"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ

01.06.2023
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, қала тұрғындары «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткіші алдына жиналып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатов пен қоғам белсенділері қатысты.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

— Барша адамзат үшін дамудың, азаттықтың дәуірі болған ХХ ғасырды Қазақ елі бодандықтың бұғауында қарсы алғаны ақиқат. Осы бір аласапыран заманда бүтіндей бір ұлттың сенгені тек оқыған азаматтар болатын. Ұлттың ұлы тұлғалары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар сын сағатта қазақтың ары мен намысын өз жанынан биік қойды. Азаттықты аңсады… Алайда «қызыл террордың» кесірінен олар жүз мыңнан астам жазықсыз жазаға ілінгендердің «көшін» бастап, «халық жауларын» анықтау саясатының құрбаны болды, «қауіпті элемент» деп танылып, ату жазасына кесілді. «Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей де өз биігіне шықты. Абай облысы құрылды. Тарихи әділдік қалпына келді, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы саясатының арқасында мүмкін болып отырғанын ерекше атап өту орынды. Заманалар ауысып, қара жер қойнына жасырғанымен, азаттық жолында құрбан болғандар ешқашан ұмытылмайды! — деді Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков.
Дәл осы күні абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым, репрессия құрбаны Қайым Мұхамедхановтың ескерткішіне де гүл шоқтары қойылды..
Аталған шараға Абай облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев, Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы О.Соғымбай, Абай музейінің директоры Т.Шаңбай, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ.Сабырбаев, Шәкәрім университетінің ұжымы, белгілі ғалымдар, зерттеушілер мен тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
— Халқымыздың басынан талай нәубет пен зұлмат өтті. Көп қуғын көрген қазақ білімділерінің бірі – алаш арыстарының соңғы тұяғы Қайым Мұхамедханов. Алаштықтардың бәрі қуғын-сүргін көрген. Ұстазымыз Қайым Мұхамедханұлы алаш алыптары ақталмай тұрған кездің өзінде бізді олардың еңбектерімен сусындатты,- деді Тұрдықұл Шаңбай.
Тағылымды шарада Шәкәрім университеті филология факультетінің деканы А.Қадыров та сөз алып, оқу ордасы қабырғасында ғалымның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында заманауи дәрісханалар ашылып жатқанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

19 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС