"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Саясат НҰРБЕК: ӘЛЕМДЕ ҮЛКЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛУДА

29.08.2023
Саясат НҰРБЕК: ӘЛЕМДЕ ҮЛКЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛУДА
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісінде Семей қаласына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іссапармен келді. Министр алдымен «Семей медицина университеті» КеАҚ-та болып, оқу орнын 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған соң Alikhan Bokeikhan университетінде Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысын өткізді. Отырысқа ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов және 50-ден астам университет ректоры қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Семейде 1973 жылы негізі қаланған медицина университеті — бүгінде еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Университет бүгінде бакалавриаттың 7, резидентураның 39, магистратураның 7, докторантураның 2, қосымша білім берудің 103 бағдарламасы бойынша білім беруде. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы наурыздағы бұйрығымен «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында жуырда 600 орынға арналған жаңа университет ауруханасының құрылысы да басталады.
Жиналғандарды алдымен университет ректоры Алтай Дюсупов құттықтады.
— Бүгін біз үшін ерекше күн – университетіміздің 70 жылдығын атап өтудеміз. Осы мерейлі күнмен барлықтарыңызды құттықтаймын! Семей медицина университеті – еліміздегі ең үздік медициналық университеттердің бірі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы үшін үздік дәрігерлерді дайындайтын жоғары оқу орны. 70 жылдың ішінде университетіміздің қабырғасынан 30 мыңнан астам түлек түлеп ұшты. Олар тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде де абыроймен еңбек етуде. Университетіміздің түлектері арасынан ҚР Денсаулық сақтау министрі, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, сенаторлар, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және әр түрлі мамандықтар бойынша жоғары санатты дәрігерлер шыққанын мақтанышпен айта аламыз. Олар денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып, университетіміздің есімін елімізге танытты. Қазіргі уақытта оқу орны қарқынды дамып келеді. Студенттер контингенті ұлғаюда. Соңғы жылы бакалавриатта контингенттің өсуі 37,6 пайызды, резидентурада 13 пайызды құрады. Білім беру бағдарламалары Академиялық адалдық лигасының талаптарына сәйкес жетілдірілуде. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап профессорлық-оқытушылар құрамының жалақысын 30 пайызға арттырып жатырмыз,- деді университет ректоры.
Соңғы екі жылда университеттің ғылыми мектептері ғылыми зерттеулерге 10 грант ұтып алып, 2021 жылмен салыстырғанда ғылымнан түскен табыстың өсімі 85 пайызды, ғылымға салынған инвестицияның жалпы көлемі 641,5 млн теңгені құраған. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 22 адам докторлық диссертациясын сәтті қорғапты.
— Клиникалық тәжірибеде әр түрлі бағыттар бойынша 15 жетілдіру жобасы жүзеге асырылуда. Университеттік аурухана жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуде көшбасшы болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 600 орындық жаңа университеттік емхана салу жоспарлануда. Білім ордасының IT-Learning менеджмент жүйесі жетілдіріліп жатыр, ISM EDU үнділік компаниясымен бірлесе отырып, университеттің барлық процестерін цифрландыру және бір жүйеге орталықтандыру жоспарлануда. Халықаралық ынтымақтастық аясында Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуропаның және Түркияның жетекші университеттерімен стратегиялық серіктестіктер жүзеге асырылуда,- деді ректор.
Ғылым және жоғары білім министрі университеттің ғылым саласындағы жоғары жетістігін атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллектіні дамытудың маңыздығына айрықша тоқталды.
— Қазір әлемде үлкен технологиялық өзгерістер орын алуда. Біз үлкен революцияның алдында тұрмыз. ХХІ ғасырдың революциясы алдағы 10-15 жылда болмақ. Өткен жылдың қазан айында бірнеше маңызды оқиғалар әлем жұртын елең еткізді. Тұңғыш рет доңыздың өзегі арқылы адамның генетикалық кодынан шығарылған жүрек трансплантациясы жасалды. Бұл медицина тарихындағы үлкен жаңалықтардың бірі болды. Екінші революция ауылшаруашылық саласында орын алды. Мен жыл басында Ұлыбританияда болғанымда, маған жасанды еттен жасалған стейк ұсынды. Иісі онша емес болғанымен, дәмі кәдімгі еттікімен бірдей және өте жұмсақ. Үшінші революция фармацевтика саласында. Бұған дейін фармацевтика саласында үлкен алпауыт компаниялар басымдылыққа ие болса, пандемиядан кейін жағдай өзгерді — дәрі-дәрмекті сынақ уақыты қысқарды. Бұл салада да стартап жобалар дамып келеді,- деген министр қазір елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі 3,5 есеге ұлғайғанын, келесі үш жылда бұл бағытта 650 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Биылдың өзінде 150 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылыпты.
— Семей медицина университеті — ғылыми әлеуеті қалыптасқан, өзін дәлелдеген оқу орны. Мемлекетіміз соңғы жылдары ғылымды қаржыландыруға көңіл бөле бастады. Сондықтан жас ғалымдарды, ғылыми орталықтарды қолдауды жалғастыратын боламыз. Биылдан бастап жасанды интеллект бойынша ең мықты оффлайн курстардың платформасын әзірледік. Барлық университеттер студентеріне курс ретінде енгізетін боламыз,- деді Саясат Нұрбек.
Осыдан соң Ғылым және жоғары білім министрі «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медальдарымен Мақаш Алиякпаров, Райс Тулебаев, Жақсыбай Жұмаділовті, «Үздік жас ғалым» медальдарымен Аян Мысаев, Ұлжан Джамединова, Әсия Құсайынова, Нұрсұлтан Сексенбаевты марапаттады. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов университеттің профессоры Талғат Хайбуллин мен кардиология бөлімінің меңгерушісі Анис Бекишоваға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырып, оқу орнының бірқатар қызметкеріне алғыс хаттар табыстады.
Осыдан соң министр Әлихан Бөкейхан университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы жалпы жиналысының төртінші отырысын өткізді. Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және 50-ден астам жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Іс-шара барысында Орал қаласында өткен жиналыста айтылған ұсыныстардың жүзеге асу барысы, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жетілдіру, заман талабына сай адами капиталды дамыту және университеттердің үшінші миссиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
— Орал қаласында өткен Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысында, біріншіден, мемлекеттік тапсырыстың жеке меншік оқу орындарында да қолжетімділігін ұлғайту туралы ұсыныс айтылған болатын. Нәтижесінде 43 жеке меншік университет мемлекеттік тапсырысқа ие болды. Алдын ала тиянақты дайындалсаңыздар, мемлекеттік тапсырыс алуға әбден болады. Екінші ұсыныс — гранттары бөлгенде аймақтың, өңірдің дамуына үлес қосқан оқу орындары ескерілсе. Біз биыл пилоттық жоба ретінде үш жеке меншік университетке техникалық, ауыл шаруашылық бағытында квота бөлдік. Оқу орны басшылығы жергілікті әкімдіктермен бірге шалғай ауылдарға керек мамандықтар бойынша адам жинап, оқытып, қайта сол өңірге жібереді. Келесі жылдан бастап бұл жоба жүзеге асып, 12-13 жоғары оқу орнына арнайы квота бөлінеді. Жалпы, 42 университетке квота бөлу жоспарланған,- деген министр өзге ұсыныстардың да жүзеге асу барысын талдап шықты.
Жалпы жиналыс барысында жоғары оқу орындарының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны, халықаралық әріптестік тәжірибелері мен білім беру бағдарламаларын дамытудағы стратегиялық міндеттер туралы баяндамалар оқылып, ректорлар пікір алмасты.
Отырыс соңында қауымдастықтың жалпы жиналысы еліміздегі академиялық білім беру жүйесін дамыту, халықаралық байланыстарды жетілдіру және өңірлерді сапалы кадрлармен қамтудың өзекті мәселелері туралы қарар қабылдайды.
Жалпы жиналыс жұмысымен қатар, қатысушыларға «Abai IT-Valley» технолгиялық кластерінің жобалары таныстырылып, Әлихан Бөкейхан университетінің Студенттер үйі мен Әскери кафедрасына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС