы – асырап алушы отбасын даярлау, қабылдап алушы отбасын сүйемелдеу және қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту. Агенттіктің өкілеттілігі неке және отбасы туралы ҚР кодексіне сәйкес қарастырылады. Жоба аясында республика азаматтарымен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 14 308 азаматқа кеңес беріліп, 4341 бала асырап алуға үміткер ата-ана мектебінен өткен, 1758 бала қамқорлыққа алынып, отбасын тапса, 1176 отбасы бала асырап алған.

 

Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөз алған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ана үйінде тұрып жатқан Бақытгүл Жангелдіқызына облыс әкімі атынан пәтер кілтін табыстады.

Шаһар басшысы Айнагүл Ғалымбекқызын және «Ана үйі» қоғамдық қорының ұжымын мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

— Ана мен баланың денсаулығын, құқығын қорғау, қолдау көрсету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.  Жан-жақты қолдау көрсетіп отырған демеушілерге алғысымыз зор. Осы жылы әкімшілік атынан 35-квартал ауданындағы ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тағы бір орталық ашуды жоспарлап отырмыз,- деген қала әкімі орталыққа естелік сыйлығын табыстап, Бақытгүл Жангелдіқызына пәтер кілтін ұсынды.

Қиын жағдайға тап болып, өмірден баз кешкен жас аналар осы орталықтан пана тапқан, бүгінде аяқтарынан тұрып, жұмысқа орналасып, ел қатарлы өмір сүруде. Олар өздерінен ата-аналары мен жақындары бас тартқанда, Айнагүл Ғалымбекқызының мейірімі мен махаббатына бөленгендерін айтады. Көпшілігі бүгінде өздеріне адал жар тауып, тұрмыс құрған, бір-бір отбасының ұйытқысы болып отыр. Солардың бірі Алима есімді ана жұбайымен және қызымен бірге келіп, қоғамдық қорға және демеушілерге, Айнагүл Ғалымбекқызына алғысын білдіріп, көзіне жас алды.

— Аяғым ауыр екенін білгенімде қуанышымда шек болмады. Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. Баламның әкесі менен бас тартып, өмірімнен біржола жоғалып кетті. Қолдаусыз, көмексіз жападан-жалғыз қалдым. Ата-анама айтқанымда, олар да ішімдегі сәбиді қабылдамады, түсінбеді.  Маған ренжулі болды. Мен таңдаудың алдында тұрдым. Бірақ шарананы қимадым. Қызымның аман-есен, дені сау, менімен бірге болуы үшін барлығына дайын болдым. Ана үйінің алдына бірнеше рет келдім, бірақ қоңырауды басуға жүрексіндім. Ондағы өмір қандай, кімдер тұрады деген сауал көкейімде тұрды. Бірақ Айнагүл Ғалымбекқызы мені жылы қарсы алып, құшағына басты. Бұл менің ең дұрыс шешімім болыпты. Мұндағы жандар да мені қолдады, әрдайым  көмектесті. Қыз баланы өмірге әкеліп, есімін Сезім деп қойдық. Заңгерлердің көмегінің арқасында қызымның әкесі баласын қабылдап, алимент төлей бастады. Мұнда келмегенімде өмірімнің қалай өрбитінін елестете алмаймын. Қызым екеуіміз үшін бұл шаңырақ  туған үйіміздей болып кетті. Босанған соң анам «қызыңды тастап, үйге қайт» деді. Бір жағынан, үйіме оралғым келді, бірақ қызымды да тастай алмадым. Сезім менің өмірімді күрт өзгертті, жарық сәуле сыйлады, күш-қуат берді. Медбике болып жұмысқа орналастым. Осында өз махаббатымды жолықтырып, тұрмысқа шықтым, қызыма қамқор әке таптым. Қазір өте бақыттымын, сәбиімізді күтіп жүрміз,- деп алғысын жаудырған Әлима есімді ананың сөзі жиналғандарды да тебірентпей қоймады.

Қоғамдық қордың демеушісі Ермек Ашкенов те мерейтоймен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— «Ана үйі» қоғамдық қорын ашу идеясы белгілі кәсіпкер  Айдын Рахимбаевтікі. Бұл бастаманы өзге кәсіпкерлер де қолдады. Себебі әр қалада көмекке мұқтаж қыз-келіншектер табылады. Бұл жоба туралы алғаш естігенде кәсібім Семей қаласымен байланысты емес еді. Алматы қаласындағы Аналар үйіне демеушілік жасап жүрдім. Бизнес бойынша Семеймен байланыс орнатқанымда, мұнда да осындай орталық бар екенін білдім. Әріптестеріммен келісіп, шығындарды өтеп тұрамыз деп шештік. Солардың бірі — «Semeycement» ЖШС директоры Чингиз Кусегенов. Бұл үй — Чингиз Кусегеновтің өз үйі. Меценаттар тарапынан көп жұмыс атқарылуда. Біз Алматыда бас қосып, қорытындыларды сараптаймыз. Балалар үйінде тастанды нәрестелер саны азайғаны байқалды. Мақсатымыз – балалар үйіне сәбилердің түсуін болдырмау. Әрбір ана мен баланың өмірі қымбат. «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасы арқылы да  талай іс тындырылды. Жалпы, мұндай жобаларға деген қажеттілік болмауы тиіс. Осы бағытта жұмыс істей береміз,- деді Ермек Ашкенов.

Шара барысында «Semeycement» ЖШС директоры Шыңғыс Күсегенов салынып жатқан үйлерден екі пәтердің кілтін Ана үйіне табыстайтынын айтты.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынғазина, Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева және басқа да шараға қатысушылар сөз сөйлеп,  қоғамдық қордың жұмысына жоғары баға берді, үйлестірушісі  Айнагүл Нұртазинаға алғыстарын білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.

Орталықтың он жылдық мерейтойын ұйымдастыруға атсалысып, осы уақытқа дейін қолдау білдіріп, көмек көрсеткен барша ұйым басшыларына, мемлекеттік және құқықтық органдар өкілдеріне «Ана үйі» қоғамдық қорының аймақтық директоры Айнагүл Ғалымбекқызы ұйым атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде экономиканы қолдау және ірі инфрақұрылымдық...

Толығырақ...Details

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

27.04.2026
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын...

Толығырақ...Details

Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

27.04.2026
Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Алакөл жағалауында туристердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

27.04.2026
Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының...

Толығырақ...Details

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

27.04.2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті. Іс-шараға ҚР...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27 минут бұрын

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

29 минут бұрын

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

31 минута бұрын

Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

6 часов бұрын

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

6 часов бұрын

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

6 часов бұрын

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

1 день бұрын

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

1 день бұрын

Аида Балаева: Креативті индустриялар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бағытына айналып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы телекөпірге 5 мыңнан астам тұрғын қатысты

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС