"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ашық аспан астындағы этноауыл

15.11.2023
Ашық аспан астындағы этноауыл
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай обылысының әкімі Н.Ұранхаевтың бастамасымен Семейдегі Бейбітшілік аралында «Ашық аспан астындағы этноауыл мұражайы» жобасы қолға алынды.

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
«Semei tany»

«Аспан астындағы этноауыл мұражайы» мәдени-этнографиялық жобасының мақсаты — еліміздегі байырғы халықтардың мәдениетімен таныстыру, қаламызда тұрып жатқан өзге ұлттардың мәдениетінің ерекшеліктерін, ана тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін дәріптеу, тұрмыс-тіршілігінен толыққанды мағлұмат беруі.
Болашақта мұражайда этникалық қауымдастықтардың өмірі мен мәдениетін көрсететін көрмелер мен этнографиялық жәдігерлер орналасатын болады. Бейбітшілік аралының ландшафттық дизайны этноауылдың көркін ашады.
Ашық аспан астындағы дала мұражайының Семей қаласының мәдени-танымдық «інжу-маржанына», оның визиттік картасына айналуына толық мүмкіндігі бар. Мұражайда экскурсиялар, шеберлік сабақтары, интерактивті бағдарламалар, фольклорлық фестивальдар, тарих сабақтары өтетін болады.
Жоба бойынша қазақтың киіз үйі, орыс, татар, неміс, ұйғыр, кәріс және белорустардың ұлттық нақыштағы көне ғимараттарының үлгісінде үй-жайлар орналастыру жоспарланған.
«Этонауыл мұражайы» — сондай-ақ әр түрлі этностардың салт-дәстүрін сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізетін, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жоба.
— Этноауыл тұжырымдамасы ұлттық әдет-ғұрыптар мен халық қолөнерін жаңғырту, өзге ұлттардың барлық ерекшеліктерін бір жерге біріктіру мақсатында жасалды. «Аспан астындағы этноауыл мұражайы» жобасы Семей қаласының мәдени дамуына да ықпал етеді,- дейді жоба авторы, қалалық мәслихаттың депутаты, архитектор Асхат Бәкіров.
Осы жылы шаһар басшысы Н.Нұрсағатовтың қолдауымен қаланы көркейту бағдарламасы аясында негізгі құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Болашақта этноауыл қаламыздағы түрлі ұлттар өкілдерінің басын біріктіруге, ұлтаралық достықты нығайтуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылатын, тұрғындар бос уақытын өткізіп, серуендейтін тамаша демалыс орны болары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС