"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатыр ма?

25.12.2023
Бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатыр ма?
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Абай облысы мәслихаты жанындағы «AMANAT» фракциясының отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен фракция мүшелері қатысты. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға дейінгі өңірлік сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының көрсеткіштері талқыланды.

Жол картасы 157 іс-шараны қамтиды, оның 80-і аяқталды және 19-ы жүзеге асырылу үстінде. Жол картасында экономикалық белсенділікті арттыру шараларына басымдық берілген.
Биыл ауылдағы шаруалар үшін лизингке 446 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 425 шағын несие беріліп, ауыл тұрғындарына жер телімдері бөлінді. «Жер Аманаты» жобасы шеңберінде 403,0 мың гектарды құрайтын 353 учаске анықталды. Мемлекет меншігіне 253,6 мың гектар болатын 339 учаске қайтарылды.
«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағытында жұмыс жалғасып жатыр. Жыл басынан субсидияланатын жұмыс орындарына 6350 адам жұмысқа орналасты, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 314 жұмыссыз жіберілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 204 мемлекеттік грант берілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 22 мемлекеттік грант берілді. Жыл басынан бері 25,3 мың жұмыс орны құрылды, оның 18 мыңы тұрақты», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Мектептерде оқушы орны тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салу жоспарланған, оның 5-і биыл салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен аймақта 2025 жылға дейін облыста 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады, оның ішінде Семей қаласында 5 медициналық нысан салу көзделген.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы ауданы 480 мың шаршы метр болатын (3811 пәтер) 68 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында 102,7 пайыз өсіммен 349,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2 443 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.
Бұл бағытта жұмыс белсенді түрде жалғасып жатқанын атап өткен жөн. Жиын барысында облыс әкімі жобаларды тиімді жүзеге асыруға дайын екенін айтып, өңірді дамытуда барлық депутаттардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталды.

Абай облысы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

15 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

16 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

16 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

16 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

17 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

17 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

2 дня бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

2 дня бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС